Өтініштерді беру
Жол жүру өтемақысын төлеу үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 677 бұйрығының 6-1 тармағы негізінде қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында білім беру тапсырысы негізінде білім алушылар үшін өтемақы төлеу арқылы жеңілдікпен жол жүруді қамтамасыз ету қағидалары «Жол жүру үшін өтемақы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының академиялық күнтізбесіне сәйкес қысқы және жазғы каникул кезеңінде қалааралық теміржол және автомобиль көлігінде (таксиден басқа) (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500012894) жол жүргенін растайтын құжаттар (электрондық билеттер, билеттің көшірмелері) болған кезде төленеді».

Қадамдық әрекеттер:

 Білім беру грантында оқитын білім алушы  жол жүру өтемақысын алу үшін:

өтініш жазу және келесі құжаттарды қоса жіберу:

- электронды билет / билеттің көшірмесі (тек теміржол және автобус көлігі);

- отырғызу талоны.

- өтініштің және растайтын құжаттардың электрондық нұсқасың білім алушының АИС Платонустағы жеке кабинеті арқылы  жіберілсін.

3) өтініш пен құжаттар жазғы  каникулдан кейін 25 қыркүйекке дейін; қысқы каникулдан кейін 25 қаңтарға дейін ұсынылсын. Көрсетілген күннен кейін өтініштер қабылданбайды.

4) Жол жүруге өтемақы беру туралы бұйрық шыққаннан кейін факультет деканы топ кураторларының немесе эдвайзерлердің көмегімен білім алушыға ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электрондық мекенжайына қызмет нәтижелері туралы хабардар етеді.

 

Білім алушы берілген құжаттар үшін жауапты болады!

«Жол жүру өтемақысы» модулі бойынша білім алушыларға арналған нұсқаулық

Академиялық демалысты рәсімдеуге өтініш беру

Жалпы талаптар:

Академиялық демалыс білім алушыларға келесі негізде беріледі:

- ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейінгі науқастығы бойынша амбулаторлы-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультативтік комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындылары;

- әскери қызметке алу туралы шақыру қағаздары;

- бала туу, ұл бала немесе қыз бала асырап алған жағдайда, олар үш жасқа толғанға дейін.

Неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген.

Сілтеме бойынша https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika

Білім алушы академиялық демалысты ресімдеу үшін өтініш береді және келесі құжаттардың бірін ұсынады:

  • дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы. ДКК анықтамасына университеттің студенттік емханасы қол қоюы тиіс. Студенттік емхананың визасынсыз өтініш қабылданбайды.
  • әскери қызметке шақыру кезеңінде ҚР ҚК қатарына алу туралы шақыру қағазы;
  • баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі

Академиялық демалысты ресімдеу:

1. Білім алушы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, 1103 кабинетінде орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді. 

2. Ұсынылған құжаттар негізінде оң шешім қабылданған жағдайда үш жұмыс күні ішінде білім алушыға оның басталу және аяқталу мерзімдерін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрық шығарылады.

3. Академиялық демалысқа кету туралы бұйрық шыққаннан кейін БАҚКО қызметкерлері білім алушыны ұялы байланыс арқылы немесе білім алушының электронды поштасына қызмет көрсету нәтижелері туралы хабардар  етеді.

Академиялық демалыстан шығуға өтініш беру

Жалпы талаптар:

Бұйрықта көрсетілген академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін білім алушы өтініш беруге және академиялық демалыстан шығуды ресімдеуге міндетті. Академиялық демалыстан шығу мерзімі аяқталған сәттен бастап, өтініш берілмеген және оны беру бір ай ішінде ресімделмеген жағдайда білім алушы белгіленген мерзімде сабаққа кірмеген ретінде ЖОО білім алушыларының құрамынан шығарылуы мүмкін.

Академиялық демалыстан оралған кезде білім алушы осы демалысты ресімдеген тиісті курстан (және академиялық кезеңнен) оқуын жалғастырады.

