Басты бет / Факультеты и кафедры / Қазақстан тарихы кафедрасы
Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақстан тарихы кафедрасы

 

«Қазақстан тарихы» кафедрасы – студенттердің тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге бағытталған кәсіби ғылыми-педагогикалық ұжым. Кафедра қызметі білім алушылардың тарихи дүниетанымын кеңейтуге, сыни ойлау қабілетін дамытуға, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді нығайтуға, сондай-ақ ұлттық тарихқа құрметпен қарайтын, қоғамдық өмірге белсенді қатысатын тұлға тәрбиелеуге бағытталған.

Кафедраның мақсаты

Қазақстан Республикасының тарихын оқыту және ғылыми зерттеу арқылы білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және қоғамның әлеуметтік-мәдени дамуына үлес қосатын білікті мамандар даярлауға үлес қосу.

Кафедраның міндеттері

  • Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін зерттеу және ғылыми айналымға жаңа деректер енгізу арқылы кафедраны ғылыми-зерттеу орталығы ретінде дамыту;
  • тәжірибе алмасу және бірлескен ғылыми-білім беру жобаларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанның және шет елдердің ғылыми әрі қоғамдық ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейту;
  • жастар арасында тарихи сананы, азаматтық жауапкершілікті және патриоттық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстарын дамыту;
  • білім алушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне қатысуын арттыру және олардың тарихи ойлау, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Білім беру қызметі

Кафедраның білім беру қызметі білім беру бағдарламаларына сәйкес ұйымдастырылып, даярлықтың әртүрлі деңгейлерінде жүзеге асырылады. Оқу үдерісі қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Кафедра университеттің тарихшы емес білім беру бағдарламаларында білім алатын студенттерге арналған «Қазақстан тарихы» пәнін оқытуды қамтамасыз етеді.

Бірінші курста тарихшы емес мамандықтарда білім алатын бакалавр студенттері «Қазақстан тарихы» пәнін оқиды. Бұл курс Қазақстан аумағындағы ежелгі дәуірден бастап қазіргі кезеңге дейінгі тарихи үдерістерді, қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуын, қоғамның саяси, әлеуметтік және мәдени эволюциясын қарастырады. Пәнді оқыту білім алушылардың тарихи санасын қалыптастыруға, ұлттық тарихтың негізгі кезеңдерін түсінуге және тарихи оқиғаларды ғылыми тұрғыдан талдауға бағытталған.

Пәнді оқу семестр соңында мемлекеттік емтихан тапсырумен аяқталады, бұл студенттердің Қазақстан тарихы бойынша алған білімдерін кешенді түрде бағалауға мүмкіндік береді.

2025–2026 оқу жылында Қазақстан тарихы кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру кадрлық әлеуетті дамыту және білім беру сапасын қамтамасыз ету саясаты аясында жүйелі түрде жүзеге асырылды. Біліктілікті арттыру жөніндегі деректерге жүргізілген мониторинг кафедраның кәсіби даму (Continuous Professional Development – CPD) тетіктері НААР және басқа да аккредиттеу агенттіктерінің талаптарына сәйкес жұмыс істейтінін көрсетеді.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 22 адамнан тұрады, оның ішінде 3 тарих ғылымдарының докторы, 10 тарих ғылымдарының кандидаты, 6 PhD докторы және 3 ғылым магистрі бар. Кафедрада 1 зертхана іс-жүргізуші жұмыс істейді. Штаттағы оқытушылар үлесі – 95 %, ғылыми дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 85 %. Кафедрада 2 профессор және 7 қауымдастырылған профессор (доцент) қызмет атқарады.

 

«Ғылыми тағылымдама және біліктілікті арттыру» бағыты аясында кафедра оқытушылары білім беру үдерісіне заманауи педагогикалық және цифрлық тәжірибелерді енгізуге бағытталған халықаралық кәсіби даму бағдарламаларына белсенді қатысады.

2025–2026 оқу жылындағы біліктілікті арттыру бойынша жүргізілген мониторинг Қазақстан тарихы кафедрасында профессор-оқытушылар құрамының кәсіби дамуы жүйелі, мақсатты және нәтижеге бағдарланған түрде жүзеге асырылып отырғанын көрсетеді. Алынған сертификаттар кафедраның кадрлық әлеуетінің жеткілікті деңгейде екенін, оқу үдерісінің сапасын арттыруға бағытталған тұрақты жұмыс жүргізілетінін және институционалдық әрі бағдарламалық аккредиттеу талаптарын орындау үшін сенімді дәлелдік базаның қалыптасқанын айғақтайды, орысша аудару керек



Кафедра тарихы

1991 жылы «Қазақстан тарихы» кафедрасының құрылуы туралы бұйрыққа  қол  қойды.

