Әскери кафедра:
- аға оқытушы - 1 бірлік
Әскери кафедра аға оқытушы лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Лауазымға қойылатын жалпы біліктілік талаптары
Білімі: жоғары кәсіптік білімі және әскери қызмет өткеру өтілі болуы тиіс.
Әскери кафедраның аға оқытушысы лауазымына жоғары білімі бар, запастағы (отставкадағы), сондай-ақ әскери киім нысанын киіп жүру құқығымен әскери қызметтен босатылған әскери қызметшілер тағайындалады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы қазанның 8-нен қазанның 16-ын алғанда (сағат 18.00 дейін).
Мекен -жайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, бас ғимарат.
- бухгалтер - 1 бірлік (уақытша, негізгі жұмыскердің бала күтіміне байланысты жалақыы сақталмайтын демалысы аралығына)
Бухгалтерлік есеп және есептілік департаменті бухгалтері лауазымына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
Жоғары білімінің болуы және бухгалтерлік, экономикалық, қаржылық, аудиторлық, бақылау-тексеру, есепке алу-талдау жұмыстары саласында немесе жоғары және орта білім беру ұйымдарында бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша ғылыми-педагогикалық қызмет саласында кемінде 3 жыл жұмыс өтілінің болуы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы қарашаның 11-нен қарашаның 24-ін алғанда (сағат 18.00 дейін).
Мекен -жайы: Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62, бас ғимарат.
Өтінішке келесі құжаттар қоса беріледі (ПОҚ):
- кадр есебі бойынша жеке іс парағы;
- жоғары білім, ғылыми және ғылыми дәрежелер туралы дипломдардың, ғылыми атағы туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
- флюорография нәтижесімен жұмысқа жіберу туралы белгісі бар жеке медициналық кітапша;
- профессорлық-оқытушылық құрамның бос лауазымдарына орналасуға арналған білім беру бағдарламасы бойынша жобаның немесе ғылыми қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасу үшін берілген мамандық бойынша танылған жетістіктері бар ғылыми жобаның немесе практикалық жұмыс тәжірибесінің презентациясы (электрондық нысанда, 10 слайдтан аспайтын); сонымен қатар декандар үшін факультеттің 4 жылға даму жоспарының презентациясы, кафедра меңгерушілері үшін 3 жылға кафедраның даму жоспары (электронды түрде, 10 слайдтан аспайтын);
- сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы анықтама («электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб- порталы арқылы беріледі);
- соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама (Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб- порталы арқылы өтініш берген кезде беріледі);
- құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін жеке дамудың ұзақ мерзімді жоспарын ұсыну (5 слайдқа дейін);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бұйрықпен бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысушы тіркелмегені туралы наркологиялық ұйымның анықтамасы.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес конкурсқа қатысушы тіркелмегені туралы психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну өтінішті қабылдаудан кез келген нысанда бас тартуға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.
Мекен-жайы: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 62, Әкімшілік департаменті, тел.: +7 7172 397-808.
Приложение 1 (Образец заявления на участие в конкурсе)
Приложение 2 (Образец заявления на участие в конкурсе для ППС)