Пәндер бойынша айырмашылықты академиялық демалыстан оралған білім алушы тегін тапсырады. Егер білім алушының академиялық демалысқа шыққанға дейін пәндер бойынша берешегі болса, онда академиялық демалыстан шыққаннан кейін білім алушы осы пәндерді ақылы негізде тапсыруға міндетті.

Білім алушы БАҚКО-да ақылы негізде білім беру қызметтерін көрсету туралы Шартқа келісім жасасуға міндетті.

Неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С. Сейфуллин ат. ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген. Сілтеме бойынша https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika

Құжаттар:

Білім алушының өтінішке қоса ұсынатын құжаттары:

- медициналық көрсетілімдер бойынша академиялық демалысқа шыққан білім алушы оқуды жалғастыру үшін қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы қорытынды береді. Анықтамаға университеттің студенттік емханасы қол қоюы керек. Студенттік емхананың визасынсыз анықтама қабылданбайды;

- ҚР әскери қызметіне шақыру бойынша академиялық демалысқа шыққан білім алушы ҚР ҚК-нен демобилизация туралы анықтама ұсынады;

- бала тууына байланысты академиялық демалысқа шыққан білім алушы баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін ұсынады.

Академиялық демалыстан шығуды ресімдеу рәсімі:

1. Академиялық демалыстан шыққан кезде білім алушы Астана қаласы Жеңіс даңғылы 62 мекенжайында 1103 кабинетте орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтініш пен құжаттарды тапсырады.

2. БАҚКО қызметкері пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін білім алушының өтініші мен транскриптін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы эдвайзерге жібереді. 

3. Ұсынылған құжаттар негізінде оң шешім қабылданған жағдайда, құжаттар берілген күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы бұйрық шығарылады.

4. Айырмашылықты анықтағаннан кейін білім алушы пәндерді тіркеу, оларды тапсыру мерзімі және оған ААЖ-де логин мен пароль беру бойынша эдвайзерге (эдвайзердің байланыс деректерін БАҚКО қызметкері береді) жүгінуге міндетті.

Оқудан шығару туралы өтініш беру

Жалпы талаптар:

Білім алушыны оқудан шығарудың себептері мыналар болуы мүмкін:

1. Білім алушының өз қалауы;

2. Ішкі тәртіп ережелерін және ЖОО Жарғысын бұзу (оның ішінде оқу тәртібін бұзғаны және академиялық демалыс мерзімі аяқталғаннан кейін шықпағаны үшін);

3. Академиялық үлгерімсіздігі үшін;

4. Академиялық адалдық қағидаттарын бұзу;

5. Білім беру қызметтерін көрсету туралы шарттың талаптарын бұзу, оның ішінде оқу құнын төлемегені үшін (шарттық негіздегі білім алушылар үшін);

6. Білім алушы қайтыс болған жағдайда.

7. Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпеген, шартты түрде қабылданған.

Басқа ЖОО-ға ауысуы жүргізілмей Университеттен шығарылған білім алушы-білім беру грантының иегері Білім беру грантынан айырылады.

Оқудан шығаруға бұйрық шығарылған күнге дейін білім алушыға көрсетілген білім беру қызметтері үшін қаржылық берешегі білім алушыдан ерікті тәртіппен өтеледі не сотта өндіріп алынады.

Білім алушының оқудан шығаруға өтініші БАҚКО -на әр айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.

Оқудан шығару бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С. Сейфуллин ат. ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген. Сілтеме бойынша https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika

Білім алушыны оқудан шығару рәсімі:

1. Оқудан шығарылу білім алушының өз еркімен болған жағдайда Жеңіс даңғылы 62 мекенжайында 1103 кабинетте орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтініш береді немесе өтінішті «Platonus» ААЖ  (Нұсқаулық) жеке кабинеті арқылы жібереді. Бір мезгілде «Platonus» ААЖ  (Нұсқаулық) арқылы кету парағын жібереді.  

