Басты бет / Білім алушыларға қызмет көрсету орталығы / Түлектерге қойылатын талаптар
Түлектерге қойылатын талаптар
Оқуды аяқтауға қойылатын талаптар

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқудың аяқталуының негізгі критерийі білім алушының барлық оқу кезеңінде кемінде 240 академиялық кредиттерді, оның ішінде студенттің оқу қызметінің барлық түрлерін игеру болып табылады.

«Ветеринария», «Денсаулық сақтау» даярлау бағыттары бойынша жоғары білім берудің білім беру бағдарламаларының ерекшелігін, сондай-ақ сәулет және дизайн саласындағы білім беру бағдарламаларын ескере отырып, оқытудың аяқталуының негізгі критерийі студенттің кемінде 300 академиялық кредиттерді игеруі болып табылады.


Магистратура бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаудың негізгі критерийі білім алушылардың келесі кредит көлемін игеруі болып табылады:

  1. ғылыми-педагогикалық магистратурада магистранттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда, барлық оқу кезеңінде кемінде 120 академиялық кредит;
  2. бейіндік магистратурада 1 жыл оқу мерзімімен 60 академиялық кредит және 1,5 жыл оқу мерзімімен 90 академиялық кредит.

Философия докторларын (PhD) (бейін бойынша доктор) даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі критерийі докторанттың оқу және ғылыми қызметінің барлық түрлерін қоса алғанда кемінде 180 академиялық кредиттерді игеруі болып табылады.

Докторантураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын игерген және диссертацияны сәтті қорғаған жағдайда докторантураға оқу мерзіміне қарамастан философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі беріледі.

Үздік диплом алуға қойылатын талаптар

Жоғары білім берудің білім беру бағдарламасы бойынша А, А- «өте жақсы», В-, В, В+, С+ «жақсы» деген бағаға емтихан тапсырған және оқу үлгерімінің орташа балы (GPA) 3,5 - тен төмен емес, сондай-ақ кешенді емтихан тапсырған немесе диплом жұмысын (жобасын) А, А - "өте жақсы" деген бағаға қорғаған білім алушыға үздік диплом (оқытудың қосымша түрлері бойынша бағаларын есепке алмағанда) беріледі. 

Оқу кезеңінде емтиханды қайта тапсырған немесе қайталап тапсырған білім алушы үздік диплом алмайды. 

Дипломға қосымша (транскрипт)

Дипломға қосымшада (транскрипт) барлық оқу пәндері, тапсырылған курстық жұмыстары (жобалар), ғылыми-зерттеу немесе эксперименталды-зерттеу жұмыстары, кәсіптік тәжірибелердің түрлері, қорытынды аттестаттау бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша соңғы бағалары академиялық кредиттер мен сағаттарда көрсетіледі.


Дипломға қосымша үш тілде беріледі: қазақ, орыс және ағылшын. Бітірушіге қосымша ағылшын тілінде дипломға (Diploma Supplement (диплом саплэменті) жалпы еуропалық қосымша беріледі.

Дәреже беру

Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен тұлғаларға «бакалавр» дәрежесі тағайындалады және (немесе) тиісті білім беру бағдарламасы бойынша «маман» біліктілігі тағайындалады және жоғары білімі туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) және (немесе) дипломға жалпыеуропалық қосымша (DiplomaSupplement (диплом саплэменті) ақысыз негізде оқу бітіру туралы бұйрық шыққан күннен бастап бір ай ішінде беріледі.


Магистратураның білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан ойдағыдай өткен тұлғаларға «магистр» дәрежесі тағайындалады және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі туралы диплом қосымшасымен (транскрипт) және (немесе) дипломға жалпыеуропалық қосымша (DiplomaSupplement (диплом саплэменті) ақысыз  негізде оқу бітіру туралы бұйрық шыққан күннен бастап бір ай ішінде беріледі.     


Докторантураның білім беру бағдарламасын меңгерген және докторлық диссертациясын қорғаған тұлғаларға, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңестерінің немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комитетінің оң шешімі болған жағдайда жүргізілген сараптама нәтижелері бойынша философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі тағайындалады және «Дәрежелер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6951 нөмірімен тіркелген) сәйкес диплом беріледі.


Білім беру салалары мен деңгейлеріне сәйкес берілетін дәрежелердің атауы