Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ-да Қазақстан халқы тілдері күніне орай университетішілік диктант өтті
ҚАТЗУ-да Қазақстан халқы тілдері күніне орай университетішілік диктант өтті

Просмотров: 178

2026 жылғы 3–4 қыркүйекте С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде оқу орнының 70 жылдық мерейтойы мен Қазақстан халқы тілдері күні аясында Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Тіл – ұлт рухы» тақырыбында университетішілік диктант ұйымдастырылды.

Диктантқа университеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша 3 мыңға жуық бірінші курс студенті қатысты.

Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілдің қоғамдық маңызын дәріптеу, білім алушылардың жазу сауаттылығы мен тілдік мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми-ағартушылық мұрасын насихаттау.

Мәдени-ағартушылық іс-шараны Гуманитарлық-педагогикалық ғылымдар институтының Қазақ және орыс тілдері кафедрасының қауымдастырылған профессоры А.Ш. Тлеулесова, аға оқытушы Ғ.Ж. Абылқасов және кафедра оқытушылары ұйымдастырды.

Диктант қорытындысы бойынша оқытушылар жұмыстарды тексеріп, жоғары нәтиже көрсеткен студенттерді атап өтті. Іс-шара жастардың тілдік сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік тілге және ұлттық құндылықтарға деген құрметті нығайтуға бағытталды.