Директорлар кеңесінің мүшесі
Басқарма төрағасы – Ректор
Білімі:
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (1994); механика және қолданбалы математика;
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (2005); «Экономика»;
2006 жылы «Аграрлық өндірісті басқарудың тиімділігі (аграрлық кәсіпорындар материалдарында)» тақырыбында кандидаттық диссертация;
2009 жылы «Қазақстанның аграрлық секторында корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында докторлық диссертация.
Еңбек өтілі:
1994-1996 жж. - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының «Информатика және есептеу техникасы» кафедрасының ассистенті;
1996-1998 жж. – ҚазАШИ Ақпараттық-есептеу орталығының директор орынбасары;
1998-2000 жж. - ҚазАШИ Ақпараттық-есептеу орталығының директоры;
2000-2006 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының аға оқытушысы;
2006-2008 жж. - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және қаржы» факультетінің декан орынбасары;
2008- 2009 жж. - Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Экономика және қаржы» факультетінің деканы;
2009- 2011 жж. – Қазақ ұлттық аграрлық университетінің оқу және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры;
2011 жылдан бастап 2022 жылдың қараша айына дейін - Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Бірінші проректоры;
2022 жылдың 2 қарашасынан бастап «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ басқарма төрағасы.
Қосымша:
ҚР ҰҒА академигі;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Адам құқықтары жөнiндегi комиссия мүшесі;
«AMANAT» партиясы БПҰ төрағасы;
«AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитеттің мүшесі.
Марапаттар:
«ЖОО үздік оқытушысы» (2010);
«ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2011);
«ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011);
«ҚР Қарулы Күштерінің 20 жылдығы медаль» (2012);
«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (2015);
«А. Байтұрсынов атындағы алтын медаль» (2011);
ҚР «Құрмет» ордені (2016).
Білім
|
1984–1991 жж. |
Целиноград ауыл шаруашылығы институты, Ветеринария факультеті, ветеринариялық дәрігер (үздік диплом ТВ-1 №196258). |
|
1992–1999 жж. |
Жамбыл облысы, Гвардейский кентіндегі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы аспирантура, ветеринария ғылымдарының кандидаты, диссертация тақырыбы: «Ауески ауруына қарсы жоғары белсенді вирусвакцинаны дайындау технологиясын әзірлеу және оны жануарларды иммундеу үшін қолдану», 1997. |
|
1999–2009 жж. |
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ және Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанындағы докторантура, ветеринария ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Шошқаның классикалық обасы мен Ауески ауруының эпизоотологиялық мониторингі және иммунопрофилактикасы» (2009), профессор (2011). |
Еңбек қызметі
|
1984–1985 жж. |
Сырымбет совхозының жұмысшысы, Володар ауданы, Көкшетау облысы. |
|
1985–1987 жж. |
Кеңес Армия қатарында әскери қызмет. |
|
1991–1992 жж. |
Целиноград ауыл шаруашылық институтының «Эпизоотология және паразитология» кафедрасының ассистенті. |
|
1992–1999 жж. |
Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтының (БҚМҒЗИ, Жамбыл облысы, Гвардейский кенті) аға лаборанты, кіші ғылыми қызметкері, ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. |
|
11.1999–2003 жж. |
С. Сейфуллин ат. ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының аға оқытушысы. |
|
2003–2004 жж. |
С. Сейфуллин ат. ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының доценті. |
|
2004–2018 жж. |
С. Сейфуллин ат. ҚАТУ Ветеринариялық санитария кафедрасының меңгерушісі; ветеринария ғылымдарының докторы 2009, профессор 2011. |
|
2018 – 07.2023 – |
С. Сейфуллин ат. ҚАТЗУ Ветеринария және мал шаруашылық технологиясы факультетінің деканы. |
|
09.2023–09.2025 |
С. Сейфуллин ат. ҚАТЗУ Ветеринария және мал шаруашылық технологиясы факультетінің профессоры. |
|
25.08.2025–17.03.2026 |
С. Сейфуллин ат. ҚАТЗУ Жануарлар ғылымы және ветеринария институтының директоры. |
|
18.03.2026 |
«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Басқарма мүшесі – ғылыми қызмет жөніндегі проректор. |
Ғылыми қызығушылықтар
Негізгі ғылыми бағыттары болып ветеринариялық дауалық және диагностикалық препараттарды әзірлеу, эпизоотологиялық мониторинг, тәуекелдерді талдау және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалана отырып жұқпалы ауруларды болжау, сондай-ақ республика ветеринария саласы үшін ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау табылады.
