Басты бет / Жаңалықтар / ҚАТЗУ командасы киберспорттық турнирде жүлделі орын иеленді
ҚАТЗУ командасы киберспорттық турнирде жүлделі орын иеленді

Просмотров: 37

2026 жылғы 13 қыркүйекте Астана қаласында Counter-Strike 2 ойыны бойынша киберспорттық турнир өтті. Іс-шараны «Астана – есірткісіз қала» бастамасы аясында Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды.

Жарысқа елорданың жастар командалары қатысты. С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің студенттерінен құралған команда турнир қорытындысы бойынша III орынға ие болды.

Іс-шара жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, командалық өзара іс-қимылды дамытуға және бос уақытты тиімді өткізуге бағытталды.