Оқу-әдістемелік жұмыс жоғары оқу орнының білім беру қызметіндегі негізгі құрамдас бөлік болып табылады және білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында бәсекеге қабілетті әрі сұранысқа ие мамандарды даярлау сапасын тікелей айқындайды.
«С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ»-КеАҚ-да оқу-әдістемелік қызмет білім беру бағдарламаларын жаңартуға, оқыту әдістемелерін жетілдіруге және оқу процесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект құралдарын белсенді енгізуге бағытталған.
Осы жұмыс аясында оқу жоспарлары мен пәндердің жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді және өзектендіріледі, заманауи оқу-әдістемелік материалдар мен білім алушылардың білімін бағалау құралдары жасалады. Жасанды интеллект пен цифрлық шешімдерді пайдалануға ерекше назар аударылады, оның ішінде бейімделген оқыту платформалары, электрондық курстар, бейнедәрістер, виртуалды зертханалар, компьютерлік тестілеу және дараланған білім беру траекториялары бар.
Жасанды интеллект технологиялары оқытушылардың қызметін қолдау, білім алушылардың оқу нәтижелерін талдау, білімді бағалаудың объективтілігін арттыру және жалпы білім беру процесінің сапасын жақсарту мақсатында қолданылады.
Оқу-әдістемелік жұмыстың маңызды бағыттарының бірі — білім беру бағдарламаларының мемлекеттік стандарттарға және цифрлық білім берудің заманауи талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін нормативтік-әдістемелік базаны дамыту болып табылады.
«С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ» - КеАҚ - ның Жарғысы мен ішкі құжаттарына сәйкес университетте білім беру мен оқытуға, академиялық сапаны қамтамасыз етуге, академиялық басқаруға және профессор-оқытушылар құрамын басқаруға қатысты барлық академиялық мәселелер бойынша саясатты қалыптастыруды алқалы кеңесші орган — Университеттің Академиялық кеңесі жүзеге асырады.
Университеттегі әдістемелік жұмыс келесі құжаттармен реттеледі:
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің құжаттарымен;
– университет бойынша шығарылатын бұйрықтар мен өкімдермен;
– университеттің Ғылыми кеңесі мен Академиялық кеңесінің шешімдері мен ұсынымдарымен;
– жұмыс жоспарымен.
Университеттегі оқу-әдістемелік қызмет Академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің Білім беру бағдарламаларын басқару орталығының басшылығымен жүзеге асырылады.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент университеттің білім беру процесін басқару және үйлестіру жүйесіндегі құрылымдық бөлімше болып табылады.
Департамент оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру және ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу, цифрлық білім беру бейне-контентін әзірлеу, білім алушылар контингентін қалыптастыру және қабылдау, білім алушылардың практикалық даярлығын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру, оқу-білім беру процесі бойынша әкімшілік және консультациялық қызметтер көрсету, білім алушыларды тіркеу және аттестаттау бойынша міндеттерді жүзеге асырады.
Негізгі міндеттері мен функциялары:
Орталықтың байланыс мәліметтері:
010011 Астана қ, Женис даңғылы 62, бас ғимарат, 2 қабат, 1315, 1224 кабинет
Эл.пошта: dav_or@kazatu.edu.kz
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.