БАҚКО жұмысының мақсаты: білім алушыға «бір терезе» қағидасы бойынша оқу-білім беру үрдісіндегі қызмет көрсетулерді жылдам және сапалы түрде ұсыну.
БАҚКО қызметінің қағидалары: студентке бағдарлану, қызметтерді стандарттау, сұрақтарды шешудегі объективтілік, алынған ақпараттың құпиялылығы.
БАҚКО негізгі міндеттері:
- білім алушылардың жеке істерін ресімдеуді орталықтандыру;
- білім алушылардың жеке істерін тиісті сақтау;
- белгіленген нысандар бойынша білім алушылардың барлық санаттарын дербес және статистикалық есепке алу;
- білім алушыларға арналған бұйрықтарды тіркеу және сақтау;
- білім алушыларға қызмет көрсету;
- қатаң есептегі құжаттарды беру;
- әскери есепке тіркеу және әскери есептен шығару;
БАҚКО негізгі қызметтері:
- Білім алушылардың жеке істерін білім берудің барлық деңгейлері бойынша жүргізу.
- Барлық білім беру деңгейлері бойынша білім алушылардан өтініштер қабылдау:
- академиялық демалысқа баруға/академиялық демалыстан шығуға өтініш;
- басқа ЖОО-на, бір оқу түрінен екіншісіне, бір мамандықтан екінші мамандыққа, бір оқу тілінен екінші оқу тіліне ауыстыруға өтініш;
- университетке қайта қабылдау туралы өтініш;
- оқудан шығару туралы өтініш;
- тегін (аты, әкесінің аты) ауыстыруға өтініш;
- қайта оқу курсына өтініш;
- жеке санаттағы тұлғалар үшін ай сайынғы төлем жасауға өтініш;
- ақшаны қайтаруға өтініш;
- Президенттік стипендияға өтініш;
- академиялық ұтқырлыққа өтініш.
- Білім берудің барлық деңгейлері бойынша ресімдеу және беру:
- жаңадан келген немесе қайта қабылданған білім алушылар үшін білім беру қызметтерін көрсету шарты/қосымша келісімі;
- СОБЕС, банк, қаржы орталығы және т. б. мекемелер үшін білім алушыларға берілетін анықтама;
- транскрипт;
- қатаң есептегі құжаттар (аттестаттар, дипломдар, дипломдардың дубликаттары);
- дипломдарға қосымшалар;
- білім алушының жеке ісінде бар құжаттардың көшірмелері.
- Білім берудің барлық деңгейлері бойынша дайындау:
- білім алушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарды;
- оқу жылының басында жетім-студенттерді тамақтандыруға бұйрықты;
- жеңілдетілген жол жүру бойынша өтемақы есептеу жөніндегі бұйрық;
- Президенттік стипендияға бұйрықтарды;
- жазғы және қысқы емтихан сессияларының қорытындысы бойынша босаған білім гранттарына бұйрықты;
- академиялық ұтқырлыққа бұйрықты.
- білім алушылардың жеке істеріне сұраныс хаттарды;
- студенттердің грант бойынша босаған орындарға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарын және ҚР БжҒМ-не құжаттарды уақытында ұсыну;
- тиісті бөлімдерге ұсыну үшін білім алушылардың жеке құрамы бойынша ай сайынғы есеп беру;
- жыл сайынғы статистикалық есеп 3-НК, 1-К;
- қатаң есептілік бланкілерінің қозғалысы туралы жыл сайынғы есеп;
- мемлекеттік білім гранты бойынша оқитын студенттер контингентінің қозғалысы бойынша ай сайынғы есеп;
- Ұсыным:
- университеттің Ғылыми кеңесіне босатылған білім гранттары конкурсына қатысатын білім алушылардың құжаттары;
- университеттің Ғылыми кеңесіне Президенттік шәкіртақы конкурсына қатысатын студенттердің құжаттары;
- ҚР БжҒМ-не қатаң есептілік бланкілеріне (дипломдар және академиялық анықтамалар) өтінімдер.
- Университеттің автоматтандырылған жүйесінде жұмыс:
- білім алушылардың қозғалысы бойынша бұйрықтарды енгізу және тіркеу;
- білім алушылардың жеке істеріне мәліметтерді енгізу;
- диплом қосымшаларын басып шығару;
- білім алушылар контингенті бойынша әртүрлі есептерді қалыптастыру.
- Әскери есеп:
- әскери есепке тұрғызу;
- әскери есептен шығару;
- «№3 қосымша» анықтамасын беру;
- Қорғаныс департаментіне және 2-ші бөлімге есептерді беру.