Просмотров: 382
13–20 сәуір аралығында «Сары Арқа» спорт кешені нағыз футбол тартысының алаңына айналды — мұнда бірінші курс студенттері арасында университет кубогы өтті. Турнирді дене тәрбиесі кафедрасы С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Түлектер клубының қолдауымен ұйымдастырды.
Алғашқы матчтардан-ақ ешкімге оңай болмайтыны белгілі болды. Жүлде үшін ЖРБСжД, ВжМШТ, «Эконом», «Агро», «Тех», «Энерго» командалары және Түрікменстаннан келген студенттер құрамасы бақ сынасты. Әр ойын тартысқа толы болып, жанкүйерлерге ерекше эмоция сыйлады — бірінші курс студенттері университет кубогы емес, кем дегенде ел кубогы сарапқа салынғандай жанын салып ойнады.
Топтық кезең турнирдің жоғары қарқынын айқындады: күтпеген нәтижелер, шиеленісті кездесулер және әр ұпай үшін күрес соңғы турға дейін көрермендерді толқытып отырды.
Жартылай финалда тартыс шегіне жетті. Алғашқы ойында ЖРБСжД «Энергоны» 4:2 есебімен сенімді түрде жеңіп, сәттерді шебер пайдаланып, шешуші сәттерде салқынқандылық танытты. Екінші жартылай финалда «Тех» пен ВжМШТ нағыз триллер көрсетті: шабуылдар бірін-бірі алмастырып, екі қақпа маңында да қауіпті сәттер жиі туындады. Ойынның соңында «технарлар» таразы басын өз пайдасына аударып, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Үшінші орын үшін матч тартыс жағынан сәл бәсең болғанымен, әсерлі өтті: жартылай финалдағы жеңіліске ашуланған «Энерго» ВжМШТ қорғанысын тас-талқан етіп, 11:3 есебімен ірі жеңіске жетті.
Финал турнирдің шарықтау шегі болды — қатаң, принципті әрі өте шиеленісті. ЖРБСжД пен «Тех» сақ ойнап, қорғанысқа басымдық берді. Алаңда нағыз мінездер шайқасы өтті: қатаң жекпе-жектер, жанкештілікпен жасалған тосқауылдар, әрбір метр үшін күрес. Матч нөлдік тең нәтижемен аяқталатындай көрінгенімен, футбол тосын сыйларға толы. Кездесу соңында ЖРБСжД ойыншылары ауттан допты ерекше тәсілмен ойынға қосып, шешуші гол соқты. Бұл гол «алтын» голға айналды. 1:0 есебіндегі жеңіс командаға лайықты кубок сыйлады.
Қорытынды орындар:
1-орын — ЖРБСжД
2-орын — «Тех»
3-орын — «Энерго»
4-орын — ВжМШТ
5-орын — «Эконом»
6-орын — шетелдік студенттер құрамасы
7-орын — «Агро»
Жекелеген жетістіктер де назардан тыс қалған жоқ. Турнирдің символикалық құрамасы:
• «Үздік қақпашы» — Қалдыбаев Өркен (ЖРБСжД)
• «Үздік қорғаушы» — Сапарғали Шапағат («Энерго»)
• «Үздік шабуылшы» — Жеңіс Әлмир («Энерго»)
• «Үздік ойыншы» — Бейсенов Алдияр (ЖРБСжД)
Ынталандырушы номинациялар да өз иелерін тапты:
• «Ең техниқалы ойыншы» — Махан Мирас (ВжМШТ)
• «Ең пайдалы ойыншы» — Серікбаев Расул («Эконом»)
Турнир салтанатты марапаттау рәсімімен аяқталды: барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды, ал жеңімпаздар лайықты қошемет пен басты жүлдені иеленді.
Дене тәрбиесі кафедрасы турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсеткені үшін С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Түлектер клубының төрағасы Александр Викторович Майерге алғыс білдіреді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.