Басты бет / Жаңалықтар / Шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқуға конкурс ашық!
Шетелде академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде оқуға конкурс ашық!

Просмотров: 875

Бакалавриат студенттері үшін Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия және АҚШ елдеріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджет есебінен оқуға конкурс жарияланады:  

- Еуропаға 5 грант;

- АҚШ-қа 2 грант;

- Оңтүстік-Шығыс Азияға 1 грант.

Өтінім беру үшін факультет деканатына (деканның оқу жөніндегі орынбасарына) құжаттар пакетін ұсыну қажет, соның ішінде:

1) білім алушының өтініші (бекітілген формасы бойынша);

2) Қазақстан Республикасы азаматының паспортының көшірмесі;

3) Білім туралы құжаттар - университеттің мөрімен расталған ағымдағы үлгерімі туралы транскрипт;

4) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат (үміткер төмендегі құжаттардың бірін ұсынады):

- шет тілін білуді бағалаудың халықаралық жүйелері арқылы алынған сертификат:

- IELTS-кемінде 6,0;

- TOEFL-кем дегенде 65;

- HSK-кемінде 3;

- жазғы семестрдің болмауы;

- шетелдік Университеттің шет тілінің қолда бар деңгейі бар студентті қабылдауға келісімі туралы хат.

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 072/е нысаны бойынша Медициналық анықтама (шетелге шығушы үшін);

6) шетелге шығуға үміткердің ата-аналарының, қамқоршыларының, заңды өкілдерінің Қазақстан Республикасынан кету сәтінде он сегіз жасқа толмаған кезде олардың жазбаша келісімі;

7) студент отбасының көп балалығын растау үшін отбасы құрамы туралы құжат;

8) студентте ата-анасының жоқтығын растайтын құжат (жетімдерге немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге жататын студенттер санаты үшін (бар болса);

9) студенттің мүгедектігін растайтын құжат.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 10.05.2024 ж.

 

Өтініш беру үшін студенттер факультет деканатына немесе Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментіне (каб. 1310 - Касенова Меруерт), international@kazatu.kz хабарласуы қажет!