2025 жылдың 17 маусымында университет «6В05103 – Биология» мамандығы бойынша бакалавриатты II рет шығарып салды.
Салтанатты шарада ізгі тілектер мен құттықтау сөздерін С. Сейфуллин атындағы ҚАТИУ ректоры Тиреуов К.М., Агрономиялық факультет деканы Аринов Б.К., сондай-ақ «Биология, қорғау және карантин өсімдіктері» кафедрасы атынан биология ғылымдарының докторы Жумадина Ш.М. айтты.
«Биология» мамандығын бітірушілер атынан университет басшылығына және профессорлық-оқытушылық құрамға шынайы алғысын Қалдыбекова Д. білдірді.
Біз барлық түлектерді өмірлеріндегі осы айтулы оқиғамен құттықтаймыз! Мықты денсаулық, жарқын перспективалар, жаңа белестерді бағындыру жолындағы батылдық және әрбір бастамаларындағы табыс тілейміз!
Шара соңында жұмыс берушілер өкілі де болашақ биолог-мамандарға тілектер айтып, қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі, табиғатты пайдаланудағы және өмір сүру сапасын арттырудағы түлектердің рөлі зор екенін атап өтті.
Біз сіздердің нағыз маман атанып шығатындарыңызды сеніммен айтамыз!
Оқуын жалғастырғы келетіндердің магистратурада білім алу үшін есіктері әрқашан ашық!
«Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы
.png)
.png)
.png)
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.