Академиялық ұтқырлық

Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары білім алушыларға білім беру саласында баға жетпес халықаралық тәжірибе алуға, кәсіби дағдыларын кеңейтуге, халықаралық мәдениетте оқу тәжірибесін алуға және пайдалы тілдік практика алуға мүмкіндік береді. Сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасының екі негізгі түрі бар: кіріс және шығыс.

Кіріс сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарының білім алушылары ҚАТУ-ға оқыған пәндерін қайта есептей отырып, бір немесе екі академиялық триместрге оқуға жіберіледі.

Шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық - ҚАТУ білім алушылары оқыған пәндерін қайта есептей отырып, бір академиялық семестр бойы оқуға шетелдік ЖОО-ға жіберіледі.

Кіріс сыртқы академиялық ұтқырлық туралы:

Егер сіз ҚАТУ-дың әріптес ЖОО-ның білім алушысы болсаңыз және сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқу үшін университет іздесеңіз, шығыстың терең тұстары туралы көбірек білгіңіз келсе және Орта Азия мәдениетіне енгіңіз келсе, ҚАТУ Сізді өз қабырғаларыңызда қуанышпен қарсы алады. Бағдарламаға байланысты сізге ҚАТУ-да тегін оқу және тұру ұсынылуы мүмкін.

Егер сіз жоғары оқу орныңыздың ҚАТУ серіктесі болып табылатынын білгіңіз келсе, онда «Келісімшарттар мен меморандумдар» қосымша бетіне өтіңіз.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Халықаралық ынтымақтастық департаментіне келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызға болады:

Телефон: 8 (7172) 31-77-19

email: international@kazatu.kz

Шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық туралы:

2013 жылдан бастап ҚАТУ-да өз білім алушылары үшін Шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары табысты іске асырылуда. ҚАТУ студенттері Америка, Беларусь, Германия, Литва, Польша, Ресей, Испания, Италия, Түркия, Финляндия, Франция, Чехия және Эстония елдерінің серіктес жоғары оқу орындарында білім алды. Шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқуға ақы төлеу:

Сыртқы академиялық ұтқырлықтың қатысушылары:

Сыртқы академиялық ұтқырлықтың барлық бағдарламалары және оларға қойылатын қосымша талаптар бойынша ақпарат ҚАТУ факультеттері мен кафедраларына таратылады, сонымен қатар университет сайтына қойылады. Қызығушылық танытқан студенттер сізді осы бағдарламалар бойынша тілек білдірушілердің тізіміне қосу үшін кафедраларға хабарласуы керек.

Егер сізді ҚАТУ-дың ынтымақтасатын университеттері қызықтыратын болса, онда «Келісімшарттар мен меморандумдар» қосымша бетіне өтіңіз.

Сондай - ақ, 2016 жылдан бастап Шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқудан өткен ҚАТУ білім алушыларының саны бойынша деректерді тіркейміз - шығыс сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша барлық бағдарламалар 2016-2021 жылдардың жалпы сандары.

Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша халықаралық ынтымақтастық департаментіне келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызға болады:

Телефон: 8 (7172) 31-77-19

email: international@kazatu.kz

Энергетика институты

                                                         

23 ҚАЗАН 2025 ЖЫЛЫ «ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІН БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН КОМПАНИЯСЫ» (KAZAKHSTAN ELECTRICITY GRID OPERATING COMPANY) «KEGOC» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ЖӘНЕ «СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ» КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ АРАСЫНДА ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ  МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Кездесудің мақсаты — «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «KEGOC» акционерлік қоғамы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою. Меморандум жоғары білікті кадрларды даярлау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, инновациялық технологияларды енгізу салаларындағы серіктестік қатынастарды дамытуға, сондай-ақ білім беру жүйесі мен өндірістік сала арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған.

Іс-шара қатысушыларының құрамы

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті (ҚАТЗУ) КеАҚ» атынан іс-шараға келесі тұлғалар қатысты:

Басқарма төрағасы – ректор: Тиреуов Қанат Маратович; Басқарма мүшесі – провост Абишева Роза Джанысбековна; Басқарма мүшесі – студенттік істер жөніндегі проректор: Жазыкбаева Жазира Меирхановна; Аппарат басшысы: Жылкышиева Жазира Жаксылыковна; Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры: Жүргенов Жәкенбай Сарсанбайұлы; Энергетика институтының директоры Мергалимова Алмагуль Каирбергеновна; Энергетика институты директорының ғылыми-зерттеу жұмысы және интернационализация жөніндегі орынбасары Ануарбеков Максат Арганатович; Энергетика институтының білім беру бағдарламаларының жетекшілері.

«KEGOC» акционерлік қоғамы атынан рәсімге келесі тұлғалар қатысты:

HR, құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директор Сафуани Төлеген Есенқұлұлы; Адам ресурстарын басқару және әлеуметтік-еңбек қатынастары департаментінің директоры Омаров Болатбек Болемисұлы.

Іс-шара барысы

Іс-шараны ашып, сөз сөйлеген Басқарма төрағасы – ректор Тиреуов Канат Маратович университет пен Қазақстанның энергетикалық саласының жетекші компаниялары арасындағы ынтымақтастықты дамыту маңыздылығын атап өтті.

Одан кейін Басқарма мүшесі – Provost: Абишева Роза Джанысбековна университеттің қызметі, ғылыми жетістіктері және білім беру бағдарламалары туралы презентациямен баяндама жасады.

«KEGOC» АҚ атынан сөз сөйлеген HR, құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директор Сафуани Төлеген Есенқұлұлы жас мамандарды энергетикалық секторда даярлау үшін оқу орындарымен өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың дамыту бағыттарын талқылады, оның ішінде бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, студенттер үшін тәжірибелер мен стажировкаларды ұйымдастыру, сондай-ақ KEGOC сарапшыларын университеттің білім беру бағдарламаларына тарту мәселелері қаралды.

 

 

Меморандумға қол қою

Меморандумға қол қою рәсімі «С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректоры Тиреуов Қанат Маратович пен «KEGOC» АҚ HR, құқықтық қамтамасыз ету және тәуекелдерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Сафуани Төлеген Есенқұлұлы арасында өтті.

 

Ресми бөлімнен кейін жалпы фотосуретке түсу рәсімі өтті, бұл кездесу өзара құрмет пен жемісті ынтымақтастыққа дайындық атмосферасында аяқталды.