Басты бет / Жаңалықтар / Кәсіпкерлік және коммерциализация департаментінің директоры Мұхтар Жұмағазиев ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жанынан құрылған қоғамдық кеңестің мүшесі болып тағайындалды
Кәсіпкерлік және коммерциализация департаментінің директоры Мұхтар Жұмағазиев ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі жанынан құрылған қоғамдық кеңестің мүшесі болып тағайындалды

Просмотров: 412

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Кәсіпкерлік және коммерциализация департаментінің директоры Жұмағазиев Мұхтар Сабырұлы Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасы Д.Малаховтың бұйрығымен (18.04.2024 №112 - НҚ) агенттік жанынан құрылған қоғамдық кеңестің мүшесі болып тағайындалды.

          Мемлекет және қоғам қайраткері Мұхтар Сабырұлы Ақтөбе облысы Қобда аудандық партия комитеті бастығының бірінші орынбасары; "Орақ және балға" колхозының басқарма төрағасы; Ақтөбе облысы Исатай, Қобда, Қарғалы, Ойыл аудандарының әкімі; Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Ақтөбе облысынан депутаты қызметтерін атқарған. 1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін «AMANAT» партиясының мүшесі.

          2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КеАҚ кәсіпкерлік және коммерцияландыру департаментінің директоры.

         "Парасат", "Құрмет" ордендерімен, "Ерен еңбегі үшін", "Қобда, Қарғалы аудандарының Құрметті азаматы" медальдарымен және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

         Әріптесімізді жаңа лауазымымен құттықтаймыз!

          Сізге зор денсаулық, қызметте толағай табыс, сәттілік тілейміз!