Басты бет / Факультеттер және кафедралар / Ахметов Ержан Советұлы
Ахметов Ержан Советұлы

Ахметов Ержан Советұлы

 

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Техникалық факультет деканы

4207 бөлме,  тел. +7(7172) 39-73-30

E-mail: ye.akhmetov@kazatu.edu.kz

Ғылыми қызығушылықтар саласы

Дәл егіншілік жүйесінде топыраққа минералды тыңайтқыштарды саралап енгізуді механикаландыру. Минералды тыңайтқыштарды қолдану технологиясы мен машиналарын жасау. Топырақты өңдеу, минералды тыңайтқыштарды енгізу және қолдану.

Оқытатын пәндері

Сызба геометрия және инженерлік графика, машина құрылысын сызу, сызуды автоматты түрде орындау

Негізгі зерттеу бағыттары

Топырақты өңдеу, тұқым мен тыңайтқыштарды енгізу мен қолдану

Ағымдық зерттеу жобалары

2011-2013 жж. - бизнес-инкубациялау бағдарламасы бойынша «Дәл егіншілік жүйесінде тыңайтқыштарды талғамды енгізу ақпараттық технологиясын өндіріске ендіру» тақырыбында орындаушы қызметін атқарды.

2012-2014 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 055 "Ғылыми және ғылыми-техникалық іс-әрекет" бюджеттік бағдарламасы аясында орындалған "Қабылданған позициялау жүйесінде тыңайтқыш пен дәнді талғамды (саралап) қолдану автоматтандырылған технологиялық үрдісін бақылау және басқару техникалық құралдары мен бағдарламалық қамтамасыздандыруын жасау" тақырыбындағы ғылыми жобада орындаушы қызметін атқарды.

2015-2017 жж. - ҚР Білім және ғылым министрлігінің 055 "Ғылыми және ғылыми-техникалық іс-әрекет" бюджеттік бағдарламасы аясында орындалып жатқан "минералды тыңайтқыштарды топырақ ішіне үш қабатты саралап енгізетін жаңа технология мен техникалық құралдарды жасау" тақырыбындағы ғылыми жобада орындаушы қызметін атқарды.

2018-2020 жж. ҚР БҒМ «Ауыл шаруашылық дақылдарын жамылғы дақылдар мен шымға саралап тікелей енгізумен қоса бір мезгілде минералды тыңайтқыштарды енгізетін автоматтандырылған астық-тыңайтқыш-шөп сепкішті жасау» тақырыбындағы ғылыми жобада орындаушы қызметін атқарды.

2018-2020 жж. ҚР АШМ БНҚ «Пайдаланылатын техника мен ақпараттық технологияны жаңғырту негізінде дәл егіншілік жүйесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу кезіндегі технологиялық процестерді саралау» тақырыбындағы кіші ғылыми жобасында орындаушы қызметін атқарды.

2018-2020 жж. ҚР АШМ «Солтүстік Қазақстан облысында «демонстрациялық шаруашылықтар (полигондар)» қағидаты бойынша өсімдік шаруашылығын өндіруде нақты фермерлік техниканы трансферт жасау және бейімдеу» тақырыбындағы кіші ғылыми жобасында орындаушы қызметін атқарды.

2018-2021 жж.  «Ғылым қоры» АҚ «Топырақ құнарлылығын сақтауды және өнімділікті арттыруды қамтамасыз ететін минералды тыңайтқыштарды саралап енгізу технологияларын іске асыратын техникалық құрал өндірісін ұйымдастыру» коммерцияландыру жобасында орындаушы қызметін атқарды.

Білімі

1990-1993 жж.

Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы №14 ОКТУ-14, біліктілігі – кең профилді тракторист-машинист

1993-1998 жж.

Ақмола аграрлық университет, біліктілігі – инженер-механик

Еңбек өтілі

1998-2001 жж.

«Техникалық механика» кафедрасының ассистенті

2001-2009 жж.

«Техникалық механика» кафедрасының аға оқытушысы

2001-2006 жж.

