Просмотров: 37
2026 жылғы 8 қыркүйекте С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде Орталық Азиядағы ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік стратегияны валидациялау және эписистемалар бойынша өңірлік семинар өз жұмысын бастады.
Үш күндік іс-шара Seifullin University Агротехнопаркінің Ситуациялық орталығында өтіп жатыр. Семинарға БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО), Азық-түлік Қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (АҚИҰ) өкілдері, халықаралық сарапшылар, мемлекеттік және ветеринариялық қызметтер мен бейінді ұйымдардың мамандары қатысуда.
Іс-шараның ашылуында университет атынан Басқарма мүшесі – зерттеу қызметі жөніндегі проректор Сәрсенбай Абдрахманов сөз сөйлеп, ұсақ күйіс қайыратын жануарлар обасының ветеринария саласымен ғана шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ауру мал шаруашылығының тұрақты дамуына тікелей әсер ететін маңызды қауіптердің бірі.
Шара барысында Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы аппаратының басшысы Азамат Бердібай қатысушыларға алғы сөзін арнап, ветеринариялық және азық-түлік қауіпсіздігін нығайту жолында елдер мен халықаралық ұйымдардың күш-жігерін біріктірудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ ФАО-ның Қазақстандағы бағдарламалар үйлестірушісі Жаңыл Бозаева өңірлік өзара іс-қимыл мен ҰКЖО-ның таралуының алдын алуға және оны кезең-кезеңімен жоюға бағытталған бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталды.
Семинардың негізгі мақсаты – эписистемалық тәсілді тәжірибеде қолдану және Орталық Азиядағы ҰКЖО-ны жою жөніндегі Өңірлік стратегияны техникалық тұрғыда валидациялау. Негізгі назар өзара байланысты эписистемаларды айқындауға, эпидемиологиялық қадағалау мен зертханалық диагностиканы жетілдіруге, вакцинация, деректер алмасу, трансшекаралық үйлестіру және бірлескен жоспарлау мәселелеріне аударылады.
Үш күн бойы халықаралық сарапшылар, ФАО, АҚИҰ және мемлекеттік органдардың өкілдері Агротехнопарк базасында жұмыс істейді. Бағдарлама аясында елдік таныстырылымдар, сараптамалық сессиялар және жұмыс топтарының кездесулері өтеді. Қатысушылар өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды, ауыл шаруашылығы жануарларының қозғалысы мен жабайы фаунаның ауру таралуындағы рөлін, сондай-ақ эпидемиологиялық қадағалау мен диагностика мәселелерін талқылайды.
Жеке жұмыс блогы ҰКЖО жөніндегі Өңірлік стратегия жобасын валидациялауға арналады. Сарапшылар жол картасын, басым эписистемаларды, вакцинация тетіктерін және трансшекаралық өзара іс-қимылды қарастырып, болашақ өңірлік жобаның негізгі бағыттарын айқындайды.
Семинардың қорытынды күні стратегиядан нақты іс-қимылдарға көшу мәселелеріне арналады. Қатысушылар ұлттық және өңірлік деңгейдегі келесі қадамдарды, әріптестік мүмкіндіктерін және одан әрі үйлестіру тетіктерін талқылайды.
ҚАТЗУ алаңында өтіп жатқан семинар ветеринариялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық сараптамалық диалогты нығайтуға, Орталық Азиядағы мал шаруашылығын қорғау мен аграрлық сектордың тұрақты дамуына бағытталған ортақ шешімдерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.