Басты бет / Жаңалықтар / Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа кезеңі
Қазақстан мен Қытай ынтымақтастығының жаңа кезеңі

Просмотров: 745

Бүгін Техникалық корпустың Big Data дәрісханасында Қытайдың Beijing Huatec Information Technology Co. ltd компаниясының өкілі Григорий Чжанмен университетіміз бен компания арасындағы стратегиялық әріптестікті қалыптастыру мақсатында кездесу өтті. Оған С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялық қызмет жөніндегі проректор Е.Ө.Сырғалиев бастаған университеттің жауапты қызметкерлерінен тұратын делегация қатысты.  

Қытай Білім министрлігіне қарасты Халықаралық гуманитарлық алмасу орталығының «Цзинши 2021 гуманитарлық алмасу жобасын іске асыру туралы» Жарлығының аясында Beijing Huatec Information Technology co., ltd «Huatec Technology Company» технокомпаниясы «Цзинши институты» жобасын ұсынды. Жоба негізінде өнеркәсіпті біріктіру үшін шетелде инновациялық орталықтарын құрып, «Бір белдеу, бір жол» елдерінің бойындағы қолайлы университеттерді таңдау жоспарланған. Аталмыш интеллектуалды өндіріс (мехатроника, өнеркәсіптік роботтар), автомобиль өнеркәсібі, байланыс және ақпараттық технологиялар, мұнай-газ машина жасау және т.б. салаларға мамандарды даярлауға арналғандықтан білім беру, инновациялық орталықтар базасындағы барлық оқу бағдарламаларын сертификаттаудан немесе стандарттаудан өткізуді көздейді.

Жоба тақырыптары сан алуан: «Білім беру технологиялық ресурстарының инновациясының трансформациясы», «Смарт кампустарды салуға, халықаралық байланысқа, өндірістік және білім беру қызметін интеграциялаудағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу», «Білім берудің сыртқы әлемге ашықтығын кеңейту», «Қытай мен шет елдер арасындағы гуманитарлық алмасуларды белсенді түрде ілгерілету» және «Мамандар даярлау, ғылыми зерттеулер жүргізу» мәселелерін қамтиды. Сондай-ақ, Қытайда «Цзинши институты» платформасын және оның шетелде байланыс, ақпараттық технология, интеллектуалды өндірісті (жаңа энергетикалық көлік құрылысы, жасанды интеллект технологиясы және басқа салалар) дамыту үшін «Цзинши институтын» құру арқылы Қытайдың озық өнеркәсіптік технологиясына сүйене отырып, Халықаралық стандарттау жүйесін құру және халықаралық кәсіби оқыту бағдарламаларын әзірлеуді көздейді.

Кездесуге түрткі болған Қытай Білім министрлігіне қарасты Халықаралық гуманитарлық алмасу орталығымен ынтымақтастық - «Huatek» компаниясы шетел университетіне «Цзинши институтының» платформасын (қытай тілінің метасабақтарына арналған бағдарламалық қамтамасыз ету + VR жабдығы, нақты өндірістік жағдайларда оқытуды жүргізуге арналған заманауи озық техникалық құрал-жабдықтар) құру үшін қаражат бөледі. Сонымен бірге Серіктестік ЖОО пайдалануға үй-жайлар бөледі (зертханалар, оқытушыларға арналған кабинеттер және т.б.). Қазіргі кезде «Цзинши институтын» құру үшін ғимараттарды дайындау жұмыстары жүргізілуде. Серіктес университет алдағы уақытта жобаға қатысу үшін негізінен студенттерді тартатын болады.