Кафедраның қалыптасу кезеңі 1991-1996 жж. кафедраның бірінші меңгерушісі болған т.ғ.к. доцент Нұртай Жетпісбайұлы Ағыбаевтың тұсында басталды. Кафедраның қалыптасуына ат салысқан құрметті ардагерлер: Ж.И. Искаков, А.И. Губанова, П.П.Головина, Н.А.Самсонова, А.М.Мұқажанова.

Кафедраның дамуына үлес қосқан «Қазақстан тарихы» пәнінің алғашқы оқытушылары: Г.М. Какенова, С.А. Макен, К.О. Кашаева, Р. Халиков, И.Н.Воловинская болды. Кафедрада жас оқытушылар қажырлы еңбек етті. Олардың қатарында Р.Т. Кабиева, С.В. Завгородняя, Д.Б. Шаймерденова, А.К. Баянова, Б. Оросхан, Е.В.Щелокова, З.Е. Елешова, А.М.Сүлейменов, С.Б.Жайнақова, Ж.С.Мажитова, Б.К.Омарова және т.б. болды.

Әр уақытта кафедрадағы оқу-әдістемелік жұмыстың сапасын жақсартуда аға лаборанттар: Н.Малецкая, М.Біркемелова, А.Исабекова, Ж.Садықова, Г.Асаинова, Ж.Әлменова  ықпал жасады.

1996-2001 жж. кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты Г.А.Алпыспаева басқарды. Осы уақыт аралығында үлкен ұйымдастыру жұмыстары жүргізіліп, оқу жоспарына қосымша арнайы курстар мен пәндер енгізілді. Атап айтар болсақ, олар - «Қазақстан тұрғындарының көп ұлтты құрамының қалыптасуы», «Қазақ халқының рухани мұрасы», «Қазақстанның экономикалық тарихы». Осы жылдары кафедраның пәндерін оқыту үшін әдістемелік база дайындалды.

2002-2004 жж. кафедраны философия ғылымдарының кандидаты, доцент А.К. Әбдинаның басқарған жылдарында кафедраның ғылыми өмірі жанданып, оның ғылыми әлеуетінің дамуына мүмкіндік туғызды.  

2004-2013 жж. кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Әубакірова Хадиша Әлкейқызы басқарды. Осы жылдары кафедраның ғылыми-педагогикалық және материалдық-техникалық базасын жасақтауда қажырлы жұмыстар жүргізілді. Бұл қазіргі кезеңнің талаптары деңгейінде оқу-тәрбие үрдісі мен интеллектуалдық ізденістерді жүргізуге жағдай жасады.

2013 жылғы сәуірде 2022 жылғы қыркүйекке дейін кафедраны тарих ғылымдарының кандидаты Бекмағанбетов Өмірбай Жолдасбекұлы табысты басқарды.Көшбасшы ретінде ол кәсіби шеберліктің жоғары деңгейіне,педагогикалық құзыреттілікке ие болды,ұжымның жұмысын тиімді ұйымдастырды.

2022 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін кафедра меңгерушісі қызметін философия докторы (PhD) А.П.Алиакбарова атқарып келді

Халықаралық ынтымақтастық

Университетте кәсіби жағынан өсу үшін жағдай жасалған. Профессор-оқытушылар құрамының кәсіби біліктілігін көтеруге ерекше назар аударылып отыр. 2023 жылы қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. А.Ж.Ғабдулина 26.05.24-27.05.25 аралығында АҚШ, Иллинойс, Урбана-Шампейн,  Иллинойс университетінде «Болашақ» бағдарламасымен «Педагогика» бағытында ғылыми тағылымдаман өтуде.

Сонымен қатар кафедрамызда академиялық ұтқырлық жоспарына сәйкес  қонақ дәрісін өткізу дәстүрге айналып отыр. 2022-2024 жылдар аралығында қонақ дәрісін Түркия Республикасы, Стамбул қ., Мимар-Синан көркем университетінің профессоры, т.ғ.д Әбдуакап Қара, Анкара Қажы Байрам Уәли Университетінің профессоры, т.ғ.д Гүлжанат Құрманғалиева Ерджиласун, Ресей ғылым академиясының Ресей тарихы институтының бас ғылыми қызметкері,   т.ғ.д., профессор- Аманжолова Дина Ахметжанқызы; Ресей Федерациясы өлкетану одағының мүшесі, т.ғ.к. - Т.И. Тугай оқыды. Қонақ дәрісінің мақсаты: Университетіміздің білім алушыларының отан тарихына деген қызығушылығын арттыру, дәріс тақырыптарына сәйкес терең білім беру.

