Басты бет / Университет / Түлектер / «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің даму қоры» қоғамдық қоры
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің даму қоры» қоғамдық қоры

2012 жылдың 8 маусым күні С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде оқу орнының 55 жылдығы қарсаңында «Түлектер ынтымақтастығының университет имиджі мен дамуындағы үлесі» тақырыбында форум өткізілді.

55 жылдық тарихы бар кешегі Целиноград ауылшаруашылық институтының, бүгінгі Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің беделі де білім ордамыздың қабырғасынан шыққан түлектердің қол жеткізген кәсіби жетістіктерімен бағаланбақ.

Бұл бағытта университет түлектерінің толайым табыстарын мақтана айтуға болады. Бүгінде аграрлық, техникалық бағыттағы кәсіби мамандардың алдыңғы қатарын университет түлектері иеленеді. Бұл – университет ұжымының мақтана айтар жетістігі.

Бүгінде университет алдында үлкен міндеттер тұр. Осындай міндеттерді, әлеуметтік мәселелерді шешуде өз түлектерінің және сапалы маман дайындауға қызығушылық танытқан белсенді азаматтардың қолдаулары әркез қажет.

Осы мақсатта ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің түлегі, профессор Ж.З. Есхожиннің атынан құрылтайшы ретінде «Темір Банкте» «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің даму қоры» қоғамдық қорының есеп шоты ашылды.

Форум соңында «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін дамыту» қоғамдық қоры ашылып, Қамқорлық кеңесінің құрамы бекітілді және Резолюция қабылданды.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті Түлектер форумының резолюциясы
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті даму Қоры» Қоғамдық Қорының Жарғысы

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің даму қоры» қоғамдық қорының реквизиттері:
БИН 070740004377
Кбе 16
Адрес: Республика Казахстан, г. Астана, проспект Победы 62
АО "Народный Банк Казахстана"
БИК  HSBKKZKX
KZ446010111000037373  KZT
АО «Казкоммерцбанк»
БИК  KZKOKZKX
KZ359261501150581004
КНП  для оплаты
          855    Операционный лизинг (текущая аренда)
          856   Коммунальные услуги (проживание)
          861   Образовательные услуги
          890   Прочие платежи