35 жыл бойы ветеринария ғылымының басым бағыттары бойынша ғылыми тақырыптардың жетекшісі және орындаушысы болып келеді.
Қазіргі уақытта ҚР ҒЖБМ гранттық қаржыландыру жобасының және World Organisation for Animal Health (WOAH) ұйымының твининг жобасының жетекшісі болып табылады, жоба Орталық Азияда жылқылардың инфекциялық анемиясы бойынша референттік зертхана құруға бағытталған (2025–2028).
Ғылыми-ұйымдастырушылық қызметі. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы академигі (2026).
Ғылыми бағыты: Ауыл шаруашылығы және ветеринариялық ғылымдар.
Зерттеу саласы: Ветеринариялық эпидемиология және ветеринарияда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.
«АӨК-тің тұрақты дамуы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі» басым бағыты бойынша Ұлттық ғылыми кеңестің төрағасы (2019–2020); Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің сарапшысы (2012–2018), Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының форсайт жобасының сарапшысы (2023), ҚР АШМ ҰАҒБО ветеринария бойынша ғылыми-техникалық кеңесінің мүшесі.
С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-ның «8D091 Ветеринария» білім беру бағдарламалар тобы бойынша диссертация қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы.
Халықаралық ғылыми ұйымдардағы жұмыс
«Frontiers in Veterinary Science» ғылыми журналының редакторы (2024 жылдан қазіргі уақытқа дейін).
Геокеңістіктік денсаулық сақтау саласы бойынша GnosisGIS (Италия) халықаралық ұйымының мүшесі (2015 жылдан қазіргі уақытқа дейін), Preventive Veterinary Medicine (Q1), Geospatial Health (Q4) журналдарында ғылыми мақалалардың рецензенті.
Марапаттар
- «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2011» мемлекеттік гранты
- Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы медалі – 2021 ж.
- «Үздік ғылыми қызметкер – 2021» мемлекеттік сыйлығы
- «ҚР ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі – 2022 ж.
- ҚР жетекші ғалымдарына арналған мемлекеттік стипендия, 2024 ж.
- «Қаныш Сәтбаевтың 125-жылдық мерейтойы» мерейтойлық медалі, 11.04.2025 ж.
- «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі – 12.08.2025 ж.
Біліктілікті арттыру
- 2017 жылғы 29 мамырдан 8 маусымға дейінгі эпидемиология бойынша оқыту бағдарламасы, Ecole Nationale Vétérinaire de Toulouse, Франция.
- «Health Geography: XII International Symposium of Geospatial Health», «Practical Geography and XXI Century Challenges» – Ресей Ғылым академиясының География институтының 100 жылдығына арналған, Мәскеу қаласы, 4–6 маусым 2018 ж.
- Veterinary Epidemiology on Economics (ISVEE) 15-ші халықаралық симпозиумы, Чиангмай, Тайланд (12–16 қараша 2018 ж.).
- Vetsuisse Public Health конференциясы, Цюрих университеті, Швейцария (29 қараша 2018 ж.).
- ХЭБ-тің 87-ші Бас сессиясы, Париж, 28.05.2019–03.06.2019 ж.
- GEOVET 2019, Калифорния университеті (UC Davis), АҚШ (8–10 қазан 2019 ж.).
- «Орталық Азия мемлекеттерінің ветеринариялық және фитосанитарлық қызметтері үшін оқыту және біліктілікті арттыру жүйесін дамыту», БОМКА, Ташкент, 4–6 сәуір 2022 ж.
- Geospatial Health бойынша 16-шы халықаралық симпозиум, ITC, Энсхеде, Нидерланд, 13–16 қараша 2023 ж.
- Veterinary Epidemiology and Economics бойынша 17-ші халықаралық симпозиум, Сидней, Австралия, 11–15.11.2024 ж.
- «Жоғары білім берудегі менеджмент» бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру сертификаты, 72 сағат көлемінде, 09.07–19.07.2024 ж.
- IAAR сертификаты: IAAR сыртқы сараптамалық панель төрағаларының кәсіби даму семинарына қатысу. Тақырыбы: «Сыртқы сапаны бағалау: сәйкестік және жетілдіру», 24 қыркүйек 2024 ж.
