«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламасы тобы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның жетекші ғылыми және білім беру бөлімшелерінің бірі болып табылады. «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарлар тобы Агрономия факультетінің заңды мұрагері болып табылады, ол қайта құрылымдаудан кейін (2025) қазіргі уақытта Ауыл және орман шаруашылығы институтының құрамында жұмыс істейді.
2025 жылдың қазан айынан бастап «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобының жетекшісі болып ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алия Аскеровна Байтеленова тағайындалды

«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобы келесі білім беру бағдарламалары бойынша түлектерді дайындайды:
- Бакалавриат бойынша: 2019 жылдан бастап – 6B08101 - «Агрономия», 6B08102 - «Селекция және тұқым шаруашылығы», 6B08103 – «Топырақтану және агрохимия», 6B08104 – «Фитосанитарлық қауіпсіздік»; 2022 жылдан бастап – 6B08105 - «Озық агрономиялық ғылым» (ББББ); 2023 жылдан бастап – 6B08106 - «Агротехнология», 2025 жылдан бастап 6B08108 – «Сумен қамтамасыз ету және тұрақты егіншілік»;
- Магистратура бойынша: 2019 жылдан бастап – 7M08101 - «Танаптық дақылдар селекциясы» және 7M08102 - «Агротехнология», 7M08104 – «Фитосанитарлық мониторинг», 7M08107 – «Агротопырақтану және өсімдіктің қоректенуі»; 2022 жылдан бастап 7M08110 – «Сәндік өсімдік шаруашылығындағы фитосанитарлық бақылау», 2023 жылдан бастап 7M08111 - «Агробиотехнология» қос дипломды білім беру бағдарламасы, 2025 жылдан бастап 7M08112 - «Агрономия» (бейіндік бағыт);
- докторантура бойынша: 2019 жылдан бастап – 8D08101 – «Ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикасы және селекциясы» және 8D08102 – «Органикалық егіншілік», 8D08103 – «Өсімдіктер қоректенуінің және тыңайтқыш қолданудың ғылыми негізі», 8D08104 – «Фитосанитарлық технология», 8D08100 – «Өсімдік шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау».
Сабақтар үш тілде жүргізіледі, кейбір топтар тек ағылшын тілінде оқытылады.
«Өсімдік шаруашылығы» БББ бойынша білім алушыларды даярлау, олардың білімін, біліктілігін, дағдылар мен құзыреттіліктерін қалыптастыру, сондай-ақ білім беру деңгейлерінің сабақтастығын және еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін, оның ішінде халықаралық деңгейде қамтамасыз ету келесі негізгі ғылыми және практикалық бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Агрономия, траекториялары – өсімдік шаруашылығы, мал азығын өндіру, жалпы егіншілік, органикалық және суармалы егіншілік; Селекция және тұқым шаруашылығы, оның ішінде өсімдіктер биотехнологиясы, тұқымтану; Топырақтану және агрохимия, оның ішінде топырақ микробиологиясы; Өсімдіктерді қорғау және карантин, оның ішінде сәндік өсімдік шаруашылығы.
Білім беру бағдарламалары мамандандырылған аккредиттеуден өтті. Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінің (НААР) деректері бойынша 2020 жылы Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының мамандарды даярлау бағыттары мен деңгейлері бойынша рейтингінде В077 «Өсімдік шаруашылығы», М131 «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалары республика бойынша 1-орынды иеленді. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының 2023 жылғы нәтижелері бойынша 6B08101 «Агрономия» және 6B08104 «Фитосанитариялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары 1-орынды, ал 6B08102 «Селекция және тұқым шаруашылығы» және 6B08103 «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламалары 2-орынды иеленді. 2024 жылы 6B08101 «Агрономия» және 6B08103 «Топырақтану және агрохимия» білім беру бағдарламалары 1-орынды, ал 6B08104 «Фитосанитариялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламасы 2-орынды иеленді. 2025 жылы 6B08101 «Агрономия», 6B08103 «Топырақтану және агрохимия» және 6B08104 «Фитосанитариялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары 1-орынды иеленді. 2026 жылы «Топырақтану және агрохимия» және 6B08104 «Фитосанитариялық қауіпсіздік» білім беру бағдарламалары 1-орынды, ал 6B08101 «Агрономия» білім беру бағдарламасы 3-орынды иеленді. 2025 жылы IAAR рейтингісіне сәйкес, «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобы барлық дайындық бағыттары бойынша 1-ші орын алды.


Білім алушыларды даярлауды 46 оқытушы жүзеге асырады, оның ішінде: 2 профессор, ғылым докторлары; 2 профессор, ғылым кандидаттары; 19 ғылым кандидаты; 20 философия докторлары (PhD) және 5 магистр. Олардың ішінде профессор ғылыми атағы бар – 5 адам және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар – 19 адам. Сонымен қатар, дуальды оқытуды, бірлескен және қос дипломды білім беру бағдарламаларын іске асыруды ескере отырып, қосымша түрде 18-ден астам қызметкер – шетелдік ғалымдар мен өндіріс өкілдері тартылған. «Өсімдік шаруашылығы» БББ-ның оқу-көмекші құрамы: 1 аға лаборант, 1 іс жүргізуші және 6 лаборанттан тұрады. Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі – 87%-дан астам.
Дуальды оқыту аясында жекелеген пәндер «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС, «Led System Media» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Ботаникалық бақ» ЖШС және басқа да ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен фермерлік шаруашылықтар базасында өткізіледі.
«Өсімдік шаруашылығы» БББТ қажетті оқу зертханаларымен және толық жабдықталған мамандандырылған кабинеттермен қамтамасыз етілген. Профессор-оқытушылар құрамы қаржыландырылатын ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) орындайды, оның ішінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бағдарламалары аясындағы жобалар, халықаралық имидждік жобалар, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілермен жасалған шарттар негізіндегі жобалар бар. Сонымен қатар, коммерцияландыру жобалары да жүзеге асырылуда. «Өсімдік шаруашылығы» БББТ ПОҚ-ның ғылыми жұмыстарға қатысу үлесі 97%-дан астам. Қызметкерлердің жарияланымдық белсенділік деңгейі жоғары.
Білім алушылардың практика базалары ретінде республикадағы 30-дан астам ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттары қызмет етеді, оның ішінде: А.И. Бараев атындағы Астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы, Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы, «Агрофирма Родина» ЖШС, «Атамекен-Агро» ЖШС, «Найдоровское» ЖШС, «Led System Media» жылыжай кешені және т.б.
2025 жылы бакалавриат түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші – 80%, магистратура түлектерінікі – 93%, докторантура түлектерінікі – 100% құрады.
Білім беру және ғылыми қызметтің дамуы серіктестік байланыстар арқылы жүзеге асады, оның ішінде отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу институттарымен және бизнеспен ынтымақтастық, бұл бірегей материалдық базаны қалыптастыруға, білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобаларды бірлесіп әзірлеуге мүмкіндік береді.

