Просмотров: 3220
ҚАТУ да үздік оқытушылар мен ғылыми қызметкерлерге алғыс хаттар табыс етілді
Бүгін басқарма төрағасының орынбасары – ректор Айтжан Әбдіров 2021 жылдың үздік оқытушылары мен үздік ғылыми қызметкерлеріне арнайы алғыс хаттар табыс етті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «2021 жылдың үздік зерттеушісі» сыйлығының иегерлері:
- Науанова Айнаш Пахуашқызы – биология ғылымдарының докторы, профессор, «Агрономия» факультетінің деканы;
- Абдрахманов Сәрсенбай Қадырұлы – ветеринария ғылымдарының докторы, профессор, «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің деканы;
- Нүкешев Саяхат Оразұлы – техника ғылымдарының докторы профессор, «Техникалық» факультеттің деканы;
- Жатаев Сатывалды Әдінеұлы – п.ғ.д., агрономия факультетінің аға оқытушысы;
- Хасанов Вадим Тагирович – т.ғ.к., агрономия факультетінің доценті.
«Үздік зерттеуші» сыйлығы ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін беріледі. Сыйлық алуға үміткерлердің ғылыми жетістіктері ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, ғылыми жарияланымдары, монографиялары, ғылыми жобалар мен бағдарламаларды басқаруы, сондай-ақ университетте кем дегенде арнайы бір пәнді оқыту сынды критерийлер бойынша бағаланды. Өткен жылы мен соңғы 3 жылда PhD докторларын дайындау мен ғылым бойынша консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуы, сондай-ақ байқауға қатысушылардың ғылыми әзірлемелері өндіріске енгізілуі тиіс болды.
Сонымен бірге С.Сейфуллин атындағы КАТУ-дың тағы бес бірдей оқытушысы «Үздік ЖОО оқытушысы-2021» республикалық байқауының жеңімпазы атанды.
Бұл қатарда Аутелеева Лаура Тюлегеновна – PhD докторы, «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультетінің «Ветеринариялық санитария» кафедрасының доцент м.а.; Жақыпов Исатай Түсіпұлы – ветеринария ғылымдарының докторы, «Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы» факультеті «Ветеринария» кафедрасының профессоры; Кокаева Гульнара Айтикеновна – техника ғылымдарының кандидаты, «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» кафедрасының доценті, «Техникалық» факультеті; Мурзабекова Гүлден Еслямбекқызы – физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру» факультеті «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі; Ниязбекова Римма Қалманбайқызы – техника ғылымдарының докторы, «Техникалық» факультетінің «Стандарттау, метрология және сертификаттау» кафедрасының доценті.
- Бұл біздің университет үшін ерекше жағдай. ҚАТУ игілігі жолындағы еңбектеріңіз елеусіз қалмады, бұл бәріміз үшін ерекше мақтаныш, – деді марапатты тапсырып тұрып ректор.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.