Кафедра оқытушылары халықаралық деңгейдегі әртүрлі кездесулер шараларға белсенді қатысуда. 

   

Ғылыми-зерттеу қызметі

Қазақстан тарихы кафедрасында кафедра пәндерінің басым мәселелері бойынша мынадай ғылыми бағыттар қалыптасты: XIX-XX ғасырлардағы Қазақстанның тарихи урбанистикасы, тың игеру жылдарындағы Қазақстанның солтүстік облыстарындағы әлеуметтік үдерістер, Қазақстанның шығыс өңіріндегі өнеркәсіптік даму тарихы, әлемдік өркениеттердің құрамдас бөлігі ретіндегі түркілердің тарихи, мәдени мұрасы, Қазақстан тарихындағы әйелдер феноменінің проблемалары, Қазақстан тарихындағы тарихи тұлғалар және ұлт мәселесі.

Қазақстан тарихы кафедрасының ғылыми-зерттеу жұмысы негізінен үш бағытта жүргізіледі.

Бірінші бағыт: қазіргі қоғамда тіл мен тарихтың дамуына ықпал ететін ғылыми-теориялық семинарларды, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу, әлеуметтік-саяси және рухани-философиялық мәселелерді талқылауға қатысу.

Екінші бағыт: кафедра оқытушыларының халықаралық ғылыми конференцияларға қатысуы, ғылыми журналдарда мақалалар жариялау.

Үшінші бағыт: кафедрада ғылыми жобаларды дайындау және ғылыми тағылымдамадан өту.

Бірінші бағыт бойынша 2022-2025 жылдары кафедраның ПОҚ дөңгелек үстелдер, семинарлар мен конференциялар жұмысына белсенді қатысты. Жыл сайын сәуір айында кафедра оқытушылары республика мен Астана қаласының ауқымында «тарих онкүндігін» өткізеді.

Екінші бағыт аясында оқытушылар ғылыми-практикалық конференциялардың жұмысына қатысады, ғылыми журналдарда мақалалар жариялайды, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар шығарады.

Үшінші бағыт кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысты, оқытушылар түрлі гранттық, мемлекет қаржыландыратын жобаларда жұмыс істейді, сондай-ақ бастамашыл жобаларда зерттеумен айналысады.

2022-2025 жылдары кафедра оқытушылары жариялаған мақалалар саны 100-ден астам мақаланы құрайды.   

Ғылыми-зерттеу жобалары

2022 жылы т.ғ.д., профессор Г.А. Алпыспаеваның ғылыми жетекшілігімен «Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық қатынастар: ХХ ғасырдың басы - 1930 жылдардың аяғы» атты ҚР БҒМ гранттық қаржыландырудың ғылыми – зерттеу жобасы сәтті аяқталды.

2022 жылы Тарих және этнология институтының гранттық қаржыландыру жобасы аяқталды. Т.ғ.к., қауымдастырылған профессор К.В. Джумагалиева орындаған жобаның тақырыбы «XVIII – XIX ғасырдың I жартысындағы Кіші жүз көшбасшыларының отандық және шетелдік тарихтағы саяси портреттері».

2022-2025 жылдары ҚР БҒМ гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурстарына кафедра оқытушыларымен барлығы 10-нан астам жоба ұсынылды.

2024 жылы т.ғ.д., профессор Ғ.А. Алпысбаеваның жетекшілігімен «Исторический опыт государственно-конфессиональных отношений в Казахстане (1940-1990 гг.)» (2024-2026 жж-ға арналған жоба байқаудан өтіп, мақұлданды және жұмыс жасалып жатыр).

 

Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ төмендегі ынталы тақырыптар бойынша жұмыс жасауда:

1)  «Қазақ Елінің тұлғалары: тарих пен тағдыр» (01.01.2023 – 31.12.2026) Жетекшісі – т.ғ.д., профессор Нұрбай Қ.Ж. № 0123РКИ0120.

