Просмотров: 62
2026–2027 оқу жылының басталуына орай институттың алғашқы отырысында құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Отырысқа арнайы қонақ ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің басшысы Қайыржан Ахметбекұлы Токушев қатысты.
Кездесу барысында Қайыржан Ахметбекұлы профессор-оқытушылар құрамын университетте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Сонымен қатар еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарына тоқталып, академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды ұстану, сондай-ақ ұжымда жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларға негізделген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – университет ұжымының құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру.
Жаңа оқу жылында университет табалдырығын алғаш аттаған бірінші курс студенттері, барлық білім алушылар мен жаңадан қабылданған оқытушылар үшін заң мен тәртіп талаптарын сақтау, академиялық адалдық пен жауапкершілік қағидаттарын берік ұстану айрықша маңызды.
Заңға құрмет – тәртіптің бастауы.
Адалдық – білім мен кәсібиліктің негізі.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.