2. БАҚКО қызметкері ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы кітапханамен, тәрбие жұмысы департаментімен, кафедрамен (кету парағында көрсетілген бөлімшелер) келісуді қоса алғанда, бөлімшелердің басшыларымен келісу үшін білім алушының өтінішін жібереді.

3. Оң шешім қабылданған жағдайда өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық шығарылады.

4. Білім алушыға мынадай құжаттар беріледі: алдыңғы білім беру деңгейін аяқтағаны туралы қосымша құжаты, оқудан шығару туралы бұйрықтан үзінді көшірме, транскрипт.

Басқа себептер бойынша оқудан шығару факультет деканының қызметтік жазбасы бойынша жүргізіледі.

ЖОО ішінде ауыстыруға өтініш беру

Ауыстыруға қойылатын жалпы талаптар:

Білім алушыны ЖОО ішінде ауыстыру жазғы және қысқы каникул кезеңінде бір білім беру бағдарламасынан екіншісіне, бір тілдік бөлімінен екіншісіне жүзеге асырылады.

Егер білім алушы жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңі (семестр, триместр, тоқсан) толық аяқталған болса, ауыса алады.

Білім алушының ауысуға өтініші БАҚКО -да жазғы каникул кезінде 20 тамызға дейін және қысқы каникул кезінде академиялық кезеңнің басталуына 5 күн қалғанда қабылданады.

Білім беру бағдарламасының бір тобынан екінші тобына ауысқан кезде білім алушы БАҚКО -на білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа келісім жасасуға міндетті.

Білім алушыны білім беру бағдарламасының бір тобынан екіншісіне ауыстыру тек ақылы негізде жүзеге асырылады.

ЖОО ішінде ауысқан кезде білім алушы пәндер бойынша айырмашылықты ақылы негізде тапсырады.

Білім алушыны жазғы каникулда ЖОО ішінде ауыстыру оны келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрық шыққаннан кейін ғана жүзеге асырылады.

Ауыстыру бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С. Сейфуллин ат. ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген:  https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika сілтемесі бойынша

ЖОО ішінде білім алушыларды ауыстыру рәсімі:

1. Білім алушы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, 1103 кабинетінде орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді.

2. БАҚКО қызметкері пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін білім алушының өтініші мен транскриптін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы эдвайзерге жібереді.

3. Оң шешім қабылданған жағдайда:

- білім алушы ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы Шартқа келісім жасасады және пәндер бойынша айырма үшін ақы төлейді;

- бес жұмыс күні ішінде білім алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарылады;

4. Айырмашылықты анықтағаннан кейін білім алушы пәндерді тіркеу, оларды тапсыру мерзімі туралы эдвайзерге (эдвайзердің байланыс деректерін БАҚКО қызметкері береді) жүгінуге міндетті.

Басқа ЖОО-нан ауыстыруға өтініш беру

Ауыстыруға қойылатын жалпы талаптар:

Егер ЖОО білім алушысы жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңі (семестр, триместр, тоқсан) толық аяқталған болса, оқудан шығарылғаннан кейін ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

Білім алушының басқа ЖОО-дан ауысуға өтініші жазғы демалыста 20 тамызға дейін, қысқы демалыста оқу академиялық кезеңінің басталуына 5 күн қалғанда БАҚКО-да қабылданады.

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясына қосымшасы бар, сондай-ақ білім беру салалары бойынша экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына енгізілген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖОО-да жүзеге асырылады.

Басқа ЖОО-дан ауысқан кезде білім алушы пәндер бойынша айырмашылықты ақылы негізде тапсырады.

Ауыстыру бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С. Сейфуллин ат. ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген. https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika сілтемесі бойынша қараңыз.

Құжаттар:

Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқитын тұлғаларға арналған құжаттар пакеті:

1. С. Сейфуллин ат. ҚАТУ-ға ауыстыру туралы өтініш, білім алушы оқитын ЖОО басшысының визасымен (мөрмен бекітілген ауыстыруға келісім).

2. Транскрипт (түпнұсқа);

3. алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);

4. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының көшірмесі (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);

5. білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (бар болса);

6. келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрықтан үзінді (егер білім алушы толық оқу курсы аяқталғаннан кейін ауыстырылса);

7. жеке басын куәландыратын құжат.

8. ЖОО және білім беру бағдарламасының лицензиясы.

Шетелдік жоғары оқу орындарында оқитын тұлғаларға арналған құжаттар пакеті:

1. игерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);

2. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін алдыңғы білім беру деңгейін аяқтау туралы құжат;

3. шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері;

4. білім беру саласы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу туралы ЖОО лицензиясының көшірмесі;

5. 1 курсқа қабылдау, курстан курсқа қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;

6. жеке басын куәландыратын құжат.

Білім алушыларды басқа ЖОО-дан ауыстыру рәсімі:

1. Басқа ЖОО-дан келген білім алушы өтінішпен және құжаттармен Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62 мекенжайында 1103 кабинетте орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына жүгінеді.

2. БАҚКО қызметкері пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін білім алушының өтініші мен транскриптін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы эдвайзерге жібереді.

3. Оң шешім қабылданған жағдайда:

- білім алушы ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы шарт жасасады және оқу ақысын төлейді;

- бес жұмыс күні ішінде білім алушыны ауыстыру тәртібімен қабылдау туралы бұйрық шығарылады;

- білім алушының бұрын оқыған ЖОО-на оның жеке ісін жіберу туралы жазбаша сұрау жіберіледі.

4. Бұрын білім алушы оқыған жоғары оқу орнының басшысы сұрау салуды алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген тұжырыммен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады, білім алушының жеке ісін С. Сейфуллин ат. ҚАТУ атына жібереді.

5. Айырмашылықты анықтағаннан кейін білім алушы пәндерді тіркеу, оларды тапсыру мерзімі және оған ААЖ-де логин мен пароль беру туралы эдвайзерге (эдвайзердің байланыс деректерін БАҚКО қызметкері береді) жүгінуге міндетті.

Басқа ЖОО-на ауысуға өтініш беру

Ауысуға қойылатын жалпы талаптар:

Егер ЖОО білім алушысы жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңі (семестр, триместр, тоқсан) толық аяқталған болса, оқудан шығарылғаннан кейін ауыстырылады немесе қайта қабылданады.

Білім алушының ауысуға өтініші БАҚКО -на каникул уақытында айдың 1-нен 25-не дейін қабылданады.

Білім алушыларды ауыстыру немесе қайта қабылдау білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясына қосымшасы бар, сондай-ақ білім беру салалары бойынша экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына енгізілген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖОО-да жүзеге асырылады.

Ауыстыру бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С. Сейфуллина ат. ҚАТУ Білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген. https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika сілтеме бойынша қараңыз.

Құжаттар:

1. мөрмен бекітілген өтініштің түпнұсқасы (ауысуға рұқсат);

2. транскрипт (түпнұсқа);

3. алдыңғы білім деңгейі туралы құжаттың көшірмесі (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);

4. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификатының көшірмесі (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);

5. білім беру гранты иегері куәлігінің көшірмесі (бар болса);

6. келесі курсқа ауыстыру туралы бұйрықтан үзінді (егер білім алушы толық оқу курсы аяқталғаннан кейін ауыстырылса);

7. жеке басын куәландыратын құжат.

8. ЖОО және білім беру бағдарламасының лицензиясы.

Білім алушыларды басқа ЖОО-ға ауыстыру рәсімі:

1. ЖОО білім алушылары Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, 1103 кабинетінде орналасқан білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді. «Platonus» ААЖ  (Нұсқаулық) арқылы кету парағын жібереді. 

2. БАҚКО қызметкері білім алушының өтініші мен транскриптін ЖОО басшылығына қол қоюға жолдайды, білім алушының жоғарыда аталған құжаттар топтамасын дайындайды.

