Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ ғалымы «Ауыл аманаты» бағдарламасының үш жылдық нәтижесін талқылауға қатысты
ҚАТЗУ ғалымы «Ауыл аманаты» бағдарламасының үш жылдық нәтижесін талқылауға қатысты

Просмотров: 435

2026 жылғы 4 тамызда «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында «Ауыл аманаты: үш жылдағы нәтиже» тақырыбы талқыланды.

Бағдарламаға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті Бизнес және цифрлық технологиялар институтының қауымдастырылған профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика, менеджмент және маркетинг» білім беру бағдарламалары тобының жетекшісі Дарима Жеңісхан сарапшы ретінде қатысты.

Эфир барысында ғалым AP23486198 «Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытудың ұйымдастырушылық-басқарушылық, әлеуметтік-экономикалық тетіктерін зерттеу және олардың Қазақстан ауыл тұрғындарының кірісі мен өмір сүру сапасын арттыруға әсерін бағалау» ғылыми жобасы аясында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарының нәтижелерін таныстырды.

Сонымен қатар «Ауыл аманаты» бағдарламасының үш жыл ішінде қол жеткізген нәтижелері, оның ауыл тұрғындарының табысын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға және ауылдық жерлерде жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруға ықпалы талқыланды.

 

 

Бағдарламаның толық нұсқасы:

https://qazaqstan.tv/videos/220865

 

Instagram:

https://www.instagram.com/reel/DboIDnPI-jX/