«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобының құрылу тарихы
«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарлар тобы Агрономия факультетінің заңды мұрагері болып табылады, ол қайта құрылымдаудан кейін (2025) қазіргі уақытта Ауыл және орман шаруашылығы институтының құрамында жұмыс істейді. 2025 жылдың қазан айынан бастап «Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобының жетекшісі ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Алия Аскеровна Байтеленова болды.
«Өсімдік шаруашылығы» білім беру бағдарламалар тобына бұрынғы Агрономия факультетінің үш кафедрасының білім беру бағдарламалары кіреді: «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасы, «Топырақтану және агрохимия» кафедрасы және «Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасы.
Егіншілік және өсімдік шарашылығы кафедрасыны тарихы (1957-2025)
Алпыс жылдан астам уақыт бойы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» КеАҚ-ның Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы агрономия, өсімдік шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, егіншілік және ауыл шаруашылығы дақылдарының селекцисы салаларындағы университеттің жетекші ғылыми-зерттеу және білім беру кафедраларының бірі болып келеді. Жоғары білім беру жүйесі дамыған сайын кафедра агроөнеркәсіптік кешеннің қажеттіліктері мен заманауи ғылыми жетістіктерге баса назар аудара отырып, оқу бағыттарын кеңейтіп, оқу бағдарламаларын жетілдірді.
3.10.1957 ж. – Ақмола ауыл шаруашылығы институты білім беру қызметін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулермен үйлестіре отырып, Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы үшін жоғары білікті мамандарды даярлай бастады.
29.03.1960 ж. – «Егіншілік» кафедрасының құрылуы. Кафедра меңгерушілері – Лев Сергеевич Роктанен (1961-1979), А.В. Иванников (1979-1989), Р.Х. Карипов (1989-1998), Н.В. Шрамко (1998-2001), А.У. Амралин (2001-2004), И.И. Жұмағұлов (2004-2009).
01.09.1961 ж. – «Өсімдік шаруашылығы» кафедрасының құрылуы. Кафедра меңгерушілері – Т.С. Ржанов (1961-1966), М.Малютин және А.Цепенко (1966-1967), Н.И. Можаев (1968-1979), А.Н. Нұрғалиев (1979-1990), Қ.Қ. Аринов (1990-2000), Н.А.Шестакова (2000-2008), К.М. Мусынов (2008-2012), Ғ.Ж. Стыбаев (2012-2015), Б.О. Амантаев (2015-2022), А.С. Тұрбекова (2022-2023), А.А. Байтеленова (2023-2025 жж.).
1963 ж. – «Егіншілік» кафедрасы күндізгі және сырттай оқу бөлімдерінде аспиранттар дайындай бастады.
1963 ж. – «Көкөніс шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау» кафедрасы «Өсімдік шаруашылығы» кафедрасынан бөлек құрылым ретінде бөлінді. Кафедра меңгерушілері: М.М. Клеев (1963-1976) және Н.Г. Щепетков (1971-1982).
1973 ж. – 06.01.09 «Өсімдік шаруашылығы» мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрылды. Диссертациялық кеңестің төрағасы: ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор Н.И. Можаев.
1979 ж. – «Мал азығын өндіру» кафедрасы «Өсімдік шаруашылығы» кафедрасынан бөлек құрылым ретінде бөлінді. Кафедра меңгерушісі: Н.И. Можаев (1979-1989), кафедра кейіннен өсімдік шаруашылығы кафедрасымен біріктірілді.
2012 – «Егіншілік» және «Өсімдік шаруашылығы» кафедраларының бірігуі нәтижесінде «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасы құрылды. Кафедра заманауи оқу және зертханалық жабдықтармен және мамандандырылған сыныптарға ие болды.
2013 – «Өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасы «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы» кафедрасынан бөлек құрылым ретінде құрылды.
2016 – 6D080100 Агрономия және 6D080700 Орман шаруашылығы мамандықтары бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін диссертацияларды қорғау бойынша диссертациялық кеңес құрылды.
2016 – Агрономия саласындағы ғылыми және практикалық жұмыстарды жүзеге асыру үшін университетте зерттеу кампусы (100 гектардан астам) құрылды.
2019 жыл - Көп деңгейлі білім беру моделіне көшу. Кафедра 6B08101 «Агрономия», 6B08102 «Селекция және тұқым шаруашылығы», 6B08105 «Озық агрономиялық ғылым» (ББББ) және 6B08106 «Агротехнология» бойынша бакалавриат бағдарламаларын; 7M08101 «Танаптық дақылдар селекциясы», 7M08102 «Агротехнология» бойынша магистратура бағдарламаларын және 7M08111 «Агробиотехнология» қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша магистратура бағдарламаларын; және 8D08101 «Ауыл шаруашылығы дақылдарының генетикасы және селекциясы» және 8D08102 «Органикалық егіншілік» бойынша докторантура бағдарламаларын шығара бастады.
2020 жыл - Білім беру бағдарламаларын ұлттық және халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігіне мамандандырылған аккредиттеу. Аккредиттеу және рейтинг бойынша тәуелсіз агенттіктің (IAAR) мәліметтері бойынша, B077 және M131 «Өсімдік шаруашылығы» бағдарламалары Қазақстан Республикасында бірінші орын алды. 2023 жылы «Агрономия» білім беру бағдарламасы Атамекен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) рейтингінде бірінші орын алды.
2021 – Ағылшын тілді және көптілді академиялық топтардың құрылуы академиялық мобильділікті кеңейтуге ықпал етті.
2023 – Жетекші ғылыми-өндірістік ұйымдар мен ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жеке пәндер ұсынылатын дуалды білім беруді енгізу – «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС, «Led System Media» жылыжай кешені, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибелік станциясы» ЖШС, «Ұлттық биотехнология орталығы» РММ және басқалары.
|
Аринов К.К. |
Щепетков Н.Г. |
Можаев Н.И. |
|
Өсімдік шаруашылығы кафедрасының ұжымы |
Көкөніс шаруашылығы кафедрасының ұжымы |