2)   Развитие промыслов в хозяйственной жизни казахского народа в XIX - начале XX вв. (01.01.2023 – 31.12.2026) Жетекшісі – т.ғ.к., доцент Джумагалиева К.В. № 0123РКИ0140. 2022-2025 оқу жылында ғылыми басылымдарда 10-нан астам мақала жарияланды Scopus базасы If 0-ден жоғары.

 

Кафедра оқытушыларының Хирша индекстері бар. 2025 жылғы ғылыми қызметінің нәтижелері бойынша Хирша - 2 индексі иегерлері Г.А. Алпыспаева, А.Ж. Габдулина, К.В. Джумагалиева,  Г.Ж. Жуман, А.П. Алиакбарова, Хирша – 1  индексі иегерлері Қ.Ж. Нұрбай,  Б.С. Абдильдина, Х.А. Аубакирова, Л.Т. Джумалиева, Б.Б. Енсепов, Ж.Р. Абишева.

2022-2025 жылдары баспадан шыққан монографиялар:

1. Нұрбай Қ.Ж., Алпыспаева Г.А., Джумагалиева К.В., Жуман Г., Габдуллина А.Ж. Кочевники и их роль в истории Евразии. (Ұжымдық монография. Алматы: издательство «New book». 172 с.). 2022 ж.

2.  Джумагалиева К.В. Политические портреты лидеров Младшего жуза в XVIII –  I половины XIX веков в отечественной и зарубежной историографии. Ұжымдық монография. Алматы, 2022 ж.

3. Енсепов Б.Б. Temirbek Jurgenov Araştırmaları-Hatırlar-Makaleler Sabı Ansat. Ұжымдық монография. Ankara, 2022 -140 s

4. Алпыспаева Г.А. Власть и религиозные организации в Казахстане. (1920-1930-е гг.). Астана. 2023.

5. Жұман Г. История переселенческого движения на территорию Аулие-Атинского уезда Сырдарьинской области во второй половине XIX - начале XX вв. Астана "FOCUS", 2023.- 210 с.

2022-2025 жылдары өткізілген ғылыми семинарлар:

  1. Алаш  қозғалысы: тарих, тағылым, тәжірибе атты республикалық ғылыми-танымдық семинар. Жетекшісі - Б.Б.Енсепов (2022 ж).
  2. Жошы хан және қазақ мемлекеттілігі: зерттеу мен оқытылудың өзектілігі. Жетекшісі - Смаханова Ж.С.Шақырылған: PhD, ҚР ҒжЖБМ ҒК «Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты» ШЖҚ РМК директоры Ж.М. Сабитов (2024 ж.)
  3. Ақмола облысы Щучинск қаласындағы  Nomadius түркі халықтарының этнографиялық өлкелік мұражайында облыстық деңгейдегі «Жоғары оқу орындарында Қазақстан тарихы пәнін оқытудың өзекті мәселелері» атты ғылыми семинар (2024 ж.)
  4. «Ономастика – төлтарихымызды зерттеудің дереккөзі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел (ономастика саласын жетілдіру)».Шақырылған: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Ел тарихы» орталығының ғылыми қызметкері, п.ғ.к., доцент С.Дүйсен.
  5. Ұлт тарихындағы тұлғатану мәселелері (Алаш зиялылары мысалында). Шақырылған: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің Ғылым комитетінің «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» Астана қаласындағы филиалының директоры Сарсембина Қ.Қ.
  6. «История развития транспортных коммуникаций и обязательств в России в XVII-XIX веках»Негізгі баяндамашы: John Randolph, Director University of Illinois Urbana-ChampaignCollege of Liberal Arts & Sciences, Russian, East European, And Eurasian Center, Champaign, IL, USA.
  7. Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. Алпыспаева Ғ.А. «Кеңес мемлекеті мен Қазақстандағы діни конфессиялардың өзара әрекеттесу мәселесін зерттеу методологиясы» тақырыбында методологиялық семинар.
  8. «Artificial Intelligence in Higher Education» - «Генеративный ИИ в высшем образовании: последствия и приложения» атты жасанды интеллектіге байланысты ғылыми семинар. Guest Speaker: Assistant Professor Vania Carvalho de Castro - UIUX, IL, USA. Online academic seminar, saturday date April 26. Time 18:00 PM Kazakhstan. Ағылшын тілінде.
  9. «Политические репрессии в Казахстане: проблема политической оппозиции» тақырыбында университет деңгейіндегі ғылыми семинар

Кафедра оқытушыларының біліктілігін арттыру

Кафедраның екі оқытушысы «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектері болып табылады: Ресей, Мәскеу – Н.К. Демеуова; Ұлыбритания - А.Ж.Габдулина; А.П.Алиакбарова Германияда "Өрлеу" бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама өткен. 2024 жылы  қауымдастырылған профессор, т.ғ.к. А.Ж. Габдулина «Болашақ» бағдарламасы бойынша төмендегі университетке түсті: USA, Illinois University, Urban-Champaign, Pedagogy және 2025 жылы аяқтап келді.

