Басты бет / «Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі» тақырыбында дәріс өтті
«Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі» тақырыбында дәріс өтті

2023 жылдың 29 мамыры мен 5 маусымы аралығында университет тәрбие жоспарына сәйкес Гуманитарлық факультетінің ұйымдастыруымен «Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі» атты тақырыпта дәріс өтті.

Дәрісті қазақстан тарихы кафедрасының ОПҚ-ы (Қ.Ж.Нұрбай, Г.А.Алпысбаева, Ж.Р.Абишева, Л.Т.Джумалиева, Б.Б.Енсепов, Ә.М.Қоскеева, Н.Қ.Демеуова) аталған тақырып бойынша университет жатақханаларының студенттеріне және экономикалық, энергетикалық факультеттің 1 курс студенттеріне өткізді. Дәріс барысында ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қалыптасқан Алаш ұлттық-демократиялық қозғалысының қоғамдық-саяси және ағартушылық қызметі жан-жақты түсіндірілді. Атап-айтқанда, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Ә.Ермеков және қайраткерлердің жер, тіл, мемлекетшілдік, ағартушылық туралы көтерген көкейтесті мәселелері жан-жақты қарастырылып, бүгінгі күн тұрғысынан түсіндірілді. Жалпы алғанда профессор-оқытушылар Алаш зиялыларының алдына қойған мақсат-міндеттері мен маңызын түсіндіріп, студенттердің қойған сұрақтары қанағаттырылды. Дәрісті өткізу кезінде тақырыпқа қатысты слайдтар, суреттер және басқа да материалдар көрсетілді.