Өсімдік шаруашылығы кафедрасы (2005)



Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы (2023)
Жоғары білікті оқытушылар құрамы:
«Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері: Б.О. Амантаев (2012), А.А. Байтеленова (2013), А.Б. Рысбекова (2014), Г.Ж. Хасанова (2022), Н.Ж. Жанбыршина (2023), Г.Ж. Стыбаев (2024).
«Үздік университет оқытушысы» сыйлығы: К.М. Мусынов (2007 және 2016), А.А. Байтеленова (2017), Г.Ж. Стыбаев (2018), А.А. Ногаев (2022).
Оқытушылар құрамының 97%-ы ғылыми жобаларды іске асыруға белсенді қатысты. 2016 және 2025 жылдар аралығында кафедра қызметкерлері 240-тан астам ғылыми және оқу-әдістемелік басылымдар жариялады, соның ішінде жоғары рейтингті журналдардағы ғылыми мақалалар мен конференциялардағы баяндамалар. Олар сондай-ақ 18 патент және 15 өндірісті енгізу сертификатын алды.
Студенттерге арналған практикалық сабақтар 30-дан астам кәсіпорында, соның ішінде «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-де, «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы»ЖШС-де, «А.Ф. Христенко атындағы Қарағанды «Ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы»-де, «Агрофирма Родина»ЖШС, «Астана Экостандарт»ЖШС, «Атамекен-Агро»ЖШС, «Найдоровское»ЖШС және «Led System Media» жылыжай кешенінде өткізілді. Түлектерді оқытудың жоғары сапасы олардың тұрақты жұмыспен қамту көрсеткіштерімен расталады.
Топырақтану және агрохимия кафедрасыны тарихы (1958-2025)
Топырақтану және агрохимия кафедрасы Целиноград ауыл шаруашылығы институтының алғашқы кафедраларының бірі болды.
1958 ж. – «Топырақтану және агрохимия» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі И.Я. Половицкий (1958-1971); алғашқы қызметкерлер Т.С. Штейнберг, Г.Д. Чернышенко және Г.Д. Тарасюк болды.
1964 ж. – Кафедра екі тәуелсіз бөлімшеге бөлінді: И.Я. Половицкий басқарған «Топырақтану» кафедрасы және М.В. Афанасьев басқарған «Агрохимия» кафедрасы.
1958-1970 жж. - И.Я. Половицкийдің басшылығымен іргелі және қолданбалы топырақтану бойынша алғашқы зерттеулер жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сортаң топырақтардың генезисі мен мелиорациясы. Осы кезеңде сортаң далалық зерттеу станциясы құрылды, ол тек ғылыми зерттеулердің базасы ғана емес, сонымен қатар бүкілодақтық семинарлар, республикалық конференциялар және басқа да ғылыми іс-шаралар өткізілетін орын болды.
1970-1977 жж. – «Агрохимия» кафедрасының меңгерушісі, бұрын Украина мен Молдовада ұзақ уақыт жұмыс істеген И.И. Канивец. Доцент В.Н. Стебакова және ассистенттер Р.М. Савинова, В.М. Кан және А.В. Никулина сол университеттерден шақырылды. Сонымен бірге доцент В.Г. Черненок дәнді дақылдарға арналған тыңайтқыш жүйелерін зерттеу және әзірлеу үшін алғашқы 40 гектарлық агрохимиялық алқапты құрды (1970-1972 жж.). 1969–1974 – В.Н. Стебакова мен аспирант Г.И. Уваров сортаң топырақты қалпына келтірудің химиялық әдістері бойынша бастаған зерттеулер жалғасты.
1971–1975 – Л.В. Носкова «Топырақтану» кафедрасын басқарды, оның ғылыми қызығушылықтары күңгірт аймағы топырақтары мен сортаң топырақтардың гидрофизикалық қасиеттерін зерттеуді қамтыды.
1971–1977 – Д.Г. Куприянов әртүрлі тыңайтқыштардың тиімділігін және ауыл шаруашылығында лазерлерді қолдану мүмкіндігін зерттеді.
1972–1975 – В.Н. Фомина топырақты өңдеу әдістерінің топырақтың қоректік жағдайына әсерін зерттеді.
1977 – «Топырақтану» және «Агрохимия» кафедралары біріктірілді. Кафедра меңгерушілері: М.С. Жандаев (1977–1985) және В.Г. Черненок (1985–1998).
1977 – М.С. Жандаевтың басшылығымен Қарағанды кейінірек Екібастұз көмір бассейндеріндегі бұзылған жерлерді (шахталардың құлауы) қалпына келтіру әдістерін әзірлеу бойынша зерттеулер жалғасты және одан әрі дамыды.
1985–1998 – Кафедра Агрономия факультетінің ғимаратына көшірілді. Топырақ және агрохимиялық зертханаларға арналған үй-жайларды жөндеу және оларды қажетті құралдармен, материалдармен және зертханалық жабдықтармен жабдықтау бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді.
1987–1988 жж. - Солтүстік Қазақстандағы алғашқы және сол кездегі жалғыз Топырақ мұражайы құрылды. Оны ұйымдастыруға доцент М.С. Жандаев, ғылыми қызметкер Н.Г. Кондратюк, доцент С.В. Азаров, доцент А.Ф. Никулин және жер ресурстарын басқару факультетінің сәулетшілері қатысты.
1989 ж. - Ауыл шаруашылығы химиясы оқу-тәжірибелік шаруашылығында жаңа стационарлық мекеме құрылды.
1997 ж. - Н.В. Шрамко басқарған «Топырақтану, агрохимия және егіншілік» кафедрасы құрылды (1997–2001).
2001 ж. – «Агрохимия және агроэкология» кафедрасы құрылды, оны В.Г. Черненок (2001-2002) және У.Ж. Байдюсен (2002-2007) басқарды. «Топырақтану» бағыты Егіншілік» кафедрасына біріктірілді.
2008 ж. – «Топырақтану және агрохимия» кафедрасы қайта құрылды, оны А.П. Науанова (2008-2012), С.З. Сүлейменов (2012-2013), Р.Х. Рамазанова (2013-2022), Ж.С. Алманова (2022-2024), А.А. Кашкаров (қыркүйек - желтоқсан 2024) және Э.М. Баймбетова (ақпан - қыркүйек 2025) басқарды.
2018 жыл – Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (GPIID) аясында және Ганновердегі Лейбниц университетінің (Германия) қолдауымен топырақты зерттеу зертханасы құрылды (аккредиттеу сертификаты № KZ.T.01.2238, 2019 жылғы 22 шілде). 2020 жылдан бастап зертхана меңгерушісі қызметін А. Кәсіпхан атқарып келеді.

