|
Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 3 желтоқсандағы Жарлығымен)
1947 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысы Қарабалық ауданы Боскөл ауылдық кеңесінің Бускүл ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.
Еңбек жолы:
- институтты бітіргеннен кейін бір жыл туған жерінде агроном болып жұмыс істеді.
- 1972 жылы Қостанай облысы Камышнин ауданы А.С.Пушкин совхозының бас агрономы;
- 1981 жылы А.С.Пушкин совхозының директоры;
- 1985 жылы Камышнин аудандық ауыл шаруашылығы басқармасын басқарды.
- 1987 жылы 22 сәуірінен Қостанай облысы Камышнин ауданының И.Алтынсарин совхозының директоры қызметін атқарды.
- 1997 жылдың желтоқсанында Қостанай облысы Қамысты ауданының И. Алтынсарин совхозы «Жабық типтегі акционерлік қоғам» болып қайта құрылды. Сол жылы оның құрамына «Алтынсаринское ППП» АҚ және «Три В» АҚ кірді. Сонымен қатар «Красный Октябрь» совхозы сатып алынды, оны сауатты зоотехниктер өз күшімен дамытты және бірден қазақтың ақбас сиырларының 2 мың аналық басын әкелді. Бұл совхоз 2003 жылдың қазан айынан бастап «Алтынсарино» ЖШС болып қайта құрылды.
- 2023 жылға дейін «Алтынсарино» ЖШС басқарды. Қостанай облыстық мәслихатының депутаты.
Марапаттары:
- Қазақстанның еңбек Ері (2015)
- «Отан» ордені;
- «Парасат» ордені;
- «Құрмет» ордені;
- «Астана» медалі;
- «Тыңға 50 жыл» мерейтойлық медалі;
- «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі;
- «Тың жерлерді игергені үшін» медалі;
- «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі;
- Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;
- «Шапағат-2007» сыйлығының лауреаты.
|