Басты бет / Университет / Халықаралық ынтымақтастық / Шетел білім алушылары үшін ақпарат
Шетел білім алушылары үшін ақпарат

Шетелдік студенттер Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Олар өз елдерінде қазақ тілі мен қазақ мәдениеті дәстүрлерінің жолсеріктері болып табылады. Біздің ЖОО-да шетелдік студенттердің болуы біздің университеттің қажеттілігін көрсетеді, оның рейтингін көтереді. 10 жылдан астам уақыт бойы шетелдік студенттер Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ қабырғасында білім алып келеді. Шетелдік студенттер контингентін әлемнің 13 елінің студенттері құрайды: Армения, Ауғанстан, Германия, Грузия, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан және Украина.

Ауғанстан Ислам Республикасының студенттері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде

Оқу кезеңінде шетелдік студенттер университеттің және өздерінің факультеттерінің қоғамдық, ғылыми, спорттық және мәдени өмірінің толық қатысушылары болып табылады. Университетте лайықты білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасалған: ғылыми кітапхана, қоғамдық мамандықтар факультеті, түрлі дамытушы клубтар, спорттық секциялар жұмыс істейді. Сәкен Сейфуллин атындағы ҚАТУ шетелдік студенттерге жатақханадан орын ұсынады. Барлық студенттік жатақханаларда жаттығу залдары, шаштараздар, тігін шеберханалары бар, төлем терминалдары орнатылған.

Университетте шетелдік студенттердің қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіледі: жиналыстар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар, конференциялар мен семинарлар. Университетте тіл білімін жақсарту үшін қажет болған жағдайда қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдері бойынша курстар өткізіледі.

Шетелдік студенттер университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысады

 

Университетте оқыту кредиттік жүйе бойынша бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша қазақ, орыс тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, 2012 жылдан бастап ҚАТУ-да көптілді білім беру жүйесі енгізілді және оқыту бакалавриатта 12 білім беру бағдарламасында (ББ) және магистратура мен докторантураның барлық ББ-да қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік азаматтар үшін негізгі визалық-көші-қон қағидалары.

Қазақстан Республикасының (ҚР) аумағына кіру кезінде барлық шетелдік азаматтар, себебіне, визасының бар-жоғына қарамастан, 3 жұмыс күні ішінде көші-қон полициясы басқармасына өздерінің келгені туралы хабарлама жіберуі тиіс. Хабарландыруды шақырушы тарап жазады, яғни оқуға келген кезде хабарламаны жіберумен университет айналысады. Өз университетіндегі жауапты адамға келу туралы алдын ала ескерту қажет.

Хабарламадан шетелдік азаматқа ҚР шекарасынан өткен күннен бастап 30-дан 90 тәулікке дейін ҚР аумағында болуға рұқсат беріледі, яғни келген күні де есептеледі. Егер ҚР визасы бар болса, онда хабарламамен ҚР аумағында визаның мерзімі біткенге дейін болуға рұқсат беріледі.

ҚР-да визасыз режимі бар елдердің, ҚР-да 30-90 тәуліктен астам уақытқа қалатын елдердің шетелдік азаматтарына тіркеу (регистрация/прописка) үдерісінен өту қажет. ҚР-да визалық режимі бар, визасыз келген және ҚР аумағында 30-90 тәуліктен астам уақыт қалатын елдердің шетелдік азаматтарына виза алу үдерісінен өту қажет. Екі процесті де шақырушы тарап жүзеге асырады.

Кейбір пайдалы сілтемелер (өзгертілуі немесе жаңартылуы мүмкін):

ҚАТУ-да оқитын шетел азаматтары түрлі сұрақтар бойынша Халықаралық байланыстар департаментіне мына мекен-жай бойынша хабарласа алады: Жеңіс даңғылы 62, бас ғимарат, 3 қабат, 1310 кабинет, телефон: 8 (7172) 31-77-19.