Агрохимия кафедрасының алғашқы құрамы
.png)
.png)
.png)
.png)


Танаптық және зертханалық талдауларды жүргізу


«Топырақтану және агрохимия» кафедрасы (2023)
Жоғары білікті оқытушылар құрамы:
«Үздік университет оқытушысы» атағы - А.П. Науанова (2006 және 2014), Р.Х. Рамазанова (2009), К.М. Мұхаметкаримов (2010).
«Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасыны тарихы (2013-2025)
Өсімдіктерді қорғау мәселелері университет құрылған сәттен бастап оның назарында болды. Дегенмен, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасы өсімдіктерді қорғау саласындағы білім беру және ғылыми салалардағы жылдар бойы дамудан кейін дербес құрылымдық бөлімше ретінде пайда болды. Ол 2013 жылы Агрономия факультетінің құрамындағы «Өсімдік шаруашылығы» кафедрасынан бөлініп, жеке құрылым ретінде ұйымдастырылды.
1963 жылдан 1973 жылға дейін Агрономия факультетінде «Өсімдік қорғау» кафедрасы жұмыс істеді, оны ғылым кандидаты Л.П. Роктанэн басқарды. Кейінірек бұл кафедра көкөніс шаруашылығы кафедрасымен біріктіріліп, Н.Г. Щепетков басқаратын «Көкөніс шаруашылығы және өсімдіктерді қорғау” кафедрасы болып қайта құрылды.
1980 жыл – «Өсімдік шаруашылығы» кафедрасында өсімдіктерді қорғау курстары оқытылды. 2001 жылдан 2007 жылға дейін бұл пәндер «Агроэкология және агрохимия» кафедрасына ауыстырылды. 2004 жылдан 2008 жылға дейін бұл кафедра мамандарды дайындап, «агрохимия және өсімдіктерді қорғау» бойынша жалғыз түлектерін шығарды. 2007 жылы өсімдіктерді қорғау пәндері қайтадан «Өсімдік шаруашылығы» кафедрасына ауыстырылды.
2013 – «Өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының құрылуы. Кафедра меңгерушілері: м.а. Төлеева А.К. (2013), кафедра меңгерушілері Қалмақбаев Т.Ж. (2013-2015), Мусынов К.М. (2015-2021).
2021 – «Биологиялық ғылымдар» кафедрасының «Өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасымен бірігуі нәтижесінде «Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасының құрылуы. Кафедра меңгерушілері: М.Т. Мырзабаева (2021-2022), кафедра меңгерушісінің м.а. Байтеленова А.А. (2022), кафедра меңгерушісі А.К. Сибатаев (2022-2025).
2013 – академик, биология ғылымдарының докторы В.К. Әжбеновтің басшылығымен Өсімдіктерді қорғау және карантиннің фитосанитарлық мониторингі бойынша ғылыми-инновациялық орталықтың (ӨҚФФМ) құрылуы.
Жоғары білікті оқытушылар құрамы:
«Үздік университет оқытушысы» атағы – К.М. Мусынов (2007 және 2016), В.Т. Хасанов (2012).
Академик және биология ғылымдарының докторы В.К. Әжбенов «ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ардагері» және «Тың игеру, 60» медальдарымен марапатталды. Доцент, биология ғылымдарының кандидаты В.Т. Хасанов ғылым мен техника саласындағы жетістіктері үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті сыйлығының лауреаты сертификатымен марапатталды.
|
|
|
![]() |

