Басты бет / Розметов Владимир Федорович
Розметов Владимир Федорович

Қазақстанның Еңбек Ері
(Қазақстан Республикасы Президентінің 
2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен)

1963 жылы 15 желтоқсанда Китаб қаласында (Өзбек КСР) дүниеге келген. Қазақстандық фермер.

Еңбек жолы:

- 1987-1991 жылдары Клайпед Трал флотының жөндеу-ауыстыру командасында жұмыс істеді;
- 1992 жылдың ақпан айында «ТенгизНефтеСтрой» тресінің шақыруымен Темір-бетон бұйымдары зауытында бас инженер болды; 
- 1995 жылы ТББ зауытының директоры лауазымына тағайындалды;
- 1997 жылдың қазан айында «ТенгизНефтеСтрой» АҚ директоры болды;
- 1999-2011 жылдары «ТенгизСтройСервис» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры;
- 2006 жылдың сәуір айынан Атырау облысының Махамбет ауданындағы «Атырау Агроөнімдері» шаруа қожалығын басқарады. Сондай-ақ «Суюндук» және «Жас Қайрат» ауыл шаруашылығы асыл тұқымды зауыттарының негізгі құрылтайшысы болып табылады.

Марапаттары:

- «Қазақстанның Еңбек Ері» Алтын жұлдызы және «Отан» ордені (2022);
- ІІ дәрежелі «Достық» ордені (2013); 
- «Құрмет» ордені (2009).