 

Сонымен қатар кафедраның профессоры, т.ғ.д. Г.А. Алпысбаева «Үздік ғылыми қызметкер - 2023» ұлттық байқауын жеңіп алды.

Кафедраның барлық ПОҚ "Традиции и обычаи тюркских народов: современные трансформации и особенности" тақырыбында 90 сағаттық қысқы мектеп жұмысына қатысты. (19.02-02.03.2024), Шымкент қаласы.

Алиакбарова А.П., Джумагалиева К.В., Габдулина А.Ж., Қоскеева Ә.М., Енсепов Б.Б., Демеуова Н.Қ., Смаханова Ж.С. - SKLAD білім беру онлайн-платформасы базасында «Педагогика одаренности: модели и практики от мировых экспертов» атты халықаралық тағылымдамадан өтті (8 - 10 қазан 2024 ж.)

Кафедраның төрт оқытушысы докторантурада нысаналы даярлық шеңберінде оқудан өтті.

1. А.М.Қоскеева - Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, 6D020300 - Тарих мамандығы, 2019 жылы қорғаған;

2. А.П.Алиакбарова - Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, 6D020300 - Тарих мамандығы, 2022 жылы қорғаған.;

3 Г.Б.Байжұма - Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, мамандығы 6D020300 - Тарих, 2022 жылы қорғаған;

4.Б.С.Абдильдина - Л.Н.Гумилев ат. Еуразия ұлттық университеті, мамандығы - 6D050200-саясаттану; қорғауға дайындық үстінде.

Асилов Қ.Р. – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың докторантурасында мақсатты даярлық аясында білім алуда.

Кафедраның 2 оқытушысы Р. Шнанов пен Ж.С. Смаханова (Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ, мамандығы - 6D020300-тарих) докторантураны аяқтап, қорғауға дайындалуда.

2022-2025 жылдары қауымдастырылған профессор ғылыми атағын тарих ғылымдарының кандидаттары Б.Б. Енсепов, К.В. Джумагалиева, А.Ж. Габдулина, Г.Ж. Жұман, Ж.Р. Абишева, Л.Т. Джумалиева алды.

«Жәдігер» тарихи зерттеу орталығы ашылды

«Жәдігер» тарихи зерттеу орталығы 2026 жылдың 16 қаңтарында ашылды.

Мақсаты: Орталық Қазақстан тарихын терең зерттеу, тарихи ескерткіштерді, мәдени мұраны және археологиялық деректерді сақтау, талдау және насихаттау арқылы ұлттық тарихи сананы дамытуға бағытталған.

Бағыты:

  • Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен мәдени мұрасын зерттеу және сақтау;
  • Этнографиялық зерттеулер жүргізу;
  • Ғылыми мақалалар, зерттеу баяндамалары мен жобаларды дайындау;
  • Халықаралық ғылыми байланыстар орнату және тарихи білімді насихаттау.

  

Студенттік өмір

Қазақстан тарихы кафедрасының тәрбие жұмыстарының бағыттары:

- Азаматтық-патриоттық сананы қалыптастыру; 
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және дәріптеу; 
- Мелекеттік тілді насихаттау мен дәріптеу және көптілді ортаны дамыту;
- Мәдени-зияткерлік және рухани адамгершілік;
- Көпмәдениетті сана мен этносаралық толеранттылықты қалыптастыру;

Кафедра профессор-оқытушылары жыл сайын Конституция, Мемлекет басшысының жолдаулары аясында студенттерге дәріс оқып, шаралар өткізіп келеді.

2022 жылы 3 қаращада А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров бастаған ұлт зиялыларының мерейтойына орай «Алаш қозғалысы: тарих, тағылым, тәжірибе» - атты студенттердің ғылыми-танымдық республикалық семинары өтті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.С.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, «Астана» медицина университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты. 

