Басты бет / Жаңалықтар / Францияның ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Aitas Agro» агрохолдингі өкілдерімен кездесу өтті
Францияның ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Aitas Agro» агрохолдингі өкілдерімен кездесу өтті

Просмотров: 345

2024 жылдың 23 сәуірі күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің базасында Францияның ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен «Aitas Agro» агрохолдингімен бірлескен семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты – практикалық оқыту және өзара білім алмасу бойынша АӨК саласында пікірталас өткізу және фермерлермен озық тәжірибелермен бөлісу.

Семинарға ҚазАТЗУ басшылығы, "Айтас Агро" агрохолдингі өкілдері және Францияның Ресей, Беларусь, Қазақстан, Армения, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі өңірлік кеңесшісі Мари-Агнес Амос ханым, Францияның екі аграрлық колледжі – Тулузы қаласындағы Ауыл шаруашылық колледжінің басшысы Франсуа Пиперо мен Сен-Годенс қ. Ауыл шаруашылық колледжінің басшысы Пьер Вирмон, "AITAS KZ" консультанты Пьер Пуллен қатысты.

Кездесу барысында ҚазАТЗУ Басқарма төрағасы – Ректор, ҚР ҰҒА академигі Қанат Маратұлы Тіреуов университеттің қазіргі Extension саласындағы әлеуеті туралы сөз қозғап, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі:

«Бүгінгі семинар біздің фермерлердің, жастардың және АӨК саласында жұмыс істейтін мамандардың білімін тарату және практикалық оқыту саласындағы маңызды ынтымақтастықтың бастамасы болып табылатынына өте қуаныштымыз. Университет ретінде біз тек оқу мен ғылым үшін ғана емес, сонымен бірге алған білімдеріміз бен жүргізілген ғылыми жұмыстарымызды іс жүзінде қолдану үшін де жауаптымыз. Сондықтан біз кеңейту жүйесіне, яғни білімді тарату жүйесіне ерекше назар аударамыз. Біз ынтымақтастыққа дайынбыз, ашықтық және көпжақты ынтымақтастығымызды дамытуға жан-жақты қолдау көрсетеміз». 

«Aitas Agro» агрохолдингі тарапынан сөз алған «Aitas Agro» агрохолдингінің Бас директоры Алдажаров Талгат Қанашұлы:

«Өндіріске жаңа және тиімді технологияларды енгізу – агроөнеркәсіптік секторды дамытудың негізгі көзі. Дамыған ауыл шаруашылығы секторы ауыл шаруашылығы өндірушілерін қажетті агротехнологиялармен қамтамасыз етуді ғана емес, сонымен қатар өндірісте агротехнологияны тез және тиімді игеру үшін барлық қажетті жағдайларды жасауды көздеуге тиіс. Осыған орай, біз өзара білім алмасуға дайынбыз», - деді.

«Aitas Agro» агрохолдингінің коммуникациялар жөніндегі Басқарушы директоры Жимков Руслан Сергеевич пен Agrisen.kz жоба Сванова Алия Жакуповна «Басты мақсат – ауыл шаруашылығын мәдени тұрғыдан дамыту» екендігін айтып, агрохолдинг туралы баяндады.

Өз кезегінде сөз алған Францияның Тулузы қаласындағы Ауыл шаруашылық колледжінің басшысы Франсуа Пиперо мен Сен-Годенс қ. Ауыл шаруашылық колледжінің басшысы Пьер Вирмон білім ордалары туралы ақпарат беріп, ынтымақтастыққа қолдау көрсеткені үшін ҚазАТЗУ басшылығына алғысын білдірді.

Семинар қорытындысы бойынша тараптар өзара білім мен тәжірибе алмасуға уағдаласып, фермерлерге арналған келесі оқыту семинарын жоспарлады. Кезекті семинар 2024 жылғы мамыр-маусым айларына жоспарланған.

Айта кетейік, «Aitas Agro» агрохолдингі Францияның екі аграрлық колледжімен бірлесіп жастар мен фермерлер арасындағы білімді тарату саласында Agrisen.kz бірлескен жобасын әзірлемекші.

Ясмина Найзақұл