Басты бет / Хабарландыру / Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы ынтымақтастық
Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру саласындағы ынтымақтастық

Жастар мен студенттердің қаржылық сауаттылығын арттыру аясында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастықтың мақсаты - қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын, дәрістерді, вебинарларды өткізу, консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ ғылыми және білім беру жобаларын бірлесіп жүзеге асыру.
Студенттердің жеке қаржыны, инвестицияны, несиені басқару және қаржылық қауіпсіздік бойынша практикалық дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударылады.
Fingramota.kz жобасы аясында Агенттік ел университеттерімен өзара іс-қимылды нығайтуды жалғастыра отырып, студенттер мен жастар үшін жаңа мүмкіндіктер жасауды көздейді.