2023 жылы 21 қарашада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан тархы кафедрасының қауымдастырылған профессоры т.ғ.к., Енсепов Бауыржан Бердіқожаұлы «Еңбек адамы», адал еңбек қағидасы тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Дәріс сабағында адал еңбек туралы және оның негізгі бағыттары түсіндірілді. Әсіресе «адамзат дамуының эвалюциясындағы еңбектің рөлі», «Абай Құнанбаевтың адал еңбек қағидасы туралы ойлары», «алаш зиялыларының еңбек туралы стратегиялық тұжырымдары», «еңбек феномені және жаңа Қазақстан: бүгіні мен болашағы» сияқты бүгінде аса өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, жан-жақты талдау жасалынды. 

14 ақпан 2022 жылы Мимар Синан атындағы көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, шоқайтанушы Әбдуакап Қараның «Мұстафа Шоқайдың Қазақстан тарихы және Түрік дүниесіндегі орны мен маңызы» атты ашық онлайн дәріс өтті. Дәріс барысында Әбдуақап Қара Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты тың деректермен бөлісе отырып, оның Түркі дүниесіндегі орнын, жалпы тұлғалық болмысын тереңінен аша білді. Дәріс соңында сұрақтар қойылып, пікірлермен бөлісті. 

2022 жыды 20 мамырында Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Б.С.Абдильдинаның ұйымдастыруымен С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-дың 65-жылдығына орай «ҚазАТУ тарихын білесің бе?» атты танымдық ойын өтті.  Ал, 2021  жылы 10 қарашада «Қазақстандағы Президенттік институт: бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» - тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Жезқазған политехникалық колледжі, «Астана» медицина университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты.

2023 жылы 15 қаррашада А.П.Алиакбарованың ұиымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы теңге: тарих пен тағылым» атты іс - шара Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілген уақыты туралы шара өтті. Жалпы алғанда ұлттық валюта теңгенің өткені мен бүгіні және болашағы елімізің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тарихтан тағылым ала отырып, оны іс жүзінде жүзеге асыру тәжірбиесі жаңа Қазақстанның болашағын жарқын қылатыны туралы айтып өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары катысты.

2024 жылы 12 сәуірде Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған қалалық «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайыс Астана қаласының жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері арасында («Тарих» ББ басқа) интеллектуалдық сайыс өтті. «Қазақша Quiz»-ге С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана халықаралық университеті және Астана медицина университетінен құралған 4 команда қатысты. Сайыс барысында білім алушыларға Сәкеннің өмірі мен қызметі туралы көптеген мәселелер және архивтік фотолардан танымдық сұрақтар қойылды

 

2024 жылы 2 мамырда «Мирас» тарихи-танымдық жастар клубының ұйымдастыруымен «Латын әліпбиіне көшу тәжірибесі: мәселелері мен келешегі» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» - тақырыбындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары университеттің 1-курс студенттеріне 11.09.24-20.09.24 жж аралығында ашық дәріс сабақтарын өткізді.

Кафедра жанынан Атамекен тарих үйірмесі мен Мирас» тарихи-танымдық клубы жұмыс жасайды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ПОҚ және студенттерінен құрылған жеке тұлғалардың біріккен ұйымы. Атамекен тарих үйірмесі мен «Мирас» клубына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарында оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады. Студенттердің арасында іс-шараларды, кездесулерді өткізе отырып, олардың бойында тарихи сананы қалыптастыру, өз ойын жеткізе алу, сөйлеу шеберлігін шыңдаумен айналысады.

Тәрбие жұмысы

Қазақстан тарихы кафедрасының тәрбие жұмыстарының бағыттары:

- Азаматтық-патриоттық сананы қалыптастыру;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және дәріптеу;

- Мелекеттік тілді насихаттау мен дәріптеу және көптілді ортаны дамыту;

  • Мәдени-зияткерлік және рухани адамгершілік;

- Көпмәдениетті сана мен этносаралық толеранттылықты қалыптастыру;

Кафедра профессор-оқытушылары жыл сайын Конституция, Мемлекет басшысының жолдаулары аясында студенттерге дәріс оқып, шаралар өткізіп келеді.

Ұлы Абайдың «Толық Адам» іліміне жастардың қызығушылығын арттырып, рухани құндылықтарды түсіндіру арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Жанар Сатылғанқызы Смаханова және «Шырақ» ИПК-ның ұйымдастыруымен С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-нің студенттері арасында «Хакім іздеген «толық адам» жастардың көзімен» атты университет ішілік дебат өтті.

