Просмотров: 99
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде «АгроНТРИ-2026» халықаралық байқауының «Агроғарыш» номинациясы бойынша халықаралық суперфиналға қатысатын Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасына үміткерлерді іріктеудің екінші кезеңі өтті.
Байқау оқушыларды агроөнеркәсіп кешеніндегі заманауи технологиялармен таныстыруға, олардың инженерлік және зерттеушілік ойлау қабілетін дамытуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы саласындағы мамандықтарға қызығушылығын арттыруға бағытталған. «Агроғарыш» номинациясы спутниктік мониторинг, Жерді қашықтан зондтау, цифрлық және дәлме-дәл егіншілік сияқты перспективалы бағыттарды қамтиды.
Іріктеу кезеңіне Ақмола облысынан келген оқушылар қатысты. Олардың қатарында Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің, IT-лицейдің, №17 мектептің және басқа да білім беру ұйымдарының оқушылары бар. Қатысушылар робототехника, 3D-инжиниринг, IT және зерттеу қызметі салаларындағы білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті.
Байқаудың ашылуы салтанатына қатысқан ҚАТЗУ Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректоры Сәрсенбай Абдрахманов аграрлық ғылымды, инженерлік шешімдер мен ғарыштық технологияларды ұштастырудың маңыздылығына тоқталды.
«Бүгінде агротехнологиялар тек жер мен өнімнен тұрмайды. Оған егіс алқаптарын спутниктік мониторингтеу, цифрлық егіншілік, қашықтан зондтау және жаңа буын инженерлері мен агрономдарын даярлаудың бір бөлігіне айналған заманауи әзірлемелер кіреді. Дәл аграрлық ғылым мен заманауи технологиялардың тоғысында азық-түлік қауіпсіздігі мен технологиялық дамуды қамтамасыз етуге қабілетті шешімдер пайда болады», – деді Сәрсенбай Абдрахманов.
Қатысушыларға Қазақстан Республикасындағы Россотрудничество өкілдігінің жоғары оқу орындарымен жұмыс жөніндегі жетекшісі Наталья Жданова да құттықтау сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік, өз күштеріне сенімділік және байқау сынақтарында табыс тіледі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын ҚАТЗУ өкілдері мен инженерлік және цифрлық технологиялар саласындағы мамандардан құралған комиссия бағалады.
Сайысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚАТЗУ және П.А. Столыпин атындағы Омбы мемлнкеттік аграрлық университеті бірлесіп өткізді. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша «АгроНТРИ-2026» халықаралық суперфиналында Қазақстан атынан қатысу мүмкіндігі үшін жарысты жалғастыратын үздік қатысушылар анықталды.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.