Оқу-әдістемелік жұмыс – мамандарды дайындау сапасына байланысты университеттегі оқу үдерісінің ең маңызды құрамдас бөлігі.
«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КЕАҚ оқу-әдістемелік жұмысы пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, оған ҒӘЖ енгізу нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды енгізуге, профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық біліктілігін арттыруға және мамандарды даярлау бағыттары бойынша оқу жұмыс жоспарларының жаңа жобаларын әзірлеуге, жаңадан енгізілген пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын жасауға, қолданыстағы бағдарламаларды қайта қарауға, студенттердің білімін бақылауға арналған әдістемелік материалдарды әзірлеуге, оқу пәндері бойынша оқу-әдістемелік әдебиеттерді жаңартуға, оқу үдерісіне ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін, білім берудің жаңа ақпараттық технологияларын енгізуге(автоматтандырылған оқыту жүйелері, виртуалды зертханалық практикум, дәрістердің презентациялары, бейнедәрістерді дайындау, компьютерлік тестілеу және т.б.); оқытушылардың біліктілігін арттыру аясындағы әдістемелік жұмыстарға және т.б.бағытталған.
Оқу-әдістемелік жұмыстың негізгі басымдығы білім беру үдерісін құқықтық қамтамасыз етуді, атап айтқанда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарын және кез келген білім беру бағдарламасының негізін құрайтын үлгілік оқу жоспарларын қалыптастыру болып табылады.
«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КЕАҚ Жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес университетте білім беру және оқыту, академиялық сапаны қамтамасыз ету, академиялық басқару және профессорлық-оқытушылық құрамды басқаруға қатысты барлық академиялық мәселелер бойынша саясатты қалыптастыруды жүзеге асыратын алқалы кеңесші орган – университеттің Академиялық кеңесі.
Университеттегі әдістемелік жұмыс келесі құжаттармен реттеледі:
− Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құжаттарымен;
− университеттің бұйрықтары және өкімдерімен;
− университеттің Академиялық кеңесі, Ғылыми кеңесінің шешімдері және ұсыныстарымен;
− жұмыс жоспарымен.
Қоғамның әлеуметтік сұранысына және жұмыс берушілерінің талаптарына сәйкес келетін түлектерді дайындау сапасын арттыру стратегиясын іске асыру мақсатында университетімізде мамандарды дайындау сапасын үнемі көтеру стратегиясы әзірленіп, енгізілген.
Университет бойынша білім алушылардың білім сапасын арттыру туралы бұйрықтарына сәйкес (20.12.2011 ж. №405, 23.11.2012 ж. №557 және 11.04.2013 ж. №181) университет ұжымы білім алушылардың дайындық сапасын жоғарлату жұмысын жүйелі түрде жүргізуде.
Жұмыстың негізгі бағыты – білім беру бағдарламаларының сапасына көңiл аударып, оларды заманауи талаптарына сәйкес (Болон үдерісі, Дублин дескрипторлары, модульдер, құзыреттіліктер негізінде және т.б.) құрастыру. Білім беру бағдарламаларын құрастырудағы құзыреттілік тұрғысы болашақ түлектердің құзыреттіліктерін анықтау ісінде жұмыс берушілерінің міндетті қатысуын талап етеді. Осыған байланысты 2011-2012 оқу жылынан бастап кафедра мен факультеттер білім беру бағдарламаларын құрастыру жұмысына жұмыс берушілерін тартуда. Жұмыс берушілерімен кездесулер барысында модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру сұрақтары талқыланып, құзыреттіліктер негізінде өндіріс үшін қажетті және мамандықтар бойынша Таңдау пәндерінің каталогы мен Жұмыс оқу жоспарларына енгізілуіне ұсынылатын таңдау пәндерінің тізімі келісіледі. Оқу пәндерінің бағдарламаларына, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарының құрамына өндірістің өзекті мәселелерін қамтитын жеке тақырыптар енгізілуде.
Жыл сайын бекітілетін Өндіріс басшылары мен жетекші мамандарының дәрістер оқу жоспарына сәйкес студенттер мен магистранттар үшін министрліктер, басқармалар мен агенттіктерден келіп, жоғары білікті мамандар дәрістер оқуда. 2012-2013 мен 2016-2017 оқу жылдары аралығында өндірістің жетекші мамандары 449 дәріс өткізді.
Білім алушылардың тәжірибелік дайындығын арттыру мақсатында тәжірибе өткізу базаларын көбейту бағытында жұмыс жүргізілуде. Нәтижесінде тәжірибе базаларының жалпы саны 2010 жылдағы 213-тен 2016 жылы 981 дейін ұлғайды. Тәжірибе базаларының қатарында мамандыққа сәйкес келетін жаңа технология мен заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған алдыңғы қатарлы кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу институттар мен салалық орталықтар.
