Басты бет / Бұқанов Сайран Балкенұлы
Бұқанов Сайран Балкенұлы

Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің
2009 жылғы 4 желтоқсандағы Жарлығымен)

1950 жылғы 19 тамызда Қостанай облысы Ленин ауданы К.Маркс атындағы кентінде туған. 

Еңбек жолы:

-    1973 жылдан «Боровской» совхозында агроном;
-    Әскерде қызмет еткеннен кейін "Теңіз" шаруа қожалығында агроном;
-    1976 жылдан бастап 1980 жылға дейін «Ақсуат» совхозында бас агроном;
-    1982 жылдан 1984 жылға дейін осы «Ақсуат» бордақылау кәсіпорынын басқарды; 
-    1984 жылы маусым айында «Харьков» астықты кеңшарының директоры;
-    1997 жылдан бүгінге дейін Қостанай облысы Меңдіқара ауданы «Қаркен» ЖШС-нің директоры. 

Марапаттары:

- "Қазақстанның Еңбек Ері"  алтын жұлдызы (2009);
- «Отан» ордені (1999);
- "Құрмет" ордені;
- "Тыңға 50 жыл" мерейтойлық медалі;
- "Парыз"республикалық байқауының лауреаты;
- "Атамекен" Одағы Ұлттық Экономикалық палатасының алтын медалі;
- Қостанай облысының Құрметті азаматы;
- Меңдіқара ауданының Құрметті азаматы.