 

2025 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасының ұлттық академиялық кітапханасында Академик Кеңес Нүрпейістің 90 жылдығына орай «Дарабоз тарихшы» - атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, Энергетикалық факультеттің 24-03 оқу тобының студенттері мен осы университеттің жанынан құрылған «Мирас» тарихи-танымдық жастар клубының (жетекшісі Бауыржан Бердіқожаұлы) мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелде АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан Республикалары мен еліміздің ЖОО-ның ғалымдары баяндамалар жасады. Дөңгелек үстелді Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор, академик Б.Ғ.Аяған жүргізіп отырды. Дөңгелек үстел барысында тарихшы ғалымдар академик Кеңес Нүрпейістің өмірі, қызметі, шығармашылығына кеңірек тоқталды. Сонымен бірге, ХХ ғасырдағы Отан тарихы ғылымының өзекті мәселелері, Алаш қозғалысы, Интеллигенция, Советтік Қазақстанның билік жүйесі, Репрессия және тағы дабасқа мәселелер талқыланды.Осы шарадан Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері зор тағылым алды.

28. 2025 жылдың 23 сәуірде Гуманитарлық факультет жанындағы «Мирас» тарихи-танымдық клубының ұйымдастыруымен (жетекшісі Бауыржан Бердіқожаұлы) С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, 08-062-24-04 оқу тобының студенттері мен «Мирас» тарихи-танымдық клубының мүшелері Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде болды. Көрме барысында ежелгі тас, қола, ерте темір дәуірі және орта ғасырдағы табылған жәдігерлермен танысты. Атап-айтқанда, Музей қызметкерлері студенттерге Ботай, Жетіасар, Сақ мәдени ескерткіштері, сонымен бірге орта ғасырдағы Күлтегін және тағы да басқа жәдігерлерге талдау жасады.

   

 

30. 2025 жылдың 23 сәуірінде С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ КеАҚ №8 жатақханасында Гуманитарлық факультет жанындағы «Әкелер кеңесінің» мүшесі доцент Енсепов Бауыржан Бердіқожаұлының ұйымдастыруымен «Діни экстремизмнің алдын алу бүгінгі қоғамның басты міндеті» тақырыбында ашық дәріс өтті. Дәрісті университеттің теологы Ерғали Зайтхан оқыды.Дәрісте экстремизм және терроризм ұғымдары, сондай-ақ экстремизм мен терроризмді насихаттайтын интернет-ресурстардың қауіптілігі, дәстүрлі емес діни ағымдардың зиянды ықпалы мен қылмыстық жауапкершілік мәселелері қарастырылды.Дәрістің негізгі мақсаты – жастардың бойында экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыра отырып, оларды ел тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын терең түсініп, қадірлеуге бағыттау.

 

31. 2025 жылдың 15 сәуірі күні № 7 студенттер жтақханасында Б.С.Абдильдинамен Г.Б.Байжұманың ұйымдастыруымен «Сәкен мұрасы: тарих пен тағылым» атты тарихи танымдық іс-шара өткізілді. Шараға техникалық факультетінің 1 курс студенттері қатысты. Шара барысында студенттер Сәкен Сейфуллинннің өмірі мен қызметі, әдеби шығармалары туралы қызықты мәліметтерді дайындап, ақынның бірнеше өлеңдерін жатқа оқыды.

2024 жылы 12 сәуірде Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арналған қалалық «Қазақша Quiz» интеллектуалдық сайыс Астана қаласының жоғары оқу орындарының 1-курс студенттері арасында («Тарих» ББ басқа) интеллектуалдық сайыс өтті. «Қазақша Quiz»-ге С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Астана халықаралық университеті және Астана медицина университетінен құралған 4 команда қатысты. Сайыс барысында білім алушыларға Сәкеннің өмірі мен қызметі туралы көптеген мәселелер және архивтік фотолардан танымдық сұрақтар қойылды.

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: құқық тәртібі, экономикалық өрлеу, қоғамдық оптимизм» - тақырыбындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында Қазақстан тарихы кафедрасының профессор-оқытушылары университеттің 1-курс студенттеріне 11.09.24-20.09.24 жж аралығында ашық дәріс сабақтарын өткізді.