Техникалық факультет деканы орынбасары

2006-2008 жж.

Оқу бөлімі бастығының орынбасары

2008-2012 жж.

Тіркеуші кеңсесі директорының орынбасары

2012-2022 жж.

«Техникалық механика» кафедрасының меңгерушісі.

01.09.2022 ж.

Техникалық факультет деканы

Марапаттары, құрмет грамоталары

- «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі, 2017 ж.

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы, 2014 ж.

- С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, 55 жылдығына арналған төс белгі, 2012 ж.

- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасы, 2010 ж.

Біліктілігін көтеру

  • Ауыл шаруашылық техниканың "Агротехника" халықаралық көрмесі, Германия, Ганновер, 2015
  • Сертификат Thomson Reuters, 2016
  • "Дәл егіншілік жүйелері" ЖШС, "Агронавигатор ПЛЮС"параллель жүргізу жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқу курсынан өтті, Новосибирск қ., 2019
  • "ИСО енгізу агенттігі" консалтингтік компаниясының курстары, Нұр-сұлтан, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесі"ISO 37001:2016 халықаралық стандартының талаптары бойынша мамандар даярлау, 2019
  • "ҚОТ және білім беру қызметтерін жүзеге асыруға арналған платформалар", 2020
  • "Басшыларға арналған білім беру ұйымының менеджменті", ҚР жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2020

Республикалық және халықаралық кездесулер

  1. 2013 жылы Беларусь Республикасындағы Беларусь мемлекеттік аграрлық техникалық университетінде тағылымдамадан өтті
  2. 2015 жылы Германия Республикасы Ганновер қаласында агротехникалық халықаралық көрмеге қатысып, тағылымдамадан өтті

Басылымдары

Scopus, РҒДИ, БҒСБК индекстелетін отандық және шетелдік ғылыми журналдарда 250-ден астам ғылыми-әдістемелік жарияланымның, оның ішінде 5 оқулық, 14 оқу құралы, 1 монография және ҚР 30 патентінің авторы.

Ұсынылған бағыттар бойынша соңғы 5 жылдағы ең маңыздылары:

  1. Результаты экспериментальных исследований вибро-штифтового туковысевающего аппарата/ НАУКА И МИР. Международный научный журнал, № 7 (23), 2015. – С.31-37. Импакт-фактор – 0.325 (GlobalImpactFactor, Австралия), ISSN 2308-4804. 
  2. Результаты экспериментальных исследований автоматизированной дозирующей системы машины для дифференцированного применения семян и удобрений/ Научно-технический журнал НОВОСТИ НАУКИ КАЗАХСТАНА, № 1, (127) 2016 г. С 180-197.
  3. The Lobe-Type Agitator Parameters of the Seed-Metering Unit in the Seed-Fertilizer Drill Justification/ Сельскохозяйственные машины и технологии. Machinery for plan tgrowing. - Москва, 2018. - Т.12. №5. – С.20-24.
  4. Технология послойного внесения минерального удобрения в почву/ Исследования, Результаты. Научный журнал КазНАУ №2, 2018, г. Алматы. – С. 371-376.
  5. Черчение и НГ/ Учебник. гриф РУМС МОН РК. Изд. Фолиант, 2019
  6. Зернотукотравяная сеялка/ Патент РК № 34241. опубл. 18.03.2020
  7. Зернотукотравяная противоэрозионная сеялка/ Патент РК № 34242. опубл. 18.03.2020
  8. Инженерлік графика – 1 бөлім Сызба геометрия/ Нұр-Сұлтан; ҚАТУ баспаханасы, 2020
  9. Сызу және сызба геометрия/ Учебник. гриф РУМС МОН РК. Изд. Фолиант, 2020

Монография:

  1. Минералды тыңайтқышты сепкіштің  себу аппаратын жетілдіру және оның жұмыс атқару қабілетін арттыру/ Нұр-Сұлтан; ҚАТУ баспаханасы, 2020