Басты бет / Есімов Ахметжан Смағұлұлы
Есімов Ахметжан Смағұлұлы

Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің 
2017 жылғы 5 желтоқсандағы Жарлығымен)

1950 жылғы 15 желтоқсанда Алматы облысы Қаскелең ауданы Комсомол селосында дүниеге келген. Мемлекеттік және саяси қайраткер. 

Еңбек жолы:

- 1968 жылы "Дружба" совхозында спорт әдіскері; институтты бітіргеннен кейін "Ленинский" совхозында инженер-механик, Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ кәсіподақтар жұмыс комитетінің төрағасы;
- 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Қаскелең аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы, "Ленинский" совхозы парткомының хатшысы;
- 1982 жылдан Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы;
- 1983 жылдан "Ленинский" совхозының директоры;
- 1985 жылы Қаскелең аудандық атқару комитетінің төрағасы;
- 1986 жылы Қазақстан Компартиясы Чили аудандық комитетінің бірінші хатшысы;
- 1988 жылдан бастап Алматы облыстық атқару комитетінің бірінші орынбасары-облыстық өнеркәсіп төрағасы, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің хатшысы;
- 1990 жылы Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп төрағасының бірінші орынбасары, ал 1991 жылдан бастап Қазақ КСР Ауыл шаруашылығы және даму министрінің бірінші орынбасары;
- 1991 жылғы қыркүйектен 1992 жылғы ақпанға дейін Алматы облыстық халық депутаттары Кеңесінің төрағасы;
- 1994 жылғы желтоқсанға дейін Алматы облыстық әкімшілігінің басшысы;
- 1994-1998 жылдары Премьер-Министрдің орынбасары, Мемлекеттік хатшы, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары — Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы;
- бірнеше жыл бойы Бельгия Корольдігінде, Нидерланды Корольдігінде және Люксембург Ұлы Герцогтігінде Төтенше және Өкілетті Елші лауазымдарында Қазақстанның мүддесін қорғады. Қазақстан Республикасының ЕО мен НАТО-ға өкілдігін енгізді.
- 2001 жылғы мамырдан 2006 жылғы қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі, Премьер-Министрдің орынбасары;
- 2006 жылғы 19 қаңтардан Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;
- 2008 жылғы 4 сәуірден Алматы қаласының әкімі;
- 2008 жылғы 16 қазаннан "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалының төрағасы;
- 2015 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті болып "Астана ЭКСПО-2017 "Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы;
- 2017 жылғы 23 желтоқсанда "Самұрық-Қазына "ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды;
- 2021 жылғы 21 сәуірден Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасының штаттан тыс кеңесшісі.

Марапаттары:

- «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы (2017);
-«Құрмет белгісі» ордені (1982);
- Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген ауыл шаруашылығы қызметкері (Қырғызстан, 1995); 
- «Манас-1000» мерейтойлық медалі (Қырғызстан, 1995);
- «Парасат» ордені (2002);
- Украина Министрлер Кабинетінің Құрмет грамотасы (Украина, 2004);
- «Отан ордені» (2007);
- «Астанаға 10 жыл» медалі (2008);
- Астана қаласының құрметті азаматы (2009);
- «Жыл әкімі» «Алтын Адам» сыйлығы, «Жыл адамы» (2009);
- «За заслуги перед Республикой Польша» ордені (2011);
- «Алтын Адам» сыйлығына «Жыл әкімі» [2011]; 
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі (2011);
- «Жыл әкімі» «Алтын Адам» сыйлығы (2014);
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев» ордені (2012).