«Биология, өсімдіктерді қорғау және карантин» кафедрасы (2023)
Кафедраның оқытушылар құрамы Орталық Азия энтомологиялық қоғамының мүшелері, Орталық Азия және Қазақстан бойынша USAID сарапшылары, «ҚР фермерлер одағы» республикалық қоғамдық ұйымының кеңесшілері, агрохимиялық қызметтерді дамыту бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Іскерлік кеңестің жұмыс топтарының мүшелері және диссертациялық кеңестердің мүшелері болды.
Бұл мамандықтың түлектері өсімдіктерді қорғау және карантин саласындағы мемлекеттік қызметте, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғылыми және өндірістік құрылымдарында, өсімдік шаруашылығына мамандандырылған ауылшаруашылық құрылымдарында, фитосанитариялық диагностика және болжау орталықтарында, өсімдіктер карантині орталықтарында, биофабрикалар мен биозертханаларда, шекаралық карантин бекеттерінде, сондай-ақ әртүрлі коммерциялық ұйымдарда кәсіби қызметте өз әлеуетін сәтті жүзеге асырды.
Абышева Гаукартас Танибергеновна
Баимбетова Эльмира Меирхановна
Бахралинова Айжан Сағидоллақызы
Бегалина Алмагуль Абылкаировна
Дюсебаева Эльмира Наурызбекқызы
Жанабекова Жанна Кабдрахмановна
Жанбыршина Нұрсауле Жақыбекқызы
Кенжеғұлова Саягүл Олжабайқызы
Кипшакбаева Гульден Амангельдиновна
Кыпшақбаева Әсемгүл Амангелдіқызы
Қонысбаева Дамиля Төремұратқызы
Муханов Нұрболат Каиырболдиевич
Мұсынов Қажымұрат Майрамбекұлы
Тлеппаева Айгүл Алдабергенқызы
Түменбаева Нағима Тоқтасынқызы
Кафедраның стратегиялық даму моделі бүкіл дүние жүзі бойынша ең үздік рейтингтегі көшбасшы жоғары оқу орындарымен серіктестікке негізделген. Кафедра қызметкерлері «Тұрақты ауылшаруашылық технологияларды құрастыру және қолдану арқылы қоршаған ортаны қорғау» (Environment protection through development and application ofsustainable Agriculture Technologies) TEMPUS – EPASAT халықаралық бағдарламасына қатысты.
Университеттің дүние жүзілік білім беру кеңістігіндегі интеграциясы бойынша кафедраға өз саласының жетекші ғалымдары мен мамандары шақыртылады. Мысалы, Болгария (Пловдив аграрлық университеті) және Туркиядан (Эгей университеті) келген профессорлар мамандық бойынша пән курстарын оқыды.
Академиялық ұтқырлық аясында шетелдік ғалымдар (Австралия, АҚШ, Болгария, Турция, Ресей Федерациясы, Германия) «Агрономия» мамандығының білім алушыларына дәріс оқыды.
Кафедра ғалымдары Пловдив аграрлық университеті (Болгария), Дәнді бұршақ және жарма дақылдары ҒЗИ (РФ), В.С.Пустовойт атындағы майлы дақылдар ҒЗИ (Лукомец В.М.) ғалымдарымен тығыз байланыс орнатқан.
|
|
|
![]() |
Біздің шетелдік серіктестер
«Агрономия» мамандығы бойынша университет Девистегі Калифорния университеті (АҚШ), Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті (Польша), Синьзян университеті (Қытай), Эстония жаратылыстану университеті (Тарту қаласы, Эстония), Д.Н. Прянишников атындағы Перм ауылшаруашылық академиясы (Пермь қаласы, Россия), Тимирязев атындағы Москва ауылшаруашылық академиясы (Москва қаласы, Россия), Пловдив аграрлық университеті (Болгария), В.С.Пустовойт атындағы майлы дақылдар ҒЗИ (Краснодар қаласы, Россия) сияқты және тағы да басқа шет елдік жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған.
|
|
![]() |
![]() |
|
Девистегі Калифорния университеті (АҚШ)
|
№1 – Білім беру бағдарламаларының сапасы және агрономия, ветеренария мен орман шаруашылығы саласындағы зерттеу деңгейі бойынша; |
![]() |
|
№2 – 2003-2013 жылдардағы «Ауылшаруашылық ғылымдары» саласында басылып шығарылған және оқылған мақалалар саны бойынша |
|
|
№3 – 2014 жылғы Times Higher Education рейтингінің қорытындысы бойынша |
|
Чили, Малайзия, Вьетнам және тағы да басқа елдердегі аграрлық ғылым мен білім беру жүйесін қайта құруда көмек көрсетті.
|
|
![]() |
|
Аделаида Университеті жаратылыстану ғылымдары, информациялық технологиялар салалары бойынша керемет жаңалықтары мен шарап, азық-түлік өндіру технологиялары бойынша үздік бағдарламаларымен танымал университет.
Университет тамақтану саласы бойынша ауқымды зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді: 5 жыл бойы ғалымдар мен студенттер тамақтану мен мыңдаған адамдардың аурулары арасындағы байланысты зерттеді;
Университет ғалымдары құрамында пестицидтер бар өнімдердің адам ағзасына әсерін зерттеп келеді;
Аделаида Университетінде қызық жаңалық ашылды: расында да жануарларда танымдық қабілет бар, кейде олар бұл қабілеттілік жағынан адамдардан да асып түседі екен.
|
|
![]() |
|
Эстония жаратылыстану университеті - Балтық елдеріндегі әлемнің үздік 2% ЖОО қатарына кіретін жалғыз университет (Times Higher Education World University Rankings).
|
|
![]() |
|
Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті Польшадағы Life Science университеттері рейтингінде №1 болып жарияланған.
