Басты бет / Хабарландыру / «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Анонсы
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу Анонсы

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ (бұдан әрі - қоғам) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы (бұдан әрі-СЖТІТ) жариялайды.

Қоғамның Басқарма Төрағасы – Ректорының 2025 жылғы 13 маусымдағы №1.8.1-3/315-н «сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес және 2025 жылға арналған «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» төртінші үлгілік базалық бағытының жобалар тобын орындау шеңберінде ағымдағы жылдың 13 маусымынан 30 маусымына дейін қоғамда СЖТІТ өткізілетін болады.

СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

1.       ішкі нормативтік құжатта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау – «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ құжаттандыру және құжаттарды басқару қағидалары; 

2.       қоғамның ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

ВАКР басталуы-а. ж. 13 маусым

17.06.2025