Басты бет / Ғылым / Жас ғалымдардың кеңесі
Жас ғалымдардың кеңесі

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жас ғалымдар кеңесі ерікті негіздегі тұрақты түрде ұжымдық бағытта  жұмыс атқаратын  ұйым болып табылады.

Кеңес – университеттің жас ғалымдарының  саясатын қалыптастыратын және іске асыратын, әлеуметтік-тұрмыстық мәселер мен кәсіби салаларында   қызуғышылықтарын қорғайтын университеттің жас өкілетті уәкілдерінен құрылған жастар жиналысы. Кеңес 2004 жылдың 24 наурызында университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен құрылды (№16 өкім). «Кеңестің қызметі 40 жасқа дейінгі оқытушылардың оқу-әдістемелік және ғылыми жұмыстарының тиімділігін және нәтижелілігін арттыруға бағытталған.»

Кеңес қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ-ның жарғысына сәйкес, университет қызметін, сондай-ақ демократия, еріктілік, ашықтық, теңдік және өзін-өзі басқару принциптерін қадағалайтын құқықтық құжаттар негізінде  жүзеге асырылады.

Жас ғалымдар кеңесі заңды тұлға болып табылмайды, ол Жас ғалымдар кеңесінің қағидаттарына сәйкес өз қызметін іске асырады.

Кеңес келесі мақсатпен құрылды:

Кеңестің негізгі міндеттері:

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Жас ғалымдар кеңесі бойынша соңғы ережелер 2012 жылдың 13 маусымында бекітілді. Жас ғалымдар кеңесінің құрамы жыл сайын жаңартылып,  С.Сейфуллин  ат. ҚАТУ Басқарма төрағасымен бекітіледі. Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы Университеттің Ғылыми кеңесінің және Ғылыми-техникалық кеңесінің құрамына кіреді.

Жас ғалымдар кеңесінің құрамы 

Университет қабырғасында жыл сайын республикалық ғылыми-тәжірибелік «Сейфуллин оқулары» конференциясы  өткізіледі. ЖҒК мүшелері студенттердің, оқушылардың, магистранттар мен аспиранттардың бөлімшелеріне төрағалық етеді.

Қазіргі уақытта университетте, 251 жас ғалым жұмыс атқарады,  оның ішінде 24 PhD, 28 ғылым кандидаты, 189 магистр.

Байланыс:

000010, Нұр-Сұлтан қ., Жеңіс даңғылы 62, бас ғимарат, 4 қабат, 1408 кеңсе.

Тел.: 8 (7172) 39-59-27

E-mail: smu_seifullin@mail.ru