SGGW түлектердің жұмысқа орналасу болашағы тұрғысынан Польшадағы ең инновациялық дамыған және шығармашылығы ұшталған университет болып танылады.
2014 жылы Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті PERSPEKTYWY білім беру қорының рейтингіне сәйкес Польшада 1 орын және ең үздік ауыл шаруашылығы университеті атағын жеңіп алды.
Szkoła Główna Gospodarstwa Wiejskiego w Warszawie Польшадағы он ең үздік мемлекеттік жоғары оқу орындары қатарынан орын алады.
|
|
![]() |
|
Синьцзян университеті (Қытай: 新疆 大学.) - ҚХР Синьцзян Ұйғыр автономиялық өлкесіндегі жетекші университет болып саналады, «аймақтану» бағдарламасы бойынша ШЫҰ университеті жобасындағы университеттер қатарына кіреді.
Қытайдағы жоғары білім беру жүйесін дамыту жобасы бойынша ұлттық «негізгі жоғары оқу орындары» қатарына жатады.
|
|
![]() |
|
Пермь университетінде ауылшаруашылық және орман шаруашылығы факультеттері ашыла салысымен 1918 жылдың 1 шілдесінен бастап Оралда алғаш рет жоғары ауылшаруашылық және агрономиялық білім беру саласы дами бастады. Академик Д.Н.Прянишников атындағы Пермь мемлекеттік ауыл шаруашылығы академиясының ғалымдары бүгінде ветеринария, мал шаруашылығы, орман шаруашылығы, жерге орналастыру, өсімдік шаруашылығында бәсекеге қабілетті технологиялар әзірледі, қазіргі заманғы түрлі өнертабыстар авторлары, олар монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдарын шығарған.
|
|
![]() |
|
К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы - Ресей мемлекеттік аграрлық университеті - бірегей білім беру, ғылыми-зерттеу және өндірістік кешен. Университет өз еліндегі алдыңғы қатарлы инновациялық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады және жоғары білікті мамандарды жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша дайындайды.
![]() |
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы басшыларының Кеңесі отырысында К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы - Ресей мемлекеттік аграрлық университетіне ТМД қатысушы мемлекеттер үшін кадрларға аграрлық білім беру, біліктілікті арттыру және қайта даярлаудың базалық ұйымы мәртебесін беру шешімі қабылданды. |
![]() |
2004 жылғы 14 сәуірде К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы «Ауыл шаруашылығына кадрлар дайындағаны үшін» номинациясында Петр Столыпин «Ресей Аграрлық элита» Ұлттық сыйлығының лауреаты атанды. |
![]() |
К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы - Ресей мемлекеттік аграрлық университеті «Білім» ұлттық басым жоба бағдарламасы аясында жүргізілген инновациялық білім беру бағдарламаларының Бүкілресейлік байқауының 40 жоғары оқу орны - жеңімпаздарының бірі саналады. |
Пловдив аграрлық университеті (Болгария) - студенттерге сапалы білім беретін, лайықты азаматтар тәрбиелеп, әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман дайындауды қамтамасыз ететін білім ордасы.
|
|
![]() |
|
Пловдив аграрлық университеті ауыл шаруашылығы бизнесі, ғылым және білім беру саласындағы жетекші оқу орны ретінде өзін-өзі таныта білді. Университет экология және қоршаған ортаны қорғау, ветеринария, агрономия және өсімдіктерді қорғау, экономикалық басқару мамандарын даярлайды. Университет басқару, табиғи ресурстарды пайдалануды жоспарлау саласындағы жетекші білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.
|
|
![]() |
|
![]() |
Ресей Федерациясында, майлы дақылдар бойынша негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары В.С.Пустовойт атындағы Бүкілресейлік майлы дақылдар ғылыми-зерттеу институтына шоғырландырылған - ол Краснодар қаласы Кубань әкімшілік орталығында орналасқан.
Институттағы ғылыми-зерттеу жұмыстары кешенді сипатта жүргізіледі. В.С.Пустовойт атындағы Бүкілресейлік майлы дақылдар ғылыми-зерттеу институты майлы дақылдар селекциясы мен тұқым шаруашылығы орталығы болып табылады. Институт ғалымдары өсіру технологиялары мен жинап алынған тұқымды өңдеуді механизациялау құралдарын жасап шығарумен айналысады.
Студенттік өмір (негізгі оқиғалар, жетістіктер) 2021-2024 ж
2021 жыл
Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасы студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстары ғылыми бағдарламалар мен жобалар аясында үздіксіз жүргізілуде. Нәтижесінде нарықтық экономика жағдайында олардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын жоғары білімі бар мамандарды дайындау сапасы арттырады; шығармашылық кәсіби ойлау дағдылары білім мен зерттеудің ғылыми әдістерін меңгеру арқылы қалыптасады және білім берудің (оқу мен тәрбиенің), ғылыми-тәжірибелік процестің бірлігі қамтамасыз етіледі, жағдайлар жасалып, дамытылады (құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық, ресурстық және т.б.). ) әрбір студенттің жеке шығармашылық дамуына, ғылыми зерттеулерге және ғылыми-техникалық шығармашылыққа қатысуға құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