- WOAH сертификаты: ветеринариялық білім беруді үйлестіру бойынша өңірлік семинар («WOAH Day-1 құзыреттерімен сәйкестендіру және ветеринариялық оқу бағдарламаларына One Health тұжырымдамасын енгізу»), 14–16 қазан 2025 ж.
- Миннесота университетінің сертификаты: «Жануарлардың жұқпалы ауруларының эпидемиологиясы және тәуекелді бағалау», 72 сағат, 12–21 қыркүйек 2025 ж.
Ғылым кадрларын даярлау. 2 ғылым кандидатын және 4 PhD докторын, сондай-ақ 30-дан астам магистрантты дайындаған. Қазіргі уақытта 2 докторант пен 3 магистрантқа ғылыми жетекшілік етеді.
Жариялымдар. 318 ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде импакт-факторы бар мақалалар – 38, Қазақстан Республикасы бойынша өнертабыстарға 16 авторлық куәлік иесі, 6 монография, 27 оқулық және оқу құралдары жарық көрген.
ҚР мемлекеттік ветеринариялық препараттар тізілімінде тіркелген ветеринариялық препараттарға арналған ғылыми-техникалық құжаттама – 2.
Хирш индексі – 9.
Арпабаев Еркімбек Кәрімбекұлы 1960 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Сегізбай ауылында дүниеге келген. 1989 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп бойынша экономист мамандығы бойынша бітірген. Жұмыс тәжірибесі 1986-1990 жж.ҚР Семей облысы Шар ауданы" Терістанбалинское " РШО бас бухгалтері, 1990-1994 Қазақстан Республикасы Семей облысы Шар ауданы Қарасу қой совхозының бас бухгалтері. 1994-1995 "Қаззооветснаб" Семей облыстық бірлестігінің бас бухгалтері, гор.Семей. 1995-1997 Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы департаментінің қаржы-кредит, жиынтық бухгалтерлік есептілік, есеп айырысу және бақылау бөлімінің бастығы.Өскемен. 1997-1999 Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы ветеринария комитеті төрағасының орынбасары-бас бухгалтері.1999-2000 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы" Арман " ЖШС директорының орынбасары. 2000-2002 "Ветпрепарат" ЖШС директоры, гор.Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласы. 2002-2005 Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Күйгенжар" РМК бас бухгалтері, Астана қаласы. 2005-2008 Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қаржы бөлімінің бас инспекторы, есеп және есептілік бухгалтері, Астана қаласы. 2008-2009 Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің, Астана қаласының инспекторы. 2009-2012 Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің зауыт секторы, Астана қаласы. 2012-2023 Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі Басшысының орынбасары-Астана қаласының Бас бухгалтері. 2023 жылдан бастап "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті" КЕАҚ қаржы директоры. Марапаттар: Тапсырыс: Ақыл (2022), "Құрмет" (2015);
"ерен еңбегі үшін "медалі(2010), Президент Әкімшілігінің "мінсіз қызметі үшін" төсбелгісі (2015); 7 мерейтойлық медаль; "үздік мемлекеттік қызметші" төсбелгісі (2020); "еңбек ардагері" медалі (2023);
Жазықбаева Жазира Мейірханқызы 1976 жылы 5 желтоқсанда Жетісу облысы, Талдықорған қаласында дүниеге келген. 1998 жылы С.Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің инженерлік-педагогикалық факультетін үздік бітіріп, ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша инженер-педагог біліктілігін алған.
1999-2003 жылдар аралығында «Ауылшаруашылық және астық өңдейтін машиналар» кафедрасының аспирантурасында оқып, 2006 жылы 05.20.01 – «Ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландырудың технологиялары мен құралдары» мамандығы бойынша «Топтық сепкіш аппаратының негізгі параметрлерін негіздеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2011 жылы «Агротехникалық жүйелерінің процестері мен машиналары» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор ғылыми атағы берілді.
Жұмыс тәжірибесі: 1998-2005 жж. - С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ауылшаруашылық және астық өңдейтін машиналары» кафедрасының ассистенті; 2005-2011 жж. – «Ауылшаруашылық және астық өңдейтін машиналары» кафедрасының аға оқытушысы; 2007-2023 жж. - С.Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетінің қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы; 2023 жылғы 23 қаңтарынан бастап С. Сейфуллин Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің аппарат басшысы.