1. 3. Білім алушының университет алдында (оқу, кітапхана, жатақхана үшін) қаржылық берешегі болмауы тиіс.

4. Қабылдаушы ЖОО үш жұмыс күні ішінде білім алушының жеке іс парағына сұрау жіберуге міндетті.

5. Сұрау салуды алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде басқа ЖОО-ға ауыстыру туралы бұйрық шығарылады, содан кейін білім алушының жеке іс парағы қабылдаушы ЖОО-ға пошта арқылы жіберіледі.

Қайта оқуға қабылдануға өтініш беру

Қалпына келтіруге қойылатын жалпы талаптар:

Егер ЖОО білім алушысы жеке оқу жоспарына сәйкес игерілетін бағдарламаның бірінші академиялық кезеңі (семестр, триместр, тоқсан) толық аяқталған болса, оқудан шығарылғаннан кейін қалпына келтіріледі.

Білім алушының қайта қабылдау өтініші БАҚКО -да жазғы каникул кезінде 20 тамызға дейін және қысқы каникул кезінде академиялық кезеңнің басталуына 5 күн қалғанда қабылданады.

Білім алушыларды қайта қабылдау білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы және (немесе) лицензиясына қосымшасы бар, сондай-ақ білім беру саласы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына енгізілген ұлттық және (немесе) шетелдік аккредиттеу органдарының халықаралық мамандандырылған аккредиттеуі бар ЖОО-да жүзеге асырылады.

Ауысу бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі талаптар С. Сейфуллин ат. ҚАТУ білім алушыларын оқудан шығару, ауыстыру, қайта қабылдау және академиялық демалыс беру тәртібі туралы ережеде көрсетілген. https://kazatu.edu.kz/kz/pages/obucenie/akademiceskaa-politika сілтемені қараңыз.

Құжаттар:

С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-нен оқудан шығарылған білім алушыларға арналған құжаттар пакеті:

1. өтініш;

2. транскрипт (БАҚКО қызметкері береді).

Қазақстанның жоғары оқу орындарынан шығарылған білім алушыларға арналған құжаттар пакеті:

1. транскрипт (түпнұсқа);

2. алдыңғы білім деңгейі туралы түпнұсқа (аттестат, техникалық және кәсіптік білім туралы диплом, жоғары білім туралы диплом);

3. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты (бакалавриат үшін), кешенді тестілеу нәтижелері (магистратура үшін), түсу сынақтарының нәтижелері (докторантура үшін);

4.  қабылдау, курстан курсқа ауыстыру, оқудан шығару туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер.

5. жеке басын куәландыратын құжат.

6. ЖОО және білім беру бағдарламасының лицензиясы.

Шетелдік жоғары оқу орындарынан шығарылған білім алушыларға арналған құжаттар пакеті:

1. игерілген оқу бағдарламалары туралы құжат (академиялық анықтама немесе транскрипт);

2. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсімінен өтетін алдыңғы білім беру деңгейін аяқтау туралы құжат;

3. шетелдік білім беру ұйымдарына түсу кезіндегі түсу сынақтарының нәтижелері;

4. білім беру саласы бойынша Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастығына енгізілген шетелдік аккредиттеу органдарын халықаралық мамандандырылған аккредиттеу туралы ЖОО лицензиясының көшірмесі;

5. 1 курсқа қабылдау, курстан курсқа қабылдау, оқудан шығару туралы бұйрықтардан үзінді көшірмелер;

6. жеке басын куәландыратын құжат.

Білім алушыларды қайта қабылдау рәсімі:

1. Қайта қабылдау жағдайында білім алушы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62 мекенжайында 1103 кабинетте орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтініш және құжаттармен жүгінеді.

2. БАҚКО қызметкері пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін білім алушының өтініші мен транскриптін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы эдвайзерге жібереді.