5В080100-«Агрономия» мамандығының 4-ші курс студенттері ғылыми бағдарламалар мен жобаларға белсене қатысып, зерттеу нәтижелерін мақалаға жариялады:

Республикалық конкурстан 5В080100-«Агрономия» мамандығының 4-ші курс студенті Азат Медет бірінші жүлделі орынға ие болды (ғылыми жетекшісі Рысбекова А.Б.).

2022 ж.
«Өсімдіктанушы» ғылыми-зерттеу үйірмесі мүшелері ғылыми және практикалық мәселелерді өз бетінше шешу дағдыларын меңгереді; ғылыми ұжымдарда жұмыс істеу, олардың жұмысын ұйымдастыру әдістерімен танысу; оқушылардың шығармашылыққа, өз бетімен білім алуға, өз білімін үнемі жетілдіруге; оқу материалын терең және шығармашылықпен меңгеруге қажеттілікті тәрбиелейді; отандық және шетелдік әдебиеттермен жүйелі жұмыс істеу дағдылары мен қажеттіліктері, патенттік қормен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады; заманауи ақпараттық технологиялар мен ақпаратты беру әдістерін меңгеру; ғылыми бағыттардың өзектілігін бағалауға ғылыми көзқарасты қалыптастыру, студент пен кафедраның ғылыми-білім беру бағыты арасында тығыз байланыс орнату.

ҚАЗҰАЗУ базасында өткен Студенттердің Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауында Шамшуалиева К.Т. жүлделі орынға те болып ҚР БҒМ дипломымен мараматталды (ғылыми жетекшісі Кипшакбаева Г.А.).

«Студенттік шақ – өмірдегі ең жарқын сәттердің бірі. Білім алушыларды осындай ерекше кезеңде білім алып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті факультеттері арасында «Студенттік көктем-2022» атты фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальде студенттер: дәстүрлі, эстрадалық музыка, сахналық жанр – мюзикл бойынша өздерінің вокалдық, театрлық және заманауи би хореографиялық өнерлерін көрсетіп бақ сынады. Барлық факультет командалары жарқырап, өзіндік ерекшелігін өнермен лайықты көрсетседе, жүйріктер арасында І орынды иеленген әрине «Агрономия» факуьтетінің студенттері екенін мақтанышпен айтамыз.

Агрономия факультетінің түлектері үшін, сәуір айының 8-жұлдызында «Бос жұмыс орындары – 2022» жәрмеңкесі онлайн және офлайн режимінде өткізілді. Байтеленова Әлия Әскерқызы жұмыс берушілерге агрономия факультеті, мамандықтары мен түлектері туралы жалпы ақпарат берді. Іс-шараға 40-тан астам ұйым өкілдері қатысты. Олар: «Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Өсімдіктер карантині республикалық орталығы» ММ, «Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК жанындағы Мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциясы» ММ, Нұр-Сұлтан қаласы, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі КГИ» Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы, «Әкімдіктің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіп кешеніндегі «Фитосанитария» КГИ РМК, «Ө.О. Оспанов атындағы Топырақтану және агрохимия ҚазҰҒЗИ» ЖШС «А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС, «Солтүстік-Қазақстан ШОС» ЖШС, «Запорожье-Агро» ЖШС, «Агрофирма БайЖер» ЖШС, «Журавлевка -1» ЖШС, «Агрофирма Желқуар 2003» ЖШС, «Айтас Агро» ЖШС, «Антоновка» ЖШС, «Бүркіт Агро» ЖШС, «Қызылша жер» ЖШС, «Атамекен-Агро» АҚ, «Alem Agro Holding» ЖШС, «Зеречный» ЖШС, «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС, «Астана-Нан» ЖШС, «Astana Eco Standard» ЖШС, «Led System» ЖШС, «Syngenta Kazakhstan» ЖШС, «Шелково Агрохим-KZ» ЖШС, ШЖҚ РМК «Ботаника және фитоинтро институты филиалы өндірісі» Нұр-Сұлтан, «AGRO-SMART» ЖШС, «Қазақстан астық консорциумы» ЖШС т.б ұйымдар қатысты. Түлектер шаруашылық басшыларымен тікелей сұхбаттасу арқылы жұмысқа орналасу шарттары және төленетін жалақы т.т. с. толық мағлұмат алды.

2022 жылдың 26-27 қыркүйегінде С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «ЖАҢА ТОЛҚЫН - 2022» атты 1-курс студент жастарының арасында шығармашылық фестивалі өткізілді. 6В080102-«Селекция және тұқым шаруашылығы» және 6В080101-«Агрономия» білім беру бағдарламасының білім беру бағдарламасының жалындаған жастары әрбір аталымнан: вокал, ұлттық аспап, көркем сөз, ұлттық би, заманауи би, бейне ролик, сондай-ақ үздік жүргізу бойынша да белене қатысып, факультеттің үздік болуына үлес қосты.

2022 жылдың 22 сәуірінде №8 жатақханада тұратын барлық факультеттер мен мамандықтардың студенттері арасында шахмат және тоғыз құмалақтан турнир өтті. Турнир соңында Амангелді Н. және Қайракелді Е. жүлделі орындарға ие болды.

2023 ж.
Республикалық байқаудан 6В080102-«Селекция және тұқым шаруашылығы» білім беру бағдарламасының 2-ші курс студенті Пердебек С., басқа қатысушылардан ерекшеленіп, екінші жүлделі орынға ие болды (ғылыми жетекшісі Рысбекова А.Б.).

Ағымдағы 2023 жылдың 22 қыркүйегінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология ғылымдарының кандидаты, доцент Аметов Абибулла Аметовичтің 80 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасы территориясының шөлдену мәселелері және оларды шешу жолдары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Агрономия факультеті, Егіншілік және өсімдік шаруашылығы кафедрасының «Селекция және тұқым шаруашылығы» БББ 01-077- 21-02 тобының 3 курс студенті Асхарқызы Самал «Бидай сорттарының бірінші тамыр жүйесінің құрғақшылық жағдайда даму ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасап 1-орынға иеленді.

