Басты бет / Жаңалықтар / Тәжірибелік ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру – ветеринария саласын дамытудың маңызды векторы
Тәжірибелік ветеринариялық мамандардың біліктілігін арттыру – ветеринария саласын дамытудың маңызды векторы

Просмотров: 2290

С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ Үздіксіз және қосымша білім беру орталығы ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің «Ветеринариялық медицина»кафедрасымен бірлесе отырып,  «Ветеринария саласындағы инновациялық әдістер: аса қауіпті инфекциялық аурулардың диагностикасы және алдын алу шаралары» тақырыбында 2024 жылдың 28 қазаны мен 08 қарашасы аралығында «Olympvet» ЖШС -нің ветеринария дәрігерлері мен зертхана қызметкерлеріне арналған біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Курс жетекшісі – ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент м.а., «Ветеринариялық медицина» кафедрасының меңгерушісі Кемешов Ж.О.

Курстың негізгі мақсаты - кәсіптік қызметті тиімді орындау бойынша қажетті қосымша құзыреттіліктерге ие болу.

Курстың міндеті - кәсіптік қызмет дағдыларын дамыту, аса қауіпті және трансшекаралық жұқпалы аурулардың диагностикасы мен алдын алу бағытында біліктілікті  арттыру және заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру.

Курс барысында тыңдаушылар  аса қауіпті жұқпалы ауруларды диагностикалау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттамадағы өзгерістермен, сондай-ақ жұқпалы және инвазиялық аурулардың алдын алудың инновациялық әдістерімен танысты.  Тыңдаушылар  диагностиканың жаңа стандарттары мен технологияларын қолданудың практикалық дағдыларын меңгерді, сондай-ақ заңнамалық өзгерістер және олардың кәсіби қызметке әсері туралы өзекті ақпараттар алды.

Курс соңында оқу бағдарламасын толық игеріп, сәтті аяқтаған тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.