Басты бет / Университет / Құжаттар / Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі
Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі

Білім беру сапасын арттыруға, сапа өлшемшарттарын, нормативтері мен стандарттарын айқындауға, білім алушылардың білім деңгейі мен құзыреттерін арттыруға, білім беру процесін ғылыми және оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге, ЖОО-ның материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық және ақпараттық инфрақұрылымын жетілдіруге, басқару тетіктері мен құралдарын жетілдіруге бағытталған мамандардың сапасын арттыру Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру саясатының  негізі болып табылады.

Біздің университет 2005 жылдан бастап халықаралық стандарттарға көшті, ИСО 9001-2015 МС сәйкестігіне сапа менеджменті жүйесін енгізді және сертификаттады. Сапа менеджменті жүйесі 300-ден астам ішкі нормативтік құжаттарды жүйелеуде, университеттің барлық рәсімдерін құжаттандыруда, оларды ИСО стандарттарының талаптарына сәйкес келтіруде, факультеттер мен кафедралар, құрылымдық бөлімшелер қызметінің ішкі аудиттерін ретке келтіруде өз рөлін атқарды.

Қазақстан Республикасының 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюы, елдің жоғары білімін халықаралық білім беру кеңістігіне интеграциялау, сапаны қамтамасыз ету, тәуелсіз аккредиттеу үшін еуропалық стандарттар мен нұсқаулықтарды кеңінен енгізу оларды сапаны басқару практикасына енгізуді талап етті.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2023 жылғы 20 қаңтардағы №23 бұйрығымен бекіткен  Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының  34-тармағында былай көрсетілген: "Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында ЖЖОКБҰ еуропалық жоғары білім беру кеңістігінде (ESG-исиджи) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету үшін халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға негізделген ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесін құрады және оның сақталуын қамтамасыз етеді, оған мыналар кіреді:

     1) Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясатты;

     2) бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;

     3) студентке бағдарланған білім беру, оқыту және бағалау;

     4) білім алушыларды қабылдау, үлгерімі, тану және сертификаттау;

     5) оқытушылар құрамы;

     6) оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;

     7) ақпаратты басқару;

     8) жұртшылықты хабардар ету;

     9) бағдарламалардың тұрақты мониторингі және мерзімді бағалауы;

     10) сапаны мерзімді сыртқы қамтамасыз ету.

Осы бұйрыққа сәйкес "С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті" КЕАҚ 2018 жылдан бастап СМЖ-дан Сапаны Ішкі қамтамасыз ету жүйесіне (бұдан әрі-СІКЖ) көшуді бастады. 2021 жылдан бастап ESG еуропалық стандарттары мен нұсқаулықтарына негізделген ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі туралы  Ереже бойынша жұмыс атқарылған, Сапа жөніндегі академиялық кеңесі құрылды және қызмет атқарылады, әр факультетте оқытушылар мен қызметкерлерді, жұмыс берушілер мен білім алушылардың өкілдерін қамтитын академиялық сапа бойынша кеңестер жұмыс істейді. Университет деңгейде  Сапа жөніндегі комитеті құрылды және қызметін атқарады.

2022 жылы Сапа жөніндегі комитеті Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі  бойынша Нұсқаулықты әзірледі және енгізуде, онда СІКЖ-нің 10 стандарты егжей-тегжейлі сипатталған, әрбір стандарт бойынша СІКЖ-нің бағалау критерийлері бөлінген, сыртқы және ішкі нормативтік құжаттар көрсетілген, СІКЖ аудиті кезінде әр критерийді қалай бағалау керектігі туралы Нұсқаулық енгізілген.

КАТИУ зерттеу университеті мәртебесін алғанын ескере отырып, Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесіне "Ғылыми-зерттеу қызметі" деп аталған 11-ші стандарты енгізілген.

Сапа жөніндегі комитеті факультеттер мен кафедраларда Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі  бойынша  аудит бағдарламасын, СІКЖ  аудиторларына арналған Әдістемелік нұсқаулықты, аудит жүргізу кестесін әзірледі.

Сапа жөніндегі комитеттің байланыстары

Сапа жөніндегі комитет

Жеңіс даңғылы, 62

Бас ғимарат

кабинет 1204

Тел: 8 (7172) 39-59-07

Эл.почта: katusmk@mail.ru

Құжаттар
Сапа менеджменті жүйесі құжаттарының негізгі үлгілері