
Seifullin University Бизнес-инкубаторы — бұл идея кезеңінен бастап дайын өнімді нарыққа шығарғанға дейінгі іске асырудың барлық кезеңдерінде инновациялық бастамаларды, стартап-жобаларды және ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруды қолдауға арналған Агротехнопарктің құрылымдық бөлімшесі.
Негізгі мақсаты — технологиялық кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау, білім алушылар мен жас ғалымдардың кәсіпкерлік құзыреттіліктерін қалыптастыру, сондай-ақ ғылыми сыйымды технологияларды экономиканың реалды секторына енгізуге ықпал ету.
Қызметтің негізгі бағыттары:
Инфрақұрылымдық қолдау: Коворкинг-аймағында жабдықталған жұмыс орындарын ұсыну, университеттің зертханалық базасы мен ғылыми-зерттеу платформаларына қол жеткізу.
Бағдарламалық сүйемелдеу: Инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларды ұйымдастыру, сарапшылық менторлық, жобаларды жеке трекингтеу.
Консалтинг және сүйемелдеу: Құқықтық қамтамасыз ету, зияткерлік меншік объектілерін қорғаудағы заңнамалық көмек, инвестициялар мен гранттық қаржыландыруды тартуға көмектесу.
Технологиялар трансфері: Ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға және спин-офф (spin-off) компанияларын құруға ықпал ету.
Мақсатты аудитория: Seifullin University білім алушылары (бакалавриат, магистратура, докторантура), профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдары мен зерттеу топтары.
Мекенжайы:
Астана қ., Жеңіс даңғылы, 62В Seifullin University Агротехнопаркі В5 кабинеті
![]() |
Бизнес-инкубатор ұйымдастырушысы Акпанова Жанара Кенжебаевна Email: zh.akpanova@kazatu.edu.kz Бизнес – инкубатор менеджері Кульжанова Тахмина |

Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) және сабақтас технологиялар саласына инновацияларды енгізуге бағытталған жаңадан бастаған стартаптарды қолдаудың қарқынды бағдарламасы.
Қатысушылар не алады:
Виртуалды студенттік бизнес-инкубатор
Университеттің инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымын нығайту және жастарды кәсіпкерлік қызметке тарту мақсатында С.Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ-да виртуалды студенттік бизнес-инкубатор құрылды. Негізгі мақсаты – ҚАТЗУ білім алушылары мен жас ғалымдарының технологиялық кәсіпкерлік саласындағы практикалық дағдыларын дамыту, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен және ғылым мен бизнестің басқа да салаларындағы жастардың инновациялық стартаптарын дамытуға және ілгерілетуге қолайлы инновациялық ахуал қалыптастыру.
Миссиясы
Студенттік ортада шығармашылықты, белсенділік пен бастамашылдықты ынталандыру үшін қолайлы инновациялық орта қалыптастыру, білім алушылардың кәсіпкерлік құзыреттерін дамыту.
Қазіргі жобалар:
2022 жылға арналған акселерациялық және инкубациялық бағдарламалардың кестесі:

Почетный профессор Казахского национального аграрного университета. Карьера. 1979 г. — Кайрат Айтуганов начал работать оператором цеха перевозки Кокчетавского почтамта. 1984-1985 гг. — ассистент кафедры почвоведения Целиноградского сельхозинститута. 1987-1989 гг. — агроном, старший агроном, главный экономист совхоза Карабулакский Зерендинского р-йона Кокчетавской обл.
