Басты бет / Хабарландыру / ХVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА
ХVIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2026 жылғы 29–30 сәуір күндері «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ өтетін XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңіне келесі білім беру бағдарламалары бойынша қатысуға шақырамыз: 

Олимпиада келесі білім беру бағдарламалары бойынша ұйымдастырылады:

  • БББТ В076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша)

          (Стандарттау, сертификаттау және метрология);

  • БББТ В077 Өсімдік шаруашылығы

           (Топырақтану және агрохимия);

  • БББТ В080 Балық шаруашылығы

           (Аквакультура және су биоресурстары);

  • БББТ В183 Агроинженерия

           (Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету және автоматтандыру).

          Пәндік олимпиадаға ЖОО-дан 3-ке дейін студент (3 және 4 курс) қатыса алады әрбір білім беру бағдарламасы бойынша. Студенттердің өздерімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс.

          Олимпиада 2-кезеңнен өткізіледі:

  1. Теориялық кезең (тестілеу);
  2. Теориялық және практикалық (ситуациялық, зертханалық) тапсырмаларды шешу;

          Білім беру бағдарламалары бойынша олимпиадаға шығарылатын пәндер тізбесі 1-қосымшада және сайтта https://kazatu.edu.kz/ru көрсетілген:

          Ескерту: Олимпиада тек жеке форматта өтеді! Командалық қатысу қарастырылмайды және бағаланбайды!      

         Олимпиаданың жұмыс тілі: қазақ және орыс тілі.

2026 ж. 29 сәуір – Республикалық пәндік олимпиаданың ашылуы, 1, 2 турдың өткізілуі.

2026 ж. 30 сәуір– Жеңімпаздарды марапаттау. Олимпиаданың жабылуы.

         Бірінші (жоғары оқу орны ішіндегі) кезеңінің нәтижелері бойынша қатысушыларға ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына 2026 жылғы 17 сәуірге дейін келесі құжаттарды жіберу қажет:

      - олимпиаданың І кезеңінің қорытындысы туралы ректордың (проректордың) қолы қойылған сканерленген хат немесе ІІ кезеңге қатысу үшін ұсыным хаттамасымен ресімделетін жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесінің шешімі;

     - қатысушының өтінімі;

     - атысушының сканерленген жеке куәлігі/төлқұжат.

 

Комитетінің мекен-жайы:       

010000, Астана қ., Женис пр. 62, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті , 1224 каб.

Байланыс телефондары:

БББТ (БББ) Атауы

Телефон, пошта

Жауапты Т.А.Ә.

1

БББТ В076 Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) (Стандарттау, сертификаттау және метрология)

+77078544961,

 s.aldabergenova@kazatu.edu.kz

Алдабергенова
Сауле
Салимжановна

2

БББТ В077 Өсімдік шаруашылығы  (Топырақтану және агрохимия)

+77017782178

a.baitelenova@kazatu.edu.kz

Байтеленова
Алия
Аскеровна

3

БББТ В080 Балық шаруашылығы (Аквакультура және су биоресурстары)

+77756401667

a.assylbekova@kazatu.edu.kz

Асылбекова
Айнур
Серикбаевна

4

БББТ В183 Агроинженерия (Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету және автоматтандыру)

+77024401987

k.ibraev@kazatu.edu.kz

Ибраев
Кудайберген
Айтжанович

 

Ақпараттық хат

Олимпиада материалдары