2025 жылдың 18 сәуірі күні Университетіміздің «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары гуманитарлық факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. А.Ж. Габдулина және экономикалық факультетінің аға оқытушысы Б.Б. Бермұхамбетованың ұйымдастыруымен Иллинойс Урбана-Шампейн университеті, Гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары колледжіне қарасты Ресей, Шығыс Еуропа және Еуразия зерттеулері орталығының директоры (Чампейн, Иллинойс, АҚШ) профессор Джон Рэндольфпен «XVII–XIX ғасырлардағы Ресейдегі көлік коммуникациялары мен міндеттемелердің даму тарихы» тақырыбында онлайн ғылыми семинар өткізілді.
Джон Рэндолфтің ғылыми семинары — халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтудың, мәдениетаралық диалогты дамытудың және жаһандық ғылыми қауымдастықпен тәжірибе алмасудың жарқын үлгісі болды. Семинардың өзекті тақырыбы – "XVII–XIX ғасырлардағы Ресейдегі көлік коммуникациялары мен міндеттемелердің даму тарихы" – тек Ресей империясының әлеуметтік-экономикалық трансформацияларын түсінуде ғана емес, сонымен қатар Еуразиялық кеңістіктегі көлік инфрақұрылымы мен басқару жүйелерінің тарихи эволюциясын саралауда да маңызды рөл атқарады. Бұл тақырып Қазақстан үшін де өзекті, себебі көлік желілерінің дамуы мен мемлекеттік міндеттемелердің тарихы — отарлық әкімшілік тәжірибелерді, логистикалық саясатты және аймақаралық қатынастарды кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Семинар аясында қатысушылар тарих ғылымының методологиялық мәселелері, тарихи көзқарастың заманауи тәсілдері, сондай-ақ тарихи зерттеулердің цифрлық технологиялармен байланысы туралы тың деректер мен талдаулар алды. Сонымен қатар, бұл шара қазақстандық зерттеушілер мен студенттерге шетелдік жетекші ғалыммен тікелей пікір алмасуға, кәсіби байланыс орнатуға үлкен мүмкіндік ұсынды.Іс-шараны «Болашақ» бағдарламасының стипендианттары ұйымдастыруы оның отандық ғылым мен жоғары білім сапасын көтеруге қосқан үлесінің нақты дәлелі болып табылады. Мұндай ғылыми кездесулер — жас ғалымдарды халықаралық зерттеу алаңына тартудың, ғылымдағы интеграцияны нығайтудың және академиялық серіктестікті тереңдетудің тиімді тетігі.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.