3. Оң шешім қабылданған жағдайда:

 - білім алушы ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы Шарт жасасады және оқу ақысын төлейді;

- бес жұмыс күні ішінде білім алушыны ауыстыру тәртібімен қабылдау туралы бұйрық шығарылады;

- білім алушының бұрын оқыған ЖОО-на оның жеке іс парағын жіберу туралы жазбаша сұрау жіберіледі.

4. Білім алушы оқыған бұрынғы жоғары оқу орнының басшысы сұрау салуды алғаннан кейін «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген тұжырыммен оқудан шығару туралы бұйрық шығарады, білім алушының жеке іс парағын С. Сейфуллин ат. ҚАТУ атына жібереді.

5. Айырмашылықты анықтағаннан кейін білім алушы пәндерді тіркеу, оларды тапсыру мерзімі және оған ААЖ-де логин мен пароль беру туралы эдвайзерге (эдвайзердің байланыс деректерін БАҚКО қызметкері береді) жүгінуге міндетті.

Қайта оқу курсына қалдыруға өтініш беру

Қайта оқыту курсына қойылатын жалпы талаптар:

Қайта оқуға алдыңғы семестрлер бойынша академиялық қарыздары бар, төмен ауысу баллы (GPA) бар білім алушылар қалуы мүмкін.

Оқу ақысы бір несиенің құны бойынша төленеді.

Оқу жылының қорытындысы бойынша жазғы семестрдің нәтижелерін ескере отырып, ауысу балын жинамаған білім алушы өзінің өтініші негізінде ғана қайта оқу курсына қалады. Білім алушы жазғы каникулда БАҚКО-ға 31 тамызға дейін өтініш береді.

Ауысу GPA-ның төмендігіне байланысты қайта оқуға құқық алған мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушылар мемлекеттік білім беру гранттарынан айырылады.

Құжаттар пакеті:

- өтініш;

- транскрипт (БАҚКО қызметкері береді).

Білім алушыларды қайта оқыту рәсімі:

1. Қайта оқу курсына қалған білім алушы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, 1103 кабинетінде орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді немесе өтінішті "Platonus"ААЖ (Нұсқаулық) жеке кабинеті арқылы жібереді. 

2. БАҚКО қызметкері пәндер бойынша айырмашылықты және оларды тапсыру мерзімін анықтау үшін білім алушының өтініші мен транскриптін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы эдвайзерге жібереді.

3. Оң шешім қабылданған жағдайда:

- білім алушы ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы Шарт жасасады және оқу ақысын төлейді;

- бес жұмыс күні ішінде білім алушыны қайта оқыту курсына бұйрық шығарылады;

4. Айырмашылықты анықтағаннан кейін білім алушы пәндерді тіркеу, оларды тапсыру мерзімі және оған ААЖ-да логин мен пароль беру туралы эдвайзерге (эдвайзердің байланыс деректерін БАҚКО қызметкері береді) жүгінуге міндетті.

Жеке деректерді ауыстыруға өтініш

Құжаттар пакеті:

- өтініш;

- жеке куәлік көшірмесі;

- неке туралы куәліктің көшірмесі.

Білім алушылардың дербес деректерін ауыстыру рәсімі:

1. Білім алушы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, 1103 кабинетінде орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді немесе өтінішті "Platonus"ААЖ (Нұсқаулық) жеке кабинеті арқылы жібереді. 

2. Білім алушы ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы Шартқа келісім жасайды.

3. Үш жұмыс күні ішінде білім алушының дербес деректерін ауыстыру туралы бұйрық шығарылады.

Ай сайынғы төлемге өтініш беру

Басқарма шешімі бойынша жағдайының растайтын құжаттарының көшірмесі болған жағдайда білім алушылардың келесі санаттарына оқу ақысын ай сайын төлеуге рұқсат беріледі:

  1. Жетімдер;

  2. Толық емес отбасынан шыққан білім алушылар (асыраушысынан айырылған жағдайда);

  3. Көп балалы отбасынан шыққан білім алушылар;

  4. Бір отбасынан шыққан 2 және одан да көп білім алушылар. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де оқыса;

  5. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ қызметкерлерінің балалары;

  6. Мүгедек балалар;

  7. Ата-аналары мүгедек болған жағдайда;

  8. Аз қамтылған отбасы балалары;

  9. Қаржылық қиындықтары бар отбасы (ата-анасы жұмыссыз екенін жұмыссыздықты бақылау өкілетті ұйымнан растаушы құжаты болған жағдайда).

