Главная / Діни экстремизм мен терроризм – қазіргі заманның мәселесі
Діни экстремизм мен терроризм – қазіргі заманның мәселесі

11.09.-14.12.2023 ж. күндері аралығында теолог-маман Е. Зайтхан С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің 1 - курс          студенттеріне   «Діни   экстремизм  мен   терроризм  –   қазіргі  заман мәселесі» тақырыбында дәрістер оқыды.

Шараның мақсаты – жастарға діни ағымдар туралы дұрыс түсінік беріп, экстремизм мен терроризмнің қатыгездігін түсіндіру. Дәрістер барысында экстремизмнің белгілері, оның салдары және экстремистік әрекеттерге қатысқаны үшін қандай қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы айтылды. Сонымен қатар, студенттерге экстремизм белгілері бар тыйым салынған бейнежазбалар мен аудио жазбаларды өз парақшаларында орналастырудың салдары түсіндірілді.

Студенттер осы қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін білді. Шараға барлығы 2312 оқушы қатысты.