Басты бет / Университет / Біз туралы / Университет тарихы
Университет тарихы
М.А. Гендельман

«Тың аймағында жаңа жоғарғы оқу орынның салынуы маңызы жағынан  ірі оқиға болды. Бұл осы өңірдегі  жоғарғы орындарының ата-анасы іспеттес еді. Жоғары оқу орны белсенді қызмет ететін ғылыми мектептер мен олардың шоғырланған орны ретінде қарастырылды. Ең басты бағыт тек ауыл шаруашылығы саласының мамандарын дайындайтын ЖОО емес, сонымен бірге бізге білікті ғалымдар да қажет болды.

1957 - 1981 жж.
1982 - 1990 жж.
1991 - 2000 жж.
2001 - 2011 жж.
2012 ж. – осы уақытқа дейін.
6 кезең/ 2023 жылдан бастап
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Университет тарихы – бұл бір-бірін рет-ретімен алмастырған қалыптасу кезеңдері мен динамикалық дамудан тұрады. Алғашқыда үш факультеттен құрылған институт зерттеу университетіне айналып, тек солтүстік өңірдің ғана емес, сонымен қатар елдің ғылыми және оқу орталығы болып қалыптасты. 

Ақмола аграрлық университеті

Орталық және Солтүстік Қазақстанның ең ірі аграрлық ЖОО, Астана қаласының бірінші жоғары оқу орны.Солтүстік Қазақстанның тың және тыңайған жерлерін игеру кезінде ауыл шаруашылығы саласында мамандар қажет болғандықтан осы оқу мекемесі ашылды. Солтүстік және орталық Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылығы өндірісі үшін мамандарды кеңінен дайындау мақсатында КСРО Министрлер Кеңесінің 1987 жылғы 3 қазандағы Қаулысы және СССР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 1957 жылғы  9 қазандағы бұйрығы бойынша Ақмола ауыл шаруашылығы институты келесі факультеттерімен құрылды: агрономиялық, ауыл шаруашылығын механикаландыру және жерге орналастыру.

С. Сейфуллин атындағы қазақ аграрлық университеті

Білім беру бағдарламасының сапасына негізделген Ұлттық аккредитациялау және рейтинг агенттілігінің тәуелсіз рейтинг нәтижесі 2014 жылы мемлекет бойынша ҚАТУ-дың 30 білім беру бағдарламалары (жалпы санының 37%) ең үздік алғашқы үштікке енді. Олардың 12 бірінші орынды иеленді. Бұл өз кезегінде Қазақ агротехникалық университетін ұлттық жоғарғы оқу орындары қатарында 5-ші орынға шығарып, университет тарихында болмаған үздік нәтижеге қол жеттік.   

С. Сейфуллин атындағы қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті

Білім беру үдерісі 889 оқытушылармен жүргізілсе, олардың ішінде 83 ғылым докторы және 376 ғылым кандидаттары мен 18 РhD докторды құрайды. Профессорлы-оқытушылық құрамның ғылыми дәрежелілігі 53% құрайды.

Жарты ғасырдан астам уақытта елдің түрлі саладағы агроөндірістік кешені үшін 60 мыңнан астам біліктілігі жоғары мамандар даярланды. Олар өздерінің орасан еңбектерімен мемлекет экономикасының дамуына беделді үлес қосып және өз қызметтерін жалғастыруда. Университет өз түлектерімен мадақтанады, олардың ішінде Президент Әкімшілігі және Премьер-Министр кеңсесінің қызметкерлері, ҚР Сенат және Мәжіліс Парламенттерінің депутаттары, елшілер, көрнекті ғалымдар, ғылым докторлары мен кандидаттары, облыс, қала және аудан Әкімдері, ірі кәсіпорындар мен аграрлфқ кешендердің басшылары мен әртүрлі халық шаруашылығының мамандары бар.    

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

2012 жылдан бастап Қазақ агротехникалық университетінің дамудағы негізгі басым қызметі - ғылым болды. Университеттің стратегиялық мақсаты: ауыл шаруашылығы саласындағы заманауи зерттеу университетіне кезең-кезеңімен көшу. 

2013 жылда 23 мамырында шетел инвесторларының Пленарлық  мәжілісінде Қазақстан Республикасы-ның Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  алғаш рет ҚАТУ қабырғасында  «Назарбаев Университеті» үлгісі бойынша ауыл шаруашылығы саласында халықаралық деңгейдегі зерттеу университетін қалыптастыруға ұсыныс берген еді.   Сол уақыттан бастап ҚАТУ-ды реформалау жұмыстары басталып кетті.

С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық зерттеу университеті

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінде 2024-2029 жылдарға арналған жаңа Даму бағдарламасы әзірленді, ол университеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі трендтерге баса назар аудара отырып, оны трансформациялаудың кезекті кезеңін көрсетеді. 

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТЗУ жаңа миссиясы - білім беру сапасы мен қолжетімділігі бойынша көшбасшы, пәнаралық зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер орталығы болу.

Мақсаты - ҚазАТЗУ-да әлемдік және өңірлік контекстке интеграцияланған қазіргі заманғы академиялық және зерттеу экожүйесін қалыптастыру.

ҚазАТЗУ дамуының негізгін құрамдас бөліктері:  
- ғылыми-зерттеу қызметі мен жаңа білім өндірісіне негізделген академиялық жүйе;
- қолжетімді сапалы және әртүрлі жастағы білім беру;
- қоғам мен экономикаға әсерін барынша арттыру. 

1
Университеттің профессорлар құрамы

С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ Қазақстан Республикасының 2015 - 2019 жылдарға арналған индустриальды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары үшін кадрларды дайындайтын елдегі 10 базалық ЖОО қатарына кіреді. Қазақ агротехникалық университетінің басым секторлары болып «Ауыл шаруашылығы машина жасау», «Тағам өнімдерін өндіру» анықталған.

 

QS World University Rankings® 2014/15 агенттілігінің әлемдік университеттер рейтингісінің нәтижесі бойынша ең үздік ЖОО 701+ тобына кіреді; Ұлы Хартия университеттерінің толық құқылы мүшесі және бұл өз кезегінде оны біртұтас еуропалық білім беру кеңістігін қалыптастыруда негіз бола алады.

Бүгінде ҚАТУ

өзі профессорлы-оқытушылық құрамның арқасында жасалған негізі бар өзінің ғылыми мектептері қалыптасқан көп бейінді университет. 

Қазіргі уақытта университетте 44 кафедра жұмыс істейді. Сегіз факультетте он мыңнан астам студент бакалавриаттың 37 мамандығы, магистратура 31 мамандық және PhD докторантура  9 мамандық бойынша оқытылады.  

Білім беру үдерісі 889 оқытушылармен жүргізілсе, олардың ішінде 83 ғылым докторы және 376 ғылым кандидаттары мен 18 РhD докторды құрайды. Профессорлы-оқытушылық құрамның ғылыми дәрежелілігі 53% құрайды.