 

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан тарихы кафедрасының оқытушылары, Б.Б.Енсепов, Р.Е.Асылгожина, Ж.С.Сымаханованың ұйымдастыруымен 2024 жылдың 29 қазанында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, жазушы, ақын С.Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік тұлға» - тақырыбында студенттердің тарихи-танымдық қалалық семинары офлайн форматында өтті.Оның жұмысына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, «Астана» медицина университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттері мен Мирас жастар клубының мүшелері қатысты.Семинар барысында студенттер Сәкен Сейфуллиннің қоғамдық-саяси қызметі мен Сәкен Сейфуллин шығармашылық мұрасының ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі және бүгінгі гуманитарлық білім мен ғылым туралы талқылап, ой-пікірлерімен бөлісті. Семинарға Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Б.Б.Енсепов модератор болды.Қорытындысында қатысушы cтуденттер дипломдар алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, студенттерге жетекшілік жасаған оқытушыларға сертификаттар табысталды.

 

2022 жылы 3 қаращада А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы, С.Торайғыров бастаған ұлт зиялыларының мерейтойына орай «Алаш қозғалысы: тарих, тағылым, тәжірибе» - атты студенттердің ғылыми-танымдық республикалық семинары өтті. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, М.С.Нарикбаев атындағы КАЗГЮУ университеті, «Астана» медицина университеті және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты.

2023 жылы 21 қарашада С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан тархы кафедрасының қауымдастырылған профессоры т.ғ.к., Енсепов Бауыржан Бердіқожаұлы «Еңбек адамы», адал еңбек қағидасы тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Дәріс сабағында адал еңбек туралы және оның негізгі бағыттары түсіндірілді. Әсіресе «адамзат дамуының эвалюциясындағы еңбектің рөлі», «Абай Құнанбаевтың адал еңбек қағидасы туралы ойлары», «алаш зиялыларының еңбек туралы стратегиялық тұжырымдары», «еңбек феномені және жаңа Қазақстан: бүгіні мен болашағы» сияқты бүгінде аса өзекті мәселелерге жеке-жеке тоқталып, жан-жақты талдау жасалынды.

14 ақпан 2022 жылы Мимар Синан атындағы көркем өнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, шоқайтанушы Әбдуакап Қараның «Мұстафа Шоқайдың Қазақстан тарихы және Түрік дүниесіндегі орны мен маңызы» атты ашық онлайн дәріс өтті. Дәріс барысында Әбдуақап Қара Мұстафа Шоқайдың өміріне қатысты тың деректермен бөлісе отырып, оның Түркі дүниесіндегі орнын, жалпы тұлғалық болмысын тереңінен аша білді. Дәріс соңында сұрақтар қойылып, пікірлермен бөлісті.

2022 жыды 20 мамырында Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы Б.С.Абдильдинаның ұйымдастыруымен С.Сейфуллин ат. ҚАТУ-дың 65-жылдығына орай «ҚазАТУ тарихын білесің бе?» атты танымдық ойын өтті.  Ал, 2021  жылы 10 қарашада «Қазақстандағы Президенттік институт: бірлік пен жасампаздықтың 30 жылы» - тақырыбында республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті. Оған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Жезқазған политехникалық колледжі, «Астана» медицина университеті мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттері қатысты.

2023 жылы 15 қаррашада А.П.Алиакбарованың ұиымдастыруымен «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы теңге: тарих пен тағылым» атты іс - шара Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге айналысқа енгізілген уақыты туралы шара өтті. Жалпы алғанда ұлттық валюта теңгенің өткені мен бүгіні және болашағы елімізің әлеуметтік-экономикалық дамуы, тарихтан тағылым ала отырып, оны іс жүзінде жүзеге асыру тәжірбиесі жаңа Қазақстанның болашағын жарқын қылатыны туралы айтып өтті. Іс-шараға кафедра оқытушылары катысты.

Кафедра жанынан Атамекен тарих үйірмесі мен Мирас» тарихи-танымдық клубы жұмыс жасайды. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ПОҚ және студенттерінен құрылған жеке тұлғалардың біріккен ұйымы. Атамекен тарих үйірмесі мен «Мирас» клубына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарында оқитын 1-4 курс студенттері қатыса алады. Студенттердің арасында іс-шараларды, кездесулерді өткізе отырып, олардың бойында тарихи сананы қалыптастыру, өз ойын жеткізе алу, сөйлеу шеберлігін шыңдаумен айналысады.

 

Байланыс

Қазақстан тарихы кафедрасы

Биология ғимараты

2715 – кафедра оқытушыларының,

2702 – кафедра меңгерушісінің кабинеті, қабылдау уақыты 14.30-16.30.

Телефон: 38-23-30

Кафедраның E-mail: kazakhstan.kafedra@mail.ru