Басты бет / Двуреченский Валентин Иванович
Двуреченский Валентин Иванович

(07.01.1936-02.09.2014) 

Қазақстанның Еңбек Ері
 (Қазақстан Республикасы Президентінің 
2011 жылғы 11 қарашадағы Жарлығымен)

1936 жылғы 7 қаңтарда Воронеж облысы Большая Алексеевка ауылында дүниеге келген. Кеңес Үкіметінің және Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі (1990-1992).

Еңбек жолы: 

-    1962 жылдан Қостанай облысы Әулиекөл ауданы "Раздольный" совхозының бас агрономы;
-    1967 жылдан Қостанай облысы Наурызым ауданы "Буревестник" совхозының бас агрономы;
-    1970 жылдан Қостанай облысы Жетіқара ауданы "Шевченковский" совхозының директоры;
-    1973 жылдан Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бірінші орынбасары; 
-    1975 жылдан Қостанай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы;
-    1982 жылдан Қостанай облысы Қазақстан КП Урицкий аудандық комитетінің бірінші хатшысы;
-    1985 жылдан Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің екінші хатшысы;
-    1986-1992 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты;
-    1989 жылдан Қазақстан КП ОК хатшысы;
-    1990-1992  жылдары Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы министрі;
-    1992 жылдың ақпан айынан "Қостанай АШҒЗИ" ЖШС Бас директоры.

Марапаттары:

- Қазақстанның Еңбек Ері (2011);
- «Ленин» ордені (1976);
- «Еңбек Қызыл Ту» ордені (үш рет);
- "Құрмет" ордені;
- "Отан" ордені (1999);
- "Парасат" ордені (2005);
- "Тыңға 50 жыл" медалі;
- «40 лет СО Россельхозакадемии 1969-2009» медалі (2010);
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасы;
- ҚР еңбек сіңірген агрономы.