Басты бет / Жаңалықтар / «MISS KAZATZU-2024» cұлулық байқауы жоғары деңгейде өтті
«MISS KAZATZU-2024» cұлулық байқауы жоғары деңгейде өтті

Просмотров: 827

 «Miss KazATZU-2024» жыл сайынғы студенттік сұлулық байқауы С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың қабырғасында жоғары деңгейде өткізілді.

«Miss KazATZU-2024» байқауының ұйымдастырушылары С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-дың «Сымбат қыздар» клубы болды. Байқау демеушілері – «Астана Clinic», «Fashion Provocation» модельдік  агентствосы, «Sulu» және «Wishlist flowers» гүлдер салоны, «Symbatvizazh» студиясы, «Sister’s aroma» бьюти брендтік  компаниясы, «Люди» Лоунджі, «ХО» рестобар желісі.

Байқауға барлық факультеттің студенттері қатысты. Қатысушылардың әрқайсысы өзін жоғары дәрежеде көрсетіп, би өнерін, сұрақ-жауап және сахнада жүріс-тұрыс мәдениетін паш етті. Қазылар алқасының құрамында модельдік бизнес саласында жоғары кәсіптік білімі бар маман, «Fashion Provocation» агенттігінің бас директоры Наталья Сергеевна, Вице «Miss Astana», байқаудың ұйымдастырушысы – Тасымбек Аружан, «Мисс Астана-2022» Жұмабай Дильяра, Халықаралық сұлулық байқауының гран-при иегері Данара Арланқызы, «Astana Clinic» бөлім меңгерушісі Сания Мұратқызы болды. Байқауда 12 студент қызымыз үлкен дәрежеде өнерлерін көрсетіп шықты:

  • Абилгазинова Дариға – Агрономия факультеті
  • Завгородняя Яна – Техникалық факультеті
  • Аширхан Алима – ОШ ЖТжҚО факультеті
  • Ахметхан Зере – ВжМШТ факультеті
  • Қайпен Айгерим – Энергетикалық факультеті
  • Оразалина Инабат – ОШ ЖТжҚО факультеті
  • Байдалинова Сабина – ЖРБСжД факультеті
  • Миллер Элеонора – КЖжКББ факультеті
  • Жолбаева Толғанай – ЖРБСжД факультеті
  • Баянбаева Адель – КЖжКББ факультеті
  • Сүндетілла Айгерім – КЖжКББ факультеті
  • Жеңісбай Аружан – Экономикалық факультеті

Конкурс төрт кезеңнен тұрды:

І тур – Таныстыру

ІІ тур – Этно стильдегі киім үлгісі

ІІІ тур – Сұрақ - жауап

ІV тур – Дефиле

Конкурс өте жоғары дәрежеде өтті. Көрермендер марапаттау сәтін асыға күтті. Әділқазылар алқасының шешімімен Аширхан Алима «ІІІ Вице Мисс-2024», Жеңісбай Аружан «ІІ Вице Мисс-2024», Байдалинова Сабина «І Вице Мисс-2024» атанды. Ал «Miss KazATZU-2024» байқауының тәжі Қайпен Айкерімге бұйырды.