Анықтаманы алу үшін білім алушыға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
жеке куәліктің көшірмесі;
отбасы мәртебесін растайтын құжат (құжат міндеттеледі)
Қадамдық іс-әрекеттер:
Білім алушы БАҚКО-на анықтама беруге өтінім жібереді. Білім алушы анықтама қосымшасының нөмірін көрсетуге міндетті (анықтама үлгілері төменде көрсетілген):
Білім алушы өтінімге жоғарыда көрсетілген құжаттардың сканерленген нұсқасын тіркейді.
Өтінімді өзінің жеке деректерін және отбасы мәртебесін растайтын құжатты көрсете отырып, "Platonus" ААЖ (Нұсқаулық) бойынша жібереді.
Білім алушы өтінімде Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің атауын көрсетуге міндетті.
Өтінім берілген сәттен бастап 2-3 жұмыс күні ішінде білім алушы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде QR коды бар электрондық анықтаманы алады».
Білім алушыға талап ету орны бойынша анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну керек:
жеке куәлік көшірмесі
Қадамдық іс-әрекеттер:
Білім алушы талап ету орны бойынша анықтама алу үшін БАҚКО өтінім жолдайды.
Білім алушы "Platonus" ААЖ (Нұсқаулық) бойынша өтінім жібереді.
Білім алушы анықтама ұсынылатын ұйым атауын көрсетуге міндетті.
Білім алушы QR коды бар электрондық анықтаманы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде автоматты түрде алады.
ЖОО-да оқығандығын растау туралы мұрағаттық анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
жеке куәлік көшірмесі;
диплом мен оның қосымшасының көшірмесі;
жеке мәліметтерін ауыстырған жағдайда: неке туралы куәліктің көшірмесі.
Қадамдық іс-әрекеттер:
1.Бұрынғы түлек ЖОО-ның электрондық мекенжайына office@kazatu.kz оқығандығын растау туралы мұрағаттық анықтама беруге жоғарыда көрсетілген құжаттарды тіркеп өтінім жібереді.
Өтінімде бітіруші өзінің жеке деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және университетті қай жылы бітіргенін көрсетуге міндетті.
Өтінімде бітіруші өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.
Білім алушы мұрағаттық анықтаманы өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-нан немесе ЖОО мұрағатынан алады. Немесе анықтаманың сканерленген нұсқасы білім алушының электрондық мекенжайына немесе тұрғылықты мекен-жайына жіберіледі.
Стипендия алу/алмауы туралы анықтама алу үшін келесі құжаттарлы ұсынады:
жеке куәлік көшірмесі
Қадамдық іс-әрекеттер:
Білім алушы "Platonus" ААЖ (Нұсқаулық) бойынша стипендияның болуы/болмауы туралы анықтамаға қандай кезеңге (жыл/ай үшін) өтінім жібереді.
Өтінімде білім алушы өзінің дербес деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және қай курста оқитынын көрсетуге міндетті. Өтінім тақырыбында: "бухгалтерияға" көрсету керек.
Өтінім берілген сәттен бастап 2-3 жұмыс күні ішінде білім алушы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде QR коды бар электрондық анықтаманы алады».
Анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
паспортының көшірмесі;
аттестат қосымшасымен көшірмесі / диплом қосымшасымен көшірмесі;
Қадамдық іс-әрекеттер:
Өтініш беруші С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ-ға (Вена университетіне ұсыну үшін, Австрияға) түсу мүмкіндігі туралы анықтаманы ұсыну үшін сканерленген өтінішті жоғарыда көрсетілген құжаттарды тіркей отырып office@kazatu.kz электрондық поштасына жібереді.
Өтініште өтініш беруші өзінің жеке деректерін және таңдаған мамандықтарын/білім беру бағдарламаларын көрсетуге міндетті.
Өтініште өтініш беруші өзінің электрондық поштасын, мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.
Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-да беріледі. Немесе білім алушының мекенжайына Қазпошта арқылы жіберіледі.
Диплом қосымшасындағы кредит санын сағатқа аудару туралы анықтаманы алу үшін келесі құжаттарды ұсынады:
жеке куәлік көшірмесі;
диплом және оның қосымшасының көшірмесі немесе транскрипт;
жеке мәліметтерін ауыстырған жағдайда: неке туралы куәліктің көшірмесі
Қадамдық іс-әрекеттер:
Өтініш беруші Диплом қосымшасындағы кредит санын сағатқа аудару туралы анықтаманы алу үшін өтінімді ЖОО-ның электрондық мекенжайына office@kazatu.kz жоғарыда көрсетілген құжаттарды тіркеп жібереді.
Өтінімде бітіруші өзінің жеке деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және университетті қай жылы бітіргенін көрсетуге міндетті.
Өтінімде бітіруші өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.
Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-да беріледі. Немесе білім алушының мекенжайына Қазпошта арқылы жіберіледі.
Білім алушыға оқудан шығарылғандығы туралы анықтама алу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:
жеке куәлік көшірмесі;
Қадамдық іс-әрекеттер:
Өтініш беруші оқудан шығарылғандығы туралы анықтама алу үшін БАҚКО өтінім береді.
Өтінімді ЖОО-ның электрондық мекенжайына office@kazatu.kz сканерленген жеке куәлігін тіркеп жібереді.
Өтінімде бітіруші өзінің жеке деректерін, мамандығын/білім беру бағдарламасын және қай курстан оқудан шыққандығын көрсетуге міндетті.
Өтінімде бұрынғы білім алушы өзінің электрондық поштасын, тұрғылықты мекенжайын және ұялы телефон нөмірін көрсетуге міндетті.
Анықтама өтінім берген сәттен бастап 3-ші жұмыс күні БАҚКО-да беріледі. Немесе анықтаманың сканерленген нұсқасы білім алушының электрондық мекенжайына немесе тұрғылықты мекен-жайына жіберіледі.
Жатақханада тұратыны туралы анықтаманы алу үшін білім алушыға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
жеке куәлік көшірмесі;
жатақханадан орын алуға жолдаманың көшірмесі.
Қадамдық іс-әрекеттер:
Білім алушы "Platonus" ААЖ (Нұсқаулық) бойынша жатақханада тұру туралы анықтамаға өтінім жібереді.
Білім алушы анықтама берілетін ұйымның атауын көрсетуге міндетті.
Өтінім берілген сәттен бастап 2-3 жұмыс күні ішінде білім алушы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде QR коды бар электрондық анықтаманы алады».
Транскрипт алу үшін білім алушыға келесі құжаттарды ұсыну қажет:
жеке куәлігінің көшірмесі
академиялық анықтама/ сынақ кітапшасы / диплом қосымшасымен.
Қадамдық іс-әрекеттер:
Білім алушы "Platonus" ААЖ (Нұсқаулық) бойынша өтінім жібереді.
Білім алушы QR коды бар электрондық анықтаманы "Platonus" ААЖ жеке кабинетінде автоматты түрде алады.
Оқудан шығарылған білім алушы/түлек ЖОО-ның электрондық мекенжайына транскрипт ұсынуға өтініш жібереді office@kazatu.kz, жоғарыда аталған құжаттардың көшірмелерін тіркеу арқылы.