Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №103 бұйрығына 1-қосымшаның 13-тармағына сәйкес қоғамдық талқылау өткізу мақсатында осы сұрау салу жолданып отыр.
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-мен «А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС бірлесіп, мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі аясында «QazAgroOrganic» өңірлік технологиялық паркі» ЖШС құру бастамасын қарастыруды ұсынады.
«QazAgroOrganic» өңірлік технологиялық паркі» ЖШС-ның негізгі қызмет бағыттары:
1) коммерциялық қызмет пен басқару мәселелері бойынша кеңес беру;
2) инженерлік-техникалық кеңес беру қызметін көрсету;
3) өзге де қосалқы коммерциялық қызмет түрлерін жүзеге асыру.
Қоғамдық талқылау мерзімі: 2025 жылғы 2 қыркүйектен 1 қазанға дейін.
Мүдделі тараптар (мемлекеттік органдар, бизнес-қауымдастық өкілдері, ғылыми ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер) жобаны іске асыруға қатысты ұсыныстарын, ескертулері мен ұсынымдарын жолдауға шақырылады.
Ұсыныстар келесі әдістермен қабылданады:
- электрондық пошта арқылы: office@kazatu.edu.kz;
- жазбаша түрде: 010011, Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62.
Талқылау қорытындысы бойынша Қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы жасалып, жобаның бастамашыларының ресми сайтында жарияланады.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.