Басты бет / Жаңалықтар / Халықаралық байланыстар тек студенттердің біліктілігін арттырып қана қоймай, ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді
Халықаралық байланыстар тек студенттердің біліктілігін арттырып қана қоймай, ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік береді

Просмотров: 1206

Жақында Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы университетінің (Сиань қ., Қытай) «Мал шаруашылығы», «Жануарлар туралы ғылым» және «Тағым қауіпсіздігі» мамандықтарының студенттері мен магистранттары және К.Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университетінің (Бішкек қ., Қырғызстан) «Зоотехния» мамандығының студенттері халықаралық академиялық ұтқырлық шеңберінде білім мен тәжірибе алмасу үшін С. Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-ң  «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетіне келді.

Сапардың мақсаты - мал шаруашылығы және ветеринария саласында оқыту және тәжірибе алмасу.

Академиялық ұтқырлық бойынша оқу барысында Қытай және Қырғыз университеттерінің студенттері Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының жетекші мал шаруашылығы кәсіпорындарында практикалық дағдыларға ие болады. Бұл тағылымдама оларға аграрлық салада шынайы тәжірибеден өтуге және алған теориялық білімдерін практикада қолдануға мүмкіндік береді.

Қонақтар біздің ЖОО-ның білім беру бағдарламаларымен, оқытудағы инновациялық тәсілдермен, Қазақстанда белсенді дамып келе жатқан ауыл шаруашылығы және ветеринария саласындағы жетістіктермен танысты, оқу зертханаларына барды, сондай-ақ оқу орнының инфрақұрылымымен және оның ғылыми-зерттеу жобаларымен танысу мақсатында университет кампусы бойынша таныстыру экскурсиясы ұйымдастырылды.

Бұл тағылымдама біздің университеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастық пен білім алмасуды дамытудағы маңызды кезең болып табылады.

Біз Қытай және Қырғызстан университеттерімен әріптестікті жалғастыру айтарлықтай нәтижелер әкелетініне және аграрлық білім мен ғылымды дамытуға ықпал ететініне, халықаралық байланыстарды нығайтуға, студенттердің біліктілігін арттыруға және мал шаруашылығы мен ветеринария саласындағы ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз.