Главная / Новости / Ақ жол саған, «Фараб»!!!
Ақ жол саған, «Фараб»!!!

Просмотров: 646

Еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі, Астана қаласындағы
С. Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті өзінің сапалы білім беруімен ғана емес, жұртшылыққа жалынды да Еліміздегі беделді жоғары оқу орындарының бірі, Астана қаласындағы
С. Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті өзінің сапалы білім беруімен ғана емес, жұртшылыққа жалынды да, талантты, өнерпаз жастарының өнерімен таныс. Айтар болсақ, республикамызға белгілі «Аграрка сарбаздары» КВН командасы, көптеген Республикалық байқаулардың жеңімпазы «Рауан» халық биі ансамблі қаламызда өтетін көптеген мерекелік шараларда ат салысып келеді.

Жуырда аталмыш университетте және бір ұжымның тұсау кесер кеші болып өтті. Қазіргі заманға сай эстрадалық бағытта жұмыс істейтін, бұл ұжымның аты «Фараб» эстрадалық студиясы деп аталады. Студияны жетекшілік ететін көптеген ән байқаулардың жеңімпазы Мейіржан Алиакбаров, дарынды жастарды қарамағына алып, дәріс беруде.

Халық әндері, ретро әндері, қазіргі заман композиторларының, шет ел әндерін орындайтын әншілер қаламызға да танылып үлгерді. Мысалы, «Тұран» дуеті «Ел болашағы» атты патриоттық әндер байқауында бас жүлдені жеңіп алса, Меруерт Тоқбергенова «Жұлдыздар институты» фестивалінде жүлделі орынға ие болды. Қазақ ұлттық музыка академиясы ұйымдастырған «Феличита» ән байқауында Азамат Берсембаев жүлделі екінші орынға ие болды.

Тұңғыш университет тарихында алғаш рет республикалық «Жас қанат-2007» байқауына Меруерт Тоқбергенова жолдама алды.

"Фараб" атты қасиетті есімді ежелгі мәдениет орталығы болған, шығыстың Аристотелі атанған Әбу-Насыр Әл-фарабидің, қазақ валісінің королі Шәмші Қалдаяқовтың кіндік қаны тамған, Отырар қаласының көне аты Фараб қаласының құрметіне арнайы қойылды.

Студияның құрамында университет студенттері Есілбаева Камила, Әлшорина Жұлдыз, Досжан Ролан, Жолдасова Анар, Кәрімжанова Гүлнәз, Сатыбалдина Жанар, Ләззат Төкешова өнер көрсетеді, және студияның құрамы толыға түсуде.

Алдағы уақытта "Фараб" эстрадалық студиясы тыңдармандар қауымына тартымды әсем әндер сыйлайтынына сенім білдіріп, республикамызда өтетін үлкен байқауларға қатысуға дайындық үстінде.