2024 ж.
Ағымдағы 2024 жылдың 14-наурызында С.Сейфуллин атындағы ҚАЗАТЗУ «ЖІГІТ СҰЛТАНЫ -2024» байқауы өтті. Бұл байқауда 1-курс студенті Ергеш Даниал І-орын жеңімпазы атанды.
![]() |
![]() |
Кафедра студенттері жыл сайын Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарында өткізілетін республикалық және халықаралық форматтағы олимпиадаларға қатысады. Жеке және командалық есепте 1-3 орын алады.
2021 ж.
Пәндік олимпиадалар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекітуі бойынша жоғары оқу орындарында өткізіледі.
2021 жылғы 22-23 сәуірде Алматы қаласындағы "Қазақ ұлттық аграрлық университеті" КЕАҚ-да әртүрлі мамандықтар бойынша ХІІІ Республикалық пәндік олимпиада өткізілді: оның ішінде Агрономия бойынша онлайн режимде (қашықтықтан).
Агрономия мамандығының 3-4 курс студенттері қатысты. Нұралов Арыстан Серікұлы, Мұхамедия Бақыт Сәкенұлы (4 Курс) және Батырбаева Карина Батырбайқызы (3 курс).Олимпиада қорытындысы бойынша студент Қ. Батырбаева үшінші орынды иеленді. Қ. Батырбаева III дәрежелі дипломмен марапатталды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
2022 ж.
2021-22 оқу жылында Алматы қаласындағы "Қазақ ұлттық аграрлық университетінде" пәндік олимпиада ұйымдастырылды.
2022 жылғы 28-29 сәуірде біздің университеттің үшінші және төртінші курс студенттері "Агрономия"мамандығы бойынша ХIV Республикалық пәндік олимпиадаға қатысты. Олимпиадаға қатысуға өтінімдер дайындалды.
Агрономия мамандығының төртінші курс студенті К. Батырбаева жүлделі екінші орынға ие болды. II дәрежелі дипломмен марапатталған. 4 курс студенттері Ильяскызы г.және Тұрсынбеков А. (3 курс) олимпиадаға қатысқаны үшін "алғыс хаттар" алды.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
2023 ж.
Қазақ агротехникалық университетінің агрономия факультетінің студенттері 2023 жылғы 27-28 сәуірде "Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті" КЕАҚ пәндік олимпиадасына түрлі мамандықтар бойынша: соның ішінде "Өсімдік шаруашылығы" ХV Республикалық пәндік олимпиадасына қатысты.
Агрономия мамандығының үшінші және төртінші курс студенттері қатысты. Тұрсынбеков А. Қайыржанов н.және Қарымсақов Н.
Агрономия мамандығының төртінші курс студенті Тұрсынбеков А. жүлделі екінші орынға ие болды. II дәрежелі дипломмен марапатталған.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Астанада ФАО-ның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті бағалау құралы (NEXT) бойынша практикалық тренингі өтуде
2026 жылғы 18–22 мамыр аралығында Астана қаласында ФАО-ның ұлттық деңгейде айқындалатын үлесті бағалау құралы — NEXT (NDC Expert Tool) бойынша практикалық тренинг өтті. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) қолдауымен және Қазақстанның ұлттық серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Тренинг Париж келісімінің талаптары мен Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) әдіснамасына сәйкес агроазық-түлік жүйелеріндегі парниктік газдар шығарындыларын азайту шараларын бағалау, мониторингтеу және есептілік жүргізу саласындағы ұлттық әлеуетті нығайтуға бағытталған.
Жаһандық климаттың өзгеруі жағдайында агроазық-түлік жүйелері климаттық мақсаттарға қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес, ауыл шаруашылығы, жер пайдалану, өнімді өңдеу, тасымалдау және қалдықтарды басқару салалары әлемдік парниктік газдар шығарындыларының шамамен үштен бірін құрайды. Сонымен қатар, бұл сектор шығарындыларды қысқарту мен тұрақтылықты арттыруда зор әлеуетке ие.
ФАО әзірлеген NEXT құралы елдерге ауыл шаруашылығы және жер пайдалану секторларындағы климаттық шаралардың әсерін бағалауға және бақылауға, сондай-ақ нәтижелерді ұлттық деңгейде айқындалатын үлестерге (NDC), ұзақ мерзімді даму стратегияларына және екіжылдық ашықтық есептеріне (BTR) енгізуге мүмкіндік береді.
Бес күндік тренинг барысында қатысушылар NEXT құралын практикалық қолдану, сценарийлік талдау әдістері, CO₂, CH₄ және N₂O шығарындыларын бағалау, сондай-ақ биомасса мен топырақтағы көміртек қорының өзгерістерін есептеу тәсілдерімен танысты. Орманды қалпына келтіру, жерді оңалту, топырақты басқару және ауыл шаруашылығы тәжірибелері мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, Ұлттық статистика бюросы, Жасыл Даму АҚ, ғылыми-зерттеу институттары, сарапшылар қауымдастығы мен үкіметтік емес сектор өкілдері, сонымен қатар ҚАТЗУ-дан «Өсімдік шаруашылығы» БББТ-ның PhD, аға оқытушы Бахралинова Айжан Сагидуловна қатысты.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушылар климаттық есептіліктің халықаралық құралдарын пайдалану бойынша практикалық дағдыларға ие болып, оларды Қазақстанның ұлттық климаттық міндеттемелерін іске асыруда қолдана алады.
010000, Қазақстан Республикасы,
Астана қаласы, Женіс даңғылы, 62,
корпус №5б тел.: +7(7172)38-02-32,
е-mail: Baitelenova_alya@mail.ru
6B081 Агрономия
6B08102 Селекция және тұқым шаруашылығы
6B08103 Топырақтану және агрохимия
6B08105 Озық агрономиялық ғылым
7М081 Агрономия
7М08101 Танаптық дақылдар селекциясы
7M08107 Агротонырақтану және өсімдіктің коректенуі
8D081 Агрономия
8D08103 Өсімдіктерді кәректендіру және тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негіздері