Басты бет / Жаңалықтар / Адал еңбек – ойынқұмарлықтың алдын алады
Адал еңбек – ойынқұмарлықтың алдын алады

Просмотров: 819

Бүгін С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ экономика факультеті мен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің ұйымдастыруымен Сейфуллин университетінің студенттеріне қазіргі қоғамдағы проблемалардың бірі - “Лудомания” мен “Қаржылық пирамида” бойынша тыңғылықты дәріс оқылды.

Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің 2-ші тергеу басқармасы бастығының орынбасары, экономикалық тергеу қызметінің капитаны Ж.Ә.Белесов пен Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру бақылау басқармасының жедел уәкілі (анықтаушы), майор Д.К.Оразбекова дәрістің маңыздылығын атап өтіп, студенттерге аталмыш мәселе бойынша сақ болуды ескертті.

Шара соңында С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі - студенттік істер жөніндегі проректор, филология ғылымдарының докторы Ж.А.Құсайынова лудомания мен қаржылық пирамиданың әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкеліп соқтыратын патологиялық ойынқұмарлық екендігін атап өте отырып, мұндай құмарлық тек адамдарды материалдық шығындарға ғана ұшыратып қоймай, рухани тұрғыда да азғындататынын айтып, осы кеселдің алдын алу үшін келген қонақтарға университет  басшылығы атынан ризашылығын білдірді.