Қыркүйек айына алғашқы төлемді білім алушы 25 тамызға дейін жүзеге асырады. Төлемнің соңғы айы - Мамыр.

Білім алушы ай сайынғы төлемді уақытында төлемеген жағдайда, 25-күнінен кешіктірмей білім алушыны оқудан шығару туралы бұйрық жобасын жасау қажет. Білім алушыны оқудан шығару күні алдағы айдың 1-күні.

Құжаттар пакеті:

өтініш;

- отбасы мәртебесін анықтайтын құжаттардың көшірмелері;

- бакалавр-студенттің туу туралы куәлігінің көшірмесі. 

Қадамдық іс-әрекеттер:

  1. Білім алушы Астана қаласы, Жеңіс даңғылы 62, 1103 кабинетінде орналасқан Білім алушыларға қызмет көрсету орталығына өтінішпен жүгінеді 

  2. БАҚКО қызметкері бөлімше басшыларының келісімі үшін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы білім алушының өтініші мен құжаттарының көшірмелерін жібереді.

  3. Бөліп төлеу туралы бұйрықтың жобасына төлемнің сомасы мен енгізілген күні көрсетіле отырып, төлемдердің қосымша - кестесі қоса беріледі.

  4. Бекітілген мерзімде оқу ақысын төлемеген жағдайда факультет деканы білім алушыны, кәмелетке толмаған білім алушының ата-анасын оқу ақысына қарыз екендігі әрі шарт ережесін бұзғаны жайлы хабарлайды.

  5. Бөліп төлеуге бұйрықтың көшірмесі және төлем кестесінің көшірмесі білім алушыға электронды поштаға, өтініште және/немесе "Platonus" ААЖ жүйесінде, сондай-ақ деканатта көрсетілген поштаға жіберіледі және ЖОО басшылығына білім алушыны оқудан шығаруға арналған қызметтік жазбаны жолдайды.

  6. Берешек туралы ақпарат апта сайын жаңартылып, деканаттарға жіберіледі..

  7. Қызмет көрсету мерзімі - 3 жұмыс күні.

Төленген соманы қайтаруға өтініш беру

Білім алушы төленген соманы қайтаруға өтінішті келесі жағдайларда береді:

- өз қалауы бойынша оқудан шығарылған кезде;

- ваканттық білім гранттарына ауысқан кезде;

- басқа ЖОО-ға ауысқан кезде.       

Құжаттар пакеті:

өтініш;

- жеке куәлік көшірмесі;

- төленген соманың түбіртек көшірмесі;

- банктен 20-сандық шот нөмірінің көшірмесі. 

Қадамдық әрекеттер:

  1. Білім алушы С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Басқарма төрағасының академиялық қызмет жөніндегі  орынбасары-Ректор атына жазылған өтініштің сканерленген нұсқасы мен құжаттар пакетін электрондық поштасына accounting@kazatu.kz  жібереді.

  2. Студенттік бөлімнің бухгалтері бөлімше басшыларының келісімі үшін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы білім алушының өтініші мен құжаттарының көшірмелерін жібереді.

  3. Бухгалтерия бөлімшелерінің басшылары келіскеннен кейін қалған соманы білім алушының 20 таңбалы шотына жібереді.

  4. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған немесе 20 таңбалы шотта қателер болған жағдайда бухгалтерия бұл туралы білім алушының электрондық поштасына жауап хатта хабарлайды.

Құжаттарды беруге өтініш беру

Университет білім алушының талабы бойынша келесі құжаттарды береді:

- білім алушының жеке іс құжаттарының көшірмелерін;

- оқудан шыққан білім алушының құжаттар түпнұсқасын. 

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ-де білім алушыларға олардың білім алу кезінде құжаттардың түпнұсқаларын беруге рұқсат етілмейді

Қадамдық іс-әрекеттер:

Құжаттар көшірмелерін беру үшін:

  1. Білім алушы БАҚКО-ға құжаттардың көшірмесін алуға өтінім жібереді. Өтінімді өзінің жеке деректерін және қажетті құжаттардың көшірмелерін көрсете отырып  «Platonus» ААЖ бойынша жібереді.

  2. БАҚКО қызметкер білім алушының электрондық поштасына оған қажетті құжаттардың көшірмелерін жібереді.

Құжаттардың түпнұсқаларын беру үшін:

  1. Оқудан шығарылған білім алушы БАҚКО-ға құжаттардың түпнұсқаларын алуға арналған сканерленген өтінішті БАҚКО-ға факультеттің email немесе ЖОО-ның электрондық office@kazatu.kz поштасына жолдайды. Бұл ретте білім алушының ЖОО алдында (төлем бойынша, кітапхана алдында және т.б.) қаржылық берешегі болмауы тиіс.

  2. БАҚКО қызметкер білім алушының қарыздары жоқтығын (кітапхана, бухгалтерия, тәрбие жұмысы департаменті, кафедра) білу мақсатында бөлімшелермен келісу үшін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы білім алушының өтінішін (кету парағын) жібереді.

  3. Бөлімшелердің оң келісімінен кейін БАҚКО қызметкер құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушінің тұрғылықты мекен-жайына жібереді немесе өтініш беруші өтініштің түпнұсқасын ұсына отырып, құжаттарды қолма-қол ала алады.

  4. Қызмет көрсету мерзімі-5 жұмыс күні.

Diploma Supplement беруге өтініш беру

Университет бітіруші түлек талаптары бойынша «Diploma Supplement» дипломның еуропалық қосымшасы береді.           

Пакет документов:

өтініш;

- жеке куәлік көшірмесі;

- диплом қосымшасымен көшірмесі;

- жеке деректемелері өзгерген жағдайда: неке қию туралы куәлік көшірмесі. 

Қадамдық іс-әрекеттер

  1. Бітіруші сканерленген өтінішті мен құжаттардың көшірмелерін ЖОО-ның электрондық поштасына жібереді office@kazatu.kz.

  2. БАҚКО қызметкер өтініш берушінің өтініші мен құжаттарының көшірмелерін бөлімше басшыларымен келісу үшін ЖОО-ның автоматтандырылған құжат айналымы арқылы бойынша жолдайды.

  3. Оң келісілгеннен кейін БАҚКО қызметкер дипломға Еуропалық қосымшаны дайындайды және оны өтініш берушінің мекен-жайына жібереді немесе өтініш беруші өтініштің түпнұсқасын көрсетіп, құжаттарды қолма-қол ала алады.

  4. Қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру

Дипломдардың және оларға қосымшалардың телнұсқаларына өтініш беру үшін бұрынғы түлектер өзі тұратын қаланың жақын маңдағы ХҚКО-на немесе электрондық үкімет порталына жүгінеді  https://egov.kz/cms/kk/online-services/for_citizen/pass-mon212-214

Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын және электрондық цифрлық қолтаңбасы жоқ жеке тұлғалар білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу үшін білім беру ұйымына өз бетінше жүгінуі қажет.

Құжаттар пакеті:

  • өтініш;

  • жеке куәлік көшірмесі;

  • жеке мәліметтері өзгерген жағдайда: неке қию туралы куәлік көшірмесі;

  • диплом мен қосымшасының көшірмесі (болған жағдайда).           

Бұл қызмет түрі мемлекеттік қызмет болып табылады. Қызмет мерзімі-өтініш берген күннен бастап 15 күн.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру ережесі келесі сілтемеде орналастырылған https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1500010348.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі дипломның телнұсқасы 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін оқуын аяқтаған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектеріне беріледі.