Басты бет / ППС / Бұлашева Айнұр Айтбайқызы
Бұлашева Айнұр Айтбайқызы

Бұлашева Айнұр Айтбайқызы

 

Associate Professor, S. Seifullin Kazakh Agrotechnical Research University

Institute of Business and Digital Technologies

Room 1411, тел. +7(7172)39-58-07

E-mail: ai.bulasheva@kazatu.edu.kz

 

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Агроазық-түлік секторындағы адами капитал; дуальды оқыту жүйесі және оның білім алушылар мен агробизнес үшін тиімділігін бағалау; ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы; аграрлық және азық-түлік саясаты; қоршаған орта экономикасы; тұтынушылық және азық-түлік маркетингінің мінез-құлықтық аспектілері.

Оқытылатын пәндер / модульдер

Бухгалтерлік есеп; Халықаралық аудиттің теориясы мен практикасы; Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) кіріспе (ағылшын тілінде); Аудиттің халықаралық стандарттарына (ХАС) кіріспе (ағылшын тілінде); Кәсіби бағытталған шетел тілі (ағылшын тілінде); Тұтынушылық мінез-құлық маркетингі және азық-түлік мінез-құлық маркетингі (Рединг университеті); Цифрлық маркетинг (Рединг университеті).

Білімі

2020–2025 — Ауыл шаруашылығы, қоршаған орта және азық-түлік экономикасы бойынша PhD, Рединг университеті, Ұлыбритания («Болашақ» бағдарламасы).

2004–2008 — Экономика ғылымдарының кандидаты, 08.00.05 «Халық шаруашылығы экономикасы және басқару», С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

2000–2004 — «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавр (үздік диплом),
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

Еңбек өтілі

2025 жылдан бастап — қазіргі уақытқа дейін — Ғылым және инновациялар департаменті директорының орынбасары, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

2018 жылдан бастап — қазіргі уақытқа дейін — Ассоциирленген профессор, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті.

2010–2018 — «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы.

2008–2010 — «Есеп және аудит» кафедрасының ассистенті.

Біліктілікті арттыру

Erasmus+ Staff Mobility бағдарламасы, Жоғары бизнес мектебі (WSB), Познань қ., Польша (наурыз 2019 ж.) — академиялық ұтқырлық аясында магистранттарға дәріс оқу.

Preparing to Teach in Higher Education, Рединг университеті, Ұлыбритания (мамыр 2021 ж.) — жоғары білім берудегі заманауи педагогикалық тәсілдер, инклюзивті оқыту және бағалау.

Professional Impact Programme, Рединг университеті, Ұлыбритания (маусым 2021 ж.) — академиялық және кәсіби ортада көшбасшылық, коммуникация және басқару дағдыларын дамыту.

Invigilator Digital Accreditation, Ұлыбритания (наурыз 2024 ж.) — академиялық адалдық пен құпиялылықты сақтай отырып, емтихан өткізу рәсімдері.

Жарияланымдар

https://scholar.google.com/citations?hl=ru&user=OwskypoAAAAJ