2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, 2012 жылы «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға 55 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды», 2013 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Алғыс хатымен, 2017 жылы «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға 60 жыл» мерейтойлық медалімен, 2017 жылы – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен, 2020 жылы – Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподақ ұйымының «III дәрежелі Еңбек даңқы» төс белгісімен, 2021 жылы – «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен, 2022 жылы - Астана қаласы Мәслихатының грамотасымен, 2023 жылы - «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталған.
«Болашақ» президенттік бағдарламасының стипендиаты, 2024 жылы «Білім беруді басқару» бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Жазықбаева Ж.М. 50-ден астам ғылыми жұмыстардың, соның ішінде оқулықтардың, өнертабыстарға патенттердің және индекстелген журналдардағы ғылыми мақалалардың авторы.
Ермаханов Нұрлыбек Әмірбекұлы Алматы қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Республикалық физика-математика мектебін (РФМШ) бітірді. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетін «Қолданбалы механика» мамандығы бойынша үздік бітірген. Екінші жоғары білім алу шеңберінде 1997 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы жанындағы Нарық институтын («НАРХОЗ») «Қаржы және кредит» факультетін «Банк ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген. 2010 жылы European Business School (UK, London) Master of Business Administration (MBA) дәрежесін алды. Қаржы саласында басшылық қызметте үлкен тәжірибесі бар: коммерциялық және мемлекетаралық банктер, Екінші деңгейдегі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру қоры (ҚР Ұлттық Банкінің еншілес кәсіпорны), «Қазақстан Ипотекалық Компаниясы» АҚ, мұнай өңдеу және сервистік компаниялар, Лизингтік компания. Алматы қаласына сыртқы инвестицияларды тартумен айналысқан
Тоқышев Қайыржан Ахметбекұлы-1954 жылы 3 сәуірде Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Аюлы ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Қарағанды политехникалық институтын және Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетін инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша бітірген.
Институттан кейін (1977-1989 жж.) Қарағанды облысы Егіндібұлақ ауданы "Қоянды" совхозында механик, бас инженер, партия хатшысы болып жұмыс істеді. 1989-2000 жылдары Егіндібұлақ ауданының аудандық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары, Қарағанды облысы Егіндібұлақ, Қазыбек би және Қарақаралы аудандары әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарды.
2000 жылдан-ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары, 2011-2014 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Қарағанды облысының пәнаралық кеңесінің төрағасы.
2014-2018 жылдары ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы-Ақтөбе облысы Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы.
2018 жылдың сәуірінен 2023 жылдың ақпан айына дейін Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "SANALY urpaq" республикалық жобалық кеңсесінің басшысы болып жұмыс істеді.
2023 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті"КЕАҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы.
"Құрмет" орденімен," Ерен еңбегі үшін" медалімен және алты мерейтойлық медальмен марапатталған. "Үздік мемлекеттік қызметші" атағының иегері, Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының Құрметті азаматы.
Білімі - Қазақ ауыл шаруашылығы институты ("Агрономия" факультеті), Алматы қаласы.
Қызметтері: ассистент, аға оқытушы, доцент (№0002110 до аттестаты, ҚР ЖАК), "Агрономия" факультеті деканының орынбасары, "Агробиология" ОҒӨК басшысының орынбасары, "Ауыл шаруашылығы ғылымдары", "Ветеринария" және "Қызмет" мамандық топтары бойынша РОӘК ОӘБ ғылыми хатшысы, "Өсімдік шаруашылығы технологиясы", "Агробиология және фитосанитария " факультетінің деканы.
ҚР БжҒМ ҰБО "Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты" ЕМК, ҰШЖ орындайтын К-374 халықаралық ғылыми-техникалық орталығының, "Суару үшін қалалық сарқынды суларды пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеу" бойынша жоба орындаушысы.
"Өсімдік шаруашылығы өнімдерін сақтау және қайта өңдеу технологиясы" оқулығы (жалғыз. автор., көлемі 12 б.т., ҚР БҒМ грифі); "Фермерлік іс" оқулығы, (тең автор., көлемі 35 б.т..); 4 оқу құралы, өндіріске 6 ұсыныс дайындаған.
Ауыл шаруашылығы бағытындағы "Ауыл шаруашылығы ғылымдары", "Ветеринария" және "Қызмет" мамандықтары бойынша МЖМБС әзірлеуге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын сараптау.
80-нен астам ғылыми еңбектер жариялап, магистранттар мен PhD докторанттардың жұмыстарына жетекшілік жасаған.
Эл. адр. jurgenov@mail.ru
2005 жылы С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын бітірді;
2009 жылы Инновациялық Еуразия университетінде «Информатика» мамандығы бойынша магистратураны бітірді;
2016 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді;
2018 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы University of Exeter университетінің «Public Administration» мамандығы бойынша магистратураны бітірді;
2005-2010 жылдары - Инновациялық Еуразия университетінде «Менеджмент» кафедрасының оқытушысы;
2010-2011 жылдары – С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінде «Салалық экономика» кафедрасының аға оқытушысы;
2011-2019 жылдары - ҚР БҒМ Ғылым комитетінің бас сарапшысы;
2019-2020 жылдары - ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру Департаментіне қарасты Стратегиялық жоспарлау және даму басқармасының басшысы;
2020-2021 жылдары - ҚР БҒМ Павлодар педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры;
2021 ж. мамыр-қараша - ҚР БҒМ «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ талдау, мониторинг және бағалау департаментінің бас талдаушысы;
2021 ж. - 2023 ж. - ҚР БҒМ С.Алтынсарин ат. Ұлттық білім беру академиясының кәсіптік үздіксіз білім беру Институтының Адами капиталды дамыту және кәсіптік бағдарлау зертханасы меңгерушісінің м.а.;
2023 ж. - 2024 ж. - ҚР ҒЖБМ Стратегиялық жоспарлау және үйлестіру Департаментіне қарасты Стратегиялық жоспарлау басқармасының басшысы;
Қыркүйек 2024ж. – қазіргі уақытқа дейін «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ Стратегиялық даму департаментінің директоры.
|
2013-2015 |
маркетолог, ЖШС Мерей-Р, Жетісай қаласы / маркетолог, ТОО Мерей-Р, город Джетысай |
|
2015-2016 |
ЖШС Өркен кеңесші менеджер, Жетісай қаласы / ТОО Оркен менеджер консультант, город Джетысай |
|
2016-2017 |
құжаттарды рәсімдеу бойынша кеңесші, ЖШС "DIN GOLD", Жетісай қаласы / советник по оформлению документов, ТОО "DIN GOLD", город Джетысай |
|
2017-2021 |
директор, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы, Мақтаарал ауданы / директор филиала палаты предпринимателей Туркестанской области по Мактааральскому району, Мактааральский район |
|
2021-2021 |
депутат, жетінші шақырылымдағы Түркістан облысының маслихаты, Түркістан қаласы / депутат седьмого созыва маслихата Туркестанской области, город Туркестан |
|
2021-2021 |
1-ші санаттағы сарапшы, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасының Мақтаарал аудандық филиалы, Мақтаарал ауданы / эксперт 1- категории филиала палаты предпринимателей Мактааральского района Туркестанской области, Мактааральский район |
|
2021-2022 |
басшы орынбасарының м.а., Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы, Түркістан қаласы / и.о. заместителя руководителя управления инвестиции и экспорта Туркестанской области, город Туркестан |
|
2022-2023 |
басшы орынбасары, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы, Түркістан қаласы / заместитель руководителя управление инвестиции и экспорта Туркестанской области, город Туркестан |
|
2023-2025 |
басшы орынбасары, Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, Түркістан қаласы / заместитель руководителя управления предпринимательства и промышленности Туркестанской области, город Туркестан |
|
2025-2025 |
бас директор орынбасары, «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» ЖШС/заместитель генерального директора, ТОО» туристский информационный центр» Open Turkistan» |
|
2025-2026 |
Ғылыми жобаларға инвестиция тарту бойынша директор орынбасары, Түркістан облысының білім басқармасының Түркістан қаласының білім бөлімінің "Оқушылар сарайы" ШЖҚ МКК/ Заместитель директора по привлечению инвестиций в научные проекты, ГКП на ПХВ "Дворец школьников" отдела образования города Туркестан управления образования Туркестанской области |
|
30.01.2026 қазіргі уақытқа дейін /по настоящее время |
Директор -"AGRO & BUSINESS TV" ЖШС / ТОО "AGRO & BUSINESS TV" - Директор |
|
06.04.2026 қазіргі уақытқа дейін /по настоящее время |
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің инвестициялық жобалар және активтер департаментінің директоры / Директор департамента инвестиционных проектов и активов Казахского агротехнического исследовательского университета имени С. Сейфуллина |
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы /
|
2004-2008 жж.- Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті ҚазЭУ |
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары |
«Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі - 24.12.2021 ж. «Алтын қыран» медалі-15.10.2021ж. |
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.