Білім алушыларды заманауи оқулықтармен қамтамасыз ету жұмысы жүргізілді: 2011 мен 2016 жылдары аралығында кітапханаға жаңа әдебиеттің 92116 данасы сатып алынды, оның ішінде 47576 – қазақ тілінде, 41424 – орыс тілінде, 3116 – ағылшын тілінде.
Заңнамалық базамен таныстыру мақсатында электрондық кітапханаға заңға тәуелді 56 акт енгізілді, бұл қор үнемі жаңартылуда және студенттер үшін оларға сілтемелер жасалған. «Еңбек қорғау», «Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері», «Электрондық үкімет», «Педагогика», «Мамандыққа кіріспе», «Қауіпсіздік және ақпаратты қорғау» пәндерін оқыту барысында жаңа актілер мен нормативтер қарастырылуда. Электрондық кітапханаға байланыс саласына қатысты заңдар мен нормативтік құжаттар, сәулет пен дизайн саласындағы құрылыс нормалар мен ережелер және ұсыныстар енгізілген.
Заңға тәуелді актілер келесі пәндердің оқу бағдарламарына енгізілген: Ветеринарлық істі ұйымдастыру, Шекара мен көліктегі ветеринариялық санитарлық бақылау, Мал өнімдердің ветеринариялық санитариялық сараптау, Жануарлар гигиенасы, Бөгде заттарымен ластану кезіндегі ветеринариялық санитариялық сараптау, Тағам өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау, Аңшылықтың заңнама негіздері, Балық шаруашылығының заңнама негіздері. Экономика кафедрасының оқытушылары Мелешенко Н.Н, Задворнева Е.П. «Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерік» пәні бойынша заңнамалық базасының жинағын дайындаған. ҚР АШМ Орман және аң шаруашылығы комитетінің, Балық шаруашылығы комитетінің заңға тәуелді актілер мен ұсыныстары орналастырылған.
Студенттердің, оның ішінде оқу озаттарының оқу ісіне ынта мен қызығушылығын арттыру үшін жүйелі түрде ынталандыру тетіктері қолданылады. Емтихан сессияларының нәтижелері бойынша үлгерімі жақсы және белсенді студенттерге деканаттар алғыс хаттарды, үздік оқығаны үшін және түрлі іс-шараларға қатысқаны үшін марапаттау қағаздарын табыс етуде. Сессия нәтижелері бойынша үздік студенттердің суреттері Құрмет тақтасына ілінуде.
Университеттегі оқу-әдістемелік қызмет академиялық мәселелер жөніндегі департаменттің ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу жетекшілігімен жүзеге асырылады.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент оқу үдерісін басқару және үйлестіру жүйесіндегі университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Оның мақсаты - оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеу, цифрлық білім беру бейнеконтентін құру, контингентті қалыптастыру және студенттерді қабылдау, студенттерді практикалық оқыту және жұмысқа орналастыру, оқу үдерісінде әкімшілік, консультативтік қызметтерді көрсету, тіркеу және студенттерді аттестаттау.
Ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеудің негізгі міндеттері мен функциялары:
- университеттің Академиялық кеңесі комитеттерінің құрамын қалыптастыру (академиялық сапа жөніндегі комитет, оқу-әдістемелік комитет, академиялық адалдық комитеті, ақпараттық технологиялар жөніндегі комитет);
- университеттің Академиялық кеңесі комитеттерінің және факультеттердің академиялық сапа жөніндегі кеңесінің жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
- оқу-әдістемелік әдебиеттерді басып шығаруды ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау, оның ішінде әдебиеттерді университеттің баспаханасынан шығарудың жылдық жоспарын әзірлеу;
- ПОӘК және ПЭОӘК бойынша профессорлық-оқытушылар құрамының контентін толтырылуын тексеру бойынша жұмыс жүргізу;
- университеттің ғылыми-әдістемелік конференцияларын, оқу-әдістемелік семинарларды, оқу қызметі бойынша онлайн курстарды дайындауды және өткізуді ұйымдастыру;
- офф-лайн және on-line режимінде оқу үдерісінде оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың озық тәжірибесін тарату мақсатында ашық сабақтарды өткізуде оқытушыларға әдістемелік қолдау көрсету;
- ЖОО ішілік комиссиялардың жұмысын үйлестіру: - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі; - рейтингтің бірінші кезеңі және Комиссия1 жұмысын ұйымдастыру;
- оқу-әдістемелік жұмысы бойынша СМЖ құжаттамаларын әзірлеу.
Бөлім құрамы:
Жүсіпова Алмагүл Амангелдіқызы – бөлімнің бас менеджері
Байзақова Арайлым Қозыбағарқызы – менеджер
Насирова Нұргүл Дәулетқызы – менеджер
Бөлім байланыстары:
010011 Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы, 62, бас ғимарат, 3-қабат, 1326 каб.
Байланыс телефондары: 8(7172)38-61-53. Электрондық пошта: ims_dav@mail.ru