Басты бет / Хабарландыру / «ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2025» КОНКУРСЫ
«ЖОО ҮЗДІК ОҚЫТУШЫСЫ – 2025» КОНКУРСЫ

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсын өткізеді. Конкурстың бірінші (ЖОО ішіндегі) кезеңі 2025 жылғы 3 қарашадан бастап жұмысын бастады және 2025 жылғы 14 қарашаға дейін жалғасады. Байқаудың екінші кезеңі 2025 жылдың 1 желтоқсанында басталып, 2025 жылдың 12 желтоқсанына дейін жалғасады.

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру ережесі https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010506

Конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары арасынан үміткерлер Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесі арқылы (universitycontest2025.iac.kz) келесі құжаттарды тапсырады:

1) осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу туралы өтініш;

2) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес сапалық және сандық көрсеткіштер бойынша деректер (нақты мерзімі бар тармақтарды қоспағанда, соңғы 5 жылдағы деректер (2025, 2024, 2023, 2022, 2021жж.);

3) осы Қағиданың 3-қосымшасына сәйкес жылдық жұмыс кестесі;

4) кадрлық есепке алу парағы;

5) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірайі.

Конкурстың бірінші кезеңіне апелляцияны қабылдау 2025 жылғы 13 қарашаға дейін сағат 13.00-ге дейін өтеді.

 

Университет ішіндегі комиссияның нәтижелері

Апелляциялық өтініштерді қарау нәтижелері бойынша университеттің ішкі комиссиясының қорытындылары

Ғылыми кеңес отырысының хаттамасы 
(Ғылыми кеңестің шешімі бойынша ақпарат 17.11.2025 ж